Бөлімі: Педагогтің аты жөні



Дата01.07.2024
өлшемі47 Kb.
#203507
Байланысты:
3-сынып кмж


Бөлімі:




Педагогтің аты жөні:

Муканова М.Б.

Күні:

1.02.23

Сынып:

3

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы:

Ұлы Дала сал -серілері



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

3.1.3.3 - музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату
3.3.1.1 - өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай білу

Сабақтың мақсаты:

Музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтайды және ажыратады
өз шығармашылық жұмысын көрсетеді, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі. «Он саусақ» әнін үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы


Музыкалық сәлемдесу.
Сә-ле-мет-пе балалар!
Здравствуйте ре-бя-та!
Hello chil-dren!


1 тапсырма.Тыңдау және талдау.

  • Суретке қарап,басқа да атақты әнші, сал серілерді,ақындарды, күйшілерді, композиторларды ата.

  • Олардың атақты болуына қандай қасиеттері әсер етті?

  • Өзің неге қызығасың?

  • Қалай атақты болуға болады?

2-тапсырма. Ақпарат іздеу.
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) – әнші ғана емес, ақын және композитор. Көкшетау өлкесінде дүниеге келген. Оның «Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Он саусақ» әндері халық арасында кеңінен тараған. Біржанның өнерін қадірлеген халық оны «Біржан сал» деп атаған. Сал- жан-жақты өнерлі адам (ақын, әнші, композитор, суырыпсалма т.б.). Оның әндері асқақ, биік, төгіліп орындалады.
2-тапсырма.Талдау және тыңдау
«Он саусақ» әні
Біржан Сал.
Домбырам күйге келер бұрауменен,
Келмейді сөз жүйесі құрауменен.
Гүлденген бәйшешектей қайран жастық,
Келмейді, а-хау, қайта айналып сұрауменен.
Қайырмасы:
Он саусағым бір баспай.
Жүрмін қалай жер баспай.
Жиын-тойдың ішінде
Ән саламын осылай.

  • Әннің сөзі мен орындауына назар аудар.

  • Әннің шумағы мен қайырмасының орындалуында қандай ерекшеліктер бар?

3-тапсырма.Орындау
«Он саусақ» әнін орындау.
Қайырмасы:
Он саусағым бір баспай,
Жүрмін қалай жер баспай?
Жиын-тойдың ішінде
Ән саламын осылай,
Ай, ги-ги-гай, ги-ги-гай.
-Ән қайырмасын бірте-бірте тездете орында.
Ұрмалы музыкалық аспаптармен сүйемелде.
4-тапсырма. Зерттеу.
-Біржанның «Он саусақ» әнінің қайырмасын нотаға қарап орында.
-Әннің өлшемін анықта.
-Әндегі ноталар ұзақтығын ажырат.
-2/4 өлшеміне дирижерлеп, әнді орында.
5-тапсырма. Таныстыру және бағалау.
Өз орындауыңды таныстыр және салыстырып бағала.
Үйге тапсырма:
Біржан салдын «Он саусақ» әнін әуенімен орындау және жаттау.
РЕФЛЕКСИЯ
-Мен не білдім?
- Бүгін мен не үйрендім?
- Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
-Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым



Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді.
Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді және жаңа сабаққа назар аударып, берілген сұрақтарға жауап береді.

Дәптермен


сұрақтарға жауап береді

Бір -бірін бағалау


«Он саусақ» әнін орындайды

Қойылған сұрақтарға жауап береді.



Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі

Дескриптор нәтижесінде «Үш шапалақ»тәсілі арқылы бағаланады





Бейнеролик
оқулық
Оқулық
Оқулық, нота хрестоматиясы, үн-бейне хрестоматия
Фламастерлер Қарандаштар Журналдар Газеттер

Музыка оқулығы


Интернет ресурстары


Рефлексия тақтайшасы






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет