Ботулизм Ботулизм



бет1/4
Дата14.10.2022
өлшемі83,69 Kb.
#152938
  1   2   3   4

Ботулизм

Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-инфекциялық ауру.

  • Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-инфекциялық ауру.
  • Ботулизм –барлык елдердегідей, Қазақстанда да ботулизммен аурудың басым көпшілігі (89%) үйде дайындалатын тағам өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, көкөніс консервілері, үйде дайындалған балықтар т.б.) пайдалануымен байланысты.

Этиологиясы.

  • Қоздырғышы – Clostridium botulinum – Clostridium тегіне, Bacillacea тұқымдастығына жатады. Бұл қоздырғыш анаэробты, спора түзетін таяқша. Антигендік құрылымы бойынша токсиннің 7 түрін ажыратады А, В, С, Д, Е, Ғ, С. Соның ішінде адамға зиянды төртеуі ғана — А, В, Е, Ғ.
  • Өсуі мен токсин түзуінің оптимальді температурасы 28-35°С. Споралар өте төзімді: 100°С температурада 5сағаттан кейін, ал 120°С температурада 30 минут ішінде өледі. Клостридияның вегетативті түрі ботулотоксин бөледі.
  • Қоздырғыштың вегетативті түрлері кайнатқаннан кейін 2-5 минутта жойылады.

Эпидемиологиясы.

  • Ботулизм кезінде қоздырғыштың негізгі резервуарлары:
  • жылықанды жануарлар (көбінесе шөпқоректілер)
  • салқынқанды (балықтар, шаян тәрізділер, моллюскалар)
  • сыртқы орта (жер қыртысы, көлдердің, теңіздердің лайы).
  • Ботулизмнің 3 түрі бар:
  • тағамдық ботулизм
  • жарақаттық ботулизм
  • нәрестелердің ботулизмі

Ең жиі кездесетін түрі — тағамдық ботулизм.

  • Ең жиі кездесетін түрі — тағамдық ботулизм.
  • Жұғу жолы: алиментарлы, токсин дамыған тағамдық азықтар арқылы (үйде консервіленген ет, көкөністер, саңырауқұлақтар, үйде тұздалған сан еті (окорок), тұздалған және қақталған балық. 

Жарақаттық ботулизм әртүрлі жарақаттанған тері арқылы жұғуы мүмкін.

  • Жарақаттық ботулизм әртүрлі жарақаттанған тері арқылы жұғуы мүмкін.
  • Топырақпен бірге түскен споралар шартты анаэробты жағдай туылған кезде вегетативті түріне ауысып токсин түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет