Болса, айырмашылығы сол анықтаудың əртүрлілігімен, яғни сын



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата25.03.2022
өлшемі0,86 Mb.
#136724
  1   2   3   4
Байланысты:
Темірхан Аяжан
7 Рецептов


60
болса, айырмашылығы сол анықтаудың əртүрлілігімен, яғни сын 
есімдердің зат есімдерді сапалық белгісі, түр-түсі, қасиеті жағынан, 
ал сан есімдердің зат есімдерді сан-мөлшері, реті, шамасы жағынан 
анықтауымен сипатталады.
Сөз таптары жүйесінде сан есімдер, негізінен, белгілі бір заттық 
ұғымдар мен құбылыстардың нақты санын, ретін, мөлшерлік, 
болжалдық, бөлшектік есебін айқындау үшін қолданылады. Жал-
пы алғанда, сандық ұғымды білдіретін сөздер заттың əрі нақтылы 
сандық мөлшерін, əрі абстрактілі сан атауын да білдіру қызметін 
атқарады. Мысалы,
 төрт, он, отыз
– абстрактілі сан атауы;
 төрт 
ай, он күн, отыз бала
– нақты сандық ұғым. 
Тілімізде семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін, 
бірақ сан атауы ретінде қолданылмайтын сөздер де бар. Мұндай сан 
мағыналы сөздерді ғалым Ə. Хасенов үш түрге бөледі: 1) сан есімнің 
тура, яғни дəл сан мағынасын білдіретін сөздер; 2) абстрактілі сан 
ұғымды сөздер; 3) счеттік (нумеративтік) сөздер. «Қазақ грамма-
тикасында» мұндай сөздерді салмақ, көлем, қалыңдық, қашықтық, 
ұзындық жəне т.б. топтарға бөліп көрсетеді. Аталған сөздер сандық 
ұғымда қолданылғанмен, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне 
қарай сан есімдерден басқа сөз таптарының ішінде қарастырылады. 
Сан есім – өзіне тəн арнайы грамматикалық категориясы жоқ, 
сондықтан түрленбейтін сөз таптарының бірі. Ғалым Н. Оралбай 
сан есімдердің осы ерекшелігін сөздерді таптастырудың екінші 
ұстанымына (морфологиялық) сəйкес келуі не келмеуі тұрғысынан 
саралап, сан есімдер таза сандық мағынада қолданылғанда зат есім 
парадигмалары бойынша түрленетіндігін атап көрсетеді. Мысалы: 
бесті беске қосса, он болады.
Сан есімдер түрленбейтін сөз табы бола 
тұра, оның кейбір мағыналық топтарының септік, көптік жалғаулары 
арқылы жасалатыны туралы қалыптасқан тұжырымдар бар. Осын-
дай тұжырымдарды Ы. Маманов өз тарапынан саралап, құрамында 
шығыс септігі жəне көптік жалғауы бар сан есімдердің мағынасына 
талдау жасайды. Ғалым жалпы грамматикаларда 
бестен үшті алса, 
екі қалады
дегендегі 
бестен
сөзін шығыс септік деп, 
оқушыларға 
дəптерді бестен, қарындашты екі-екіден үлестірді
дегендегі 
бес-
тен, екі-екіден
сөздерін мағыналық ерекшелігіне бағындырып
топтау сан есімі деген атпен екінші категорияға жатқызатындығын 
айтады. Сондай-ақ есептік сан есімдердің 
-лар/ -лер
қосымшасы 
жалғанған түрін болжалдық сан есім деп атап, оны өз алдына 
сан есімнің жеке семантикалық тобы деп үйрету, осы тəрізді бір 


61
грамматикалық форманы контекстегі немесе түбір сөздің семанти-
касына байланысты туатын əртүрлі мағыналарына бағындырып, əр 
жеке грамматикалық құбылыс деп қараушылық түркі тілі грамма-
тикаларында жиі кездесетіндігіне назар аудартады. Соның негізінде 
көлемдік-мекендік септіктер мен көптік форманың контекске жəне 
түбір сөздің семантикасына сəйкес əртүрлі мағыналық қырлары 
болатындығын дəлелдеп, сан есімнің шығыс септік формасы (
бес-
тен, бес-бестен
) мен көптік формасын (
ондар, жүздер
) мағынаға 
бағындырып, грамматикаларда бірін топтау сан есімі, екіншісін 
болжалдық сан есім деп атап, сан есімнің лексика-семантикалық 
топтарына жатқызу ғылыми тұрғыдан негізсіз екендігін анықтайды.
Ғалымның сан есімнің мағыналық топтарының құрамындағы 
мұндай қосымшаларды «сөз тудырушы емес, сөздің грамматикалық 
формасын жасаушы бірліктер санатына жатқызуы» сан есімдер 
құрамындағы грамматикалық формалардың мағыналық қырларын 
кеңінен қарастырудың қажеттілігін көрсетеді. 
Морфологиялық құрамы жағынан сан есімдер дара жəне күрделі 
болып бөлінеді. Дара сан есімдерге негізгі жəне туынды сан есімдер 
жатады. Сан есімдердің басты ерекшелігі оның басқа сөз таптарынан 
жасалмауы болғандықтан, туынды сан есімдер негізгі сан есімдерге 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет