1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық ахуал туғызу. «Тамаша » тренингін өткізу.
- Бүгін қандай күн ?
- Көңіл- күйіміз қандай ?
- Бүгінгі сабақ қалай өтеді ?
- Қандай баға аламыз ?
3.Топқа бөліну. «Мозайка құрастыру».
Топтағы «Уақыт сақшысы» «Бағалаушы», «Топ басшы» оқушыларды анықтауды топ мүшелеріне ұсынады.
Формативті бағалау жүргізіледі. (Оқушылардың бір- бірімен қарым – қатынасы, жылдам әрекет ету дағдысы, ұйымдастырушылық, сыйластық яғни ынтымақтастық атмосферасы бағаланады).
4. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен кезең бойынша білімдерін тексеру.
А) «Көпір тапсырмалары» стратегиясын пайдаланып, оқушылармен өткен материалдарды қайталау, осы сабақпен байланыстыру сұрақтарын қою.
1. Роза Бағланова кім ?
2. Роза Бағаланованың орындаған әндерін атаңыз .
3. «Ақмаңдайлым» әнінің сөзін және музыкасын жазған кімдер ?
4. Композитор дегеніміз кім ?
5. Қандай композиторларды білесіңдер?
Ә) Ой шақыру стратегиясы.
«Өз елім» әнін тыңдау,
Суреттер бойынша оқушылардың ойлары мен тұжырымдарын тыңдайды, бағалайды. (Оқушыларға слайд арқылы Н.Тілендиевтің суреттері көрсетіліп, әні тыңдатылып жетелеуші сұрақтар қойылады )
Формативті ( өткен материалды қаншалықты меңгергендігі, жаңа сабақпен байланысын анықтай ала ма, қай жерде тұралау «минустар» бар, кері байланыс жүргізу, сабақтың келесі қадамын,мақсатын анықтау, «Бағдаршам» стратегиясы ) және жиынтық (бағалау критериілері балдық жүйе) бағалау жүргізіледі.
5. Мақсат қою- кезеңі.
6. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
А) ИНСЕРТ стратегиясы.Топ жұмысын формативті және жиынтық бағалауын жүргізеді
Ә) Топтық жұмыс . Мәтінмен жұмыс.
«Н.Тілендиев күйлері » , «Н.Тілендивтің әндері», «Өмірбаяны»
Мұғалім әр топтың жұмысына сырттай бақылау жасап , формативті бағалайды.Оқушылардың жұмыстарының дұрыс тұстары мен қате кеткен жерлеріне тоқтап , бағыт – бағдар беруші , жетелеуші болады.
В) Сергіту сәті . «Кел билейік! Оқушылардың бойын жазып,сергуіне әсер етеді. Өзіде қимыл- әрекеттерді қайталайды.
8. «Әлемді әнмен шарлау» стратегиясы
1. Жаңа ән «Асыл әжем» әнін тыңдату ;
2. Әнді фраза бойынша үйрету ;
3.Әнді акапелла үйрету ;
9.Сабақты бекіту.
«Эссе жазу» Сабақ бойынша түсінгендерін, әдеби тілде жеткізу. Оқушының бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендігін зерттейді, зерделейді. Өзінің және оқушының минустарын анықтайды. Формативті және жиынтық бағалау жүргізеді.
10. Үйге тапсырма. «Өнерін өнеге еткен Н.Тілендиев» күйлері жайында шығу тарихы жайында мәліметтер жинақтап келіңдер, «Асыл әжем» әнінің сөзін жаттау.
11.Бағалау критерийлері арқылы оқушыларды бағалау
- Өткен сабақты жаңа тақырыппен байланыстыра біледі -1 балл ;
- Н.Тілендиевтің өмірбаянын біледі – 1 балл ;
- Шығармашылығын біледі – 1 балл ;
- «Асыл әжем» әнін фраза бойынша орындай алады -1 балл ;
- «Асыл әжем» әнін акопеллада орындай алады -2 балл – Әндегі ньюанстарды сақтай біледі -2 балл ;
- Музыкалық терминдерді сауатты пайдалана алады- 2 балл ;
- Дәлелді пікір айта алады – 2 балл.
«3» баға 1-5 балл
«4» баға 6-9 балл
«5» баға 10-12 балл
12. Рефлексия.
«Бәрі тамаша !»
«Тағыда ән айту керек еді »
« Ән айту қандай қиын...»
- Бүгін не ұтымды шықты ?
- Оқушылар нені игеріп, нені игермеді ?
-|Ертеңгі қадамым мен мақсатым қандай болмақ ?
(пән мұғалімі жазба түсіреді)
«Асыл әжем» туралы оқушылардың тұжырымдамаларын тыңдау
|