Банк құқығы пәні бойынша дәріс
Тақырып 1. Банк құқығының түсінігі және жүйесі
Банк және банк қызметінің түсінігі.
Банк жүйесі
Банк құқығының қайнар көздері
Банк деп – банктік қызметі жүзеге асыруға құқығы бар коммерциялық ұйым болып табылады.Банк қызметінің заты – ақшалар, валюталық құндылықтар және өзге де қаржылық қаражаттар жатады.
Банк қызметі – қоғамның мемлекеттің мүдделерімен қажеттігін қамтамасыз етуге бағытталған банк жүйесін мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға (пайдалануға) бағдарланған барлық банктердің қызметі болып табылады.Банк қызметінің мақсаты – тенге тұрақтылығын қамтамасыз ету, қорғау, Қазақстан Республикасының банк жүйесін нығайту дамыту, есеп айырысу жүйесінің тиімділігі мен ұтымдылығын қамтамасыз ету.
Банк қызметі «Қазақстан Республикасы банктері мен банк қызметі туралы» 31.08.1995ж заң күшіне енген жарлығына сәйкес банк операцияларын, сондай-ақ банктердің басқа операцияларды өткізу болып табылады. Заң күшіне енген 17.04.1995ж «Лицензиялау туралы» президенттің жарлығына сәйкес банк операциялары, банк заңдарына сәйкес басқа да операцияларды, валюталық операциялар заңына сәйкес шетел валютасы операцияларын, клирингтік және есептеу ұйымдар қызметін, банк қызметінің аудиторлық тексеруін жүзеге асыру міндетті түрде лицензиялауға жатады.
«Банктік құқық» сұрағы бойынша көптеген көз қарастар бар. М.М. Агарков банктік құқық негізінен банкке арналған сауда құқықғының арнаулы бөлігі деп есептейді. И.С. Гуревич банктік құқық қаржылық құқықтың ерекше саласы деп есептейді. Л.Г. Ефимов басқа көзқарасты ұстанады. Банктік құқық қаржылық, әкімшілік және азаматтық құқықтардың түйісуінде қалыптасқан, комплексті құқықтық институт.
Әдістері мемлекеттік басқару органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде, оның банк операциясының бөлек түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдармен қарым қатынасында кең қолданылады.
Банктік заңнама мемлекеттік банктердің банктік қыщ\зметі аясындағы туындайтын қоғамдық банктік қатынстарды реттейтін заңнамалық актілердің жиынтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасының Заңы - мемлекеттік монеталық билігін және мемлекеттік банктік менеджметті Қазақстан республикасының қаржы, ақша-кредит, сыртқы экономикалық қызмет саясатына сәйкес жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның Даму банк туралы Қазақстан Республикасының Заңы - Қазақстанның Дамубанкінің ққықтық мәртебесін, міндеттері мен функциясын белгілей отырып, оның инвестициялық қаржылық қызметінің (операцияларының) ерекшеліктері менмақсаттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы - елдегі резидент және резидент емес коммерциялық банктердің, мемлекеттік банктердің, мемлекет арлық банктердің банк және лицензиялау – рұқсат беру жүйесіндегі ұйымдастырылу, құрылу және құқықтық мән жайларын, банк қызметін( операцияларымен мәмілелерін), банктік қызметке ықпал ету шараларын, банктік қызметті инспекциялау тәртібін, банктерге қолданылатын санкцияларды, банктік құпияны, банктік есепке алу жән есептілік мән жайларын регламенттейді.
Ақша төлемі мен аударымы туралы Қазақстан Республикасының Заңы - Қазақстан Республикасындағы ақша төлемі мен аударымн, яғни азаматтық құқықтық мәмілелер бойынша төлем жасау шартына сәйкес ақша төлемін немес аударымын, банктік немее банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өз клиентінің тапсырмасы бойынш ақша аударымын, сондай-ақ ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізетін ақша төлемін және аударымын жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды ртетейді.
Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының Заңы - банктерге және банктік қызметке қатысты ережелері-принциптерін, яғни осы салалардағы банктік операцияларды лицензиялау, мемлекет тарапынан білгілі бір іс әрекетті дицензиялауға байланысты қатынастарды ретейді
Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттк тарихты қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы ( банктік кредиттеуге қатысты) - елдегі кредиттк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырылу негіздерін айқыдауға, кредиттік бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға, тоқтатуға байланысты қоғмдық қатынастарды, осыаядағы мемлекетік реттеу, бақылау және қадағалау ерекшшеліктерін реттейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (банктік қызметтің принциптері ) - ерекше бөліміндегі банктік қызмет көрсету деп аталатын 38 тарауының құрылымы бойынша банк саласында жүзеге асырылатын шарттар туралы көзделген.
Қазақстан Республикасының бюджет кодексі мемлекеттік және мемлекет берген қарыз алу мен борышқа байланысты ережелері бойынша , бюджеттік қаражаттардың құрылуына және пайдаланылуына орай Қазақстан Ұлттық банкіжүзеге асыратын банктік қызметті мемлекеттік және мемлекет берген қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқаруды регламенттейді
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының Заңы - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау барысында туындайтын қоғамдық қатынатарды реттеуге, сондай-ақ ҚР қаржы жүйесінің тұрақтылығын қаматамасыз теу, қаржылық қызмет көрсету және осы қызметті тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу жөнінде жағдайлар жасауға, банк жүйесіндегі адал бәсекелестікті дамытуға және монополизмді шектеуге бағытталған.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Қазақстан Республикасының Заңы – ҚР ауқымындағы валюталық құндылықтармен жасалатын түрлі валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент және резидент емес банктердің қызметіне, уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың түрлі операцияларына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ резидент және резидент емес банк жүргізетін валюталық операцияларды жүзеге асыру принциптерін белгілейді, валюталық рынокты валюталық реттеу және валюталық бақылау мақсатын, міндеттерін, тәртібін айқындайды.
№
Достарыңызбен бөлісу: |