Бруцеллез бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін, клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т
Бруцеллез - бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.
Бруцеллездің негізгі ауру көзі - жануарлар, сондықтан зооноздар тобына жатқызылған. Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар. Таралу механизмі: фекальды-оральды. Берілу жолдары: қатынас арқылы (зақымдалған тері), алиментарлық, ауа-шаң (аэрогенді)
Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.
Контактілі жол бруцеллез ошақтарында жиі кездеседі. Бұл инфекцияның басты патогенетикалық ерекшелігі – бруцеллалардың жүкті жануарлардың жыныс мүшелеріне жэне даму барысындағы үрықтың тіндеріне жоғары троптылығында. Жыныс аппаратында қоздыргыштың көбеюі ұрықтың өлуіне, түсік тастауға, эндометриттің, маститтің дамуына әкеп соғады.
Алиментарлы жол шикі және термиялық өцдеуден шала өткен малшаруашылық өнімдер (сүт, әсіресе ешкі сүті, сүт өнімдері - қаймақ, ірімшік, уыз, шашлык, стейк, т.б.) аркылы жүзеге асады. Ешкі - кой типті бруцеллардың ірі қара малға көшуінің (миграция феномены) жиі кездесуіне байланысты сүт факторы қала тұрғындарының арасында, асіресе балалардың арасында бруцеллездіц таралуына маңызды орынға ие.
Аэрогенді жол малды қырыққанда, жүнді сұраптағанда, тараганда, жануарларды ұстайтын қораларды тазалағанда, малшаруашылық шикізатты өндегенде, қаракөл қозылардың терісін өндегенде, сүйек - ет ұнын өндіргенде, лабораторлық жолмен шаң арқылы ену нәтижесінде жүзеге асады. Жүнде, теріде сақталу жагдайына байланысты бруцеллалар 1 айдан 4,5 ай тіршілігін сақтайды. Жануарладың бұл шикізат түрі бруцеллар ауру жануарлардың артүрлі бөлінділері арқылы жеңіл залалданады. Әсіресе түсік тастаған, өлі туылған немесе 2-3 күндік каракөл қозылардың терісі қауіпті.