"Боран" жабық акционерлік қоғамы балық консервілеу зауытымен одан балық консервісінің үлкен пкртиясын сатып алу жөнінде келіссөзді бастайды



Дата21.12.2022
өлшемі17,33 Kb.
#163590
Байланысты:
азаматтық 3
Силлабус ПЖЭХ 1504-11, 1507-11,21,31, саясат, Scan 14 мая 22 · 00·23·19, бөж, философия Эссе, әлеуметтану, азаматтық 4, 598978, Ералиев Ерсұлтан , 8-ші сабақ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
Заң” факультет
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу” кафедрасы

СӨЖ



Тақырыбы: Азаматтық құқықтан есептер шығару
Қабылдаған: Блашева М.Т
Орындаған: Мақұлбек А
Тобы: ЮМ-21-1к6

ШЫМКЕНТ 2022
1– есеп
“Боран” жабық акционерлік қоғамы балық консервілеу зауытымен одан балық консервісінің үлкен пкртиясын сатып алу жөнінде келіссөзді бастайды. Сатушы тауарды сатудың шарты ретінде тауардың тұтас партиясы үшін ақы төленуін талап етеді. Сатып алушы тауар төлемін басқаша қамтамасыз етуге, атап айтқанда, үшінші ұйым тарапынан кепілдік алып беретінін айтады. Кепіл беруші қарсы болмайды.
Алайда балық консервілеу зауыты кепілдікті қабылдамай, “Боран” ЖАҚ директорына Азаматтық Кодексте кепілдік міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдіс ретінде қаралмағанын айтады. Сондықтан да ол сатушының өз уақытында ақша алуын қамтамасыз ететін қандай да бір басқа жолын тандап алуды ұсынады.
Мәселені шешу үшін тараптар заң кенесшісіне келесі сұрақтар бойынша түсініктемелер беруін сұрайды:
1) Қазіргі заманда міндеттемелрдің орындалуын қамтамасыз ететін қандай әдістер қарастырылған?
2) Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдіс ретінде кепілдікті қолдануға бола ма?
3) Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің таңдап алынған әдісі жөнінде тараптар келісімі қалай жасалады?
4) Негізгі шарт жасасқан тараптар, кейіннен қамтамасыз етуші міндеттемені қолдану жайында келісе ала ма?
Жауабы: Қазіргі уақытта міндеттемелерді орындаудың әдістері: Айып төлеу
Айып төлеу арқылы өз міндеттемесінен құтылуы мүмкін. Шартқа байланысты екі тарап арасында келісім болады.
Кепілдік міндеттемені қолдануға болады. Яғни белгілі соманы төлей алмаса кепіл ретінде мұлік беруіне болады.
Екі тарап арасында келісім жазбаша нысанда жасалады. Шартқа байланысты келісім жасалады.
2 - есеп
Несие шарты бойынша қарыз алушы адам әрбір кешіккені үшін өз уақытында өтелмеген суманың 20%-ін төлеуге міндеттенеді. Қарыздың 75%-ін өтеп, қарыз алушы қалған соманы қайтаруды үш айға кешіктіреді, соған байланысты несие беруші қарыздарға шартта қарастырылған айыпты төлеу жөнінде талап қояды.
Қарыз алушы талап арызда баяндалған жағдайға қарсы болмай, соттан оны айып төлеуден босатуды сұрайды, өйткені айып мөлшері қалған қарыз сомасынан 15 еседей асады, қарыздың негізгі бөлігі өз уақытында өтелген, қазіргі уақытта ол жұмысынан айрылып, материалдық тапшылық көруде.
Сот қандай шешім қабылдауға құқылы ?
Жауабы: Сот борышкердің жағдайын ескере отырып кредит төлеу уақытын соза тұруға үкім шығарады. Кредитке мониторинг жариялауға уақытша каникул сұрауына болады, Егер ол мүлде кредитті төлемесе онда сот мүлкін тәркілеуге мәжбүр болады.
3 - есеп
Кішігірім оңтүстік қалаға экспедицияда жұмыс істеу үшін қызмет сапарына жіберілген Мәуленов, экспедициядан таяу жерде орналасқан үй иесімен экспедицияда жұмыс істеу кезінде 3 ай бойы оның үйінде Мәуленовтың әулеті: әйелі мен кішкентай ұлы тұратыны жөнінде келіседі. Тұрған орны үшін ақыны Мәуленов сол кезде-ақ төлейді, ол жөнінде үй иесі қолхат беріп, алынған соманы кепілпұл деп атайды.Бірнеше күннен соң Мәуленовтың әулеті келеді, бірақ үй иесі немересі келетінін күтіп жүренін түсіндіріп, оларға тұрғын орын беруден бас тартады.Мәуленовқа қолхат бойынша алған сомасын қайтарып береді. Алайда Мәуленов, алынған соманы екі есе мөлшерде қайтарып беруді талап етеді, өйткені ол кепілпұл ретінде берілген болатын. Оның үстіне ол әулеттің жол шығындарын өтеуді талап етеді. Талап етілген соманы ала алмай, Мәуленов сотқа барады.
Сот қандай шешім шығаруы тиіс ?
Жауабы: ҚР Азаматтық кодекстің 338 бабының 2 тармағына сәйкес Мәуленовтың шығынын өтеуге міндетті

4 – есеп
Саттаров банктен несие сұрайды да, оның кепіліне өзінің үйі мен үйге жанасып жатқан жер учаскесін салады. Тараптар арасында екі шарт – несиелік шарт және кепіл туралы шарт жасалады.


Алайда, көп ұзамай Саттаровқа кепіл туралы шартын сауда-саттық шартына алмастыру ұсынылады. Ондай алмастырудың мақсатқа сәйкестігін банк өкілі үй мен жер кепілі екі рет тіркеледі, ал несиенің қайтарылмау жағдайында оларды сату үшін сот шешімін алуды талап ететінін айтып түсіндіреді. Оның бәрі үлкен машақатпен және қосымша шағындарды қажет етеді. Несие шартымен бір мезгілде сауда-саттық шартына қол қою банк үшін анағұрлым қолайлы, ал Саттаровтың мүддесіне кепілдік ретінде, егер де ол өз уақытында банк алдындағы қарызын өтесе, онда банк Саттаровқа үйді өзіне қайта сататын болып міндеттеме алар еді.Саттаров заңгерден міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін жылжымайтын мүлікті кепілге беру жөнінде түсініктеме беруді сұрайды.
Заңгер қандай түсініктеме беруі тиіс?
Заңгер ҚР Азаматтық кодексіне сүйене отырып 325 бап бойынша кепіл туралы шартты түсіндеруі қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет