Бурханова арайлым 7-040 Тұрғындардың денсаулығы және оған әсер етуші факторлар. Демографияның медико-әлеуметтік аспектілері



Дата16.12.2021
өлшемі36,13 Kb.
#101783
Байланысты:
7-040 БУРХАНОВА А. А. 1 кредит
Unknown, ХронСердНедост 2, 1-3 дәріс, мотивация, Назыыым

БУРХАНОВА АРАЙЛЫМ 7-040

Тұрғындардың денсаулығы және оған әсер етуші факторлар. Демографияның медико-әлеуметтік аспектілері.

Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру және халықтың денсаулығын нығайту, сол сияқты белгілі бір жағдайларда медициналық көмек көрсету, оны алдын алу өз мақсатына жеткен жоқ. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау осыған байланысты дүние жүзіндегі осы саланың дамуына негізгі бағыт алады. Реформалаудың негізгі бағыты болып: ғылыми дәлелденген медицина позициясынан алдыңғы қатарлы денсаулық сақтау сапасынын бағалауды әдістеу, басқарушылық жүйесінде өзгерістер енгізу, денсаулық сақтауда эпидемиологиялық мәліметтерді іріктеп талдау және шешім қабылдау модельдерін әдістеу, сол сияқты медицина қызметкерлерінің популяциялық деңгейде денсаулықты нығайту қағидаларын, қажеттілігі бойынша алдын алу бағдарламаларын енгізу болып табылады. Осы қызметтер денсаулық сақтау жүйесінде ең қажетті бөлімдері болып табылады. Денсаулық - мақсат емес, ол әл-ауқатқа жету ретінде, жалпы жағдайдың, психиканың, мәдениет және рухани қажеттіліктерге жету жағдайы.

Денсаулық ұғымы ДДСҰ анықтамасы бойынша тек ауру мен физикалық дефекттердің болмауы ғана емес сонымен қатар толық физикалық, жан-дүниелік және әлеуметтік жағымдылық.

Индивидуальді денсаулық жеке адамның динамикалық жағдайы, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.

Ал папуляциялық денсаулық мемлекеттің маңызды экономикалық және қоғамдық потенциалы, санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, мүгедектік көрсеткіші т.б. факторлар арқылы анықталады.

Жалпы папуляциялық денсаулық тың қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымы папуляция денсаулығын қоғамдық денсаулықтың бір деңгейі ретінде қарастырады.

Денсаулықты бағалаудың әдістерінде қабылданған көрсеткіштерді қолданамыз. Яғни медико-демографиялық процесс, аурушаңдық, мүгедектік және физикалық даму көрсеткіштері.

Басты бағалау көрсеткіштері жалпы туылу мен арнаулы туылу, өлім, ана өлімі, бала өлімі, нәресте өлімі, неонатальді өлім, өлі туылу, тірі туылу және жалпы өсім коэфиценті, сонымен қатар жедел миокард инфарктісі, стационарлық летальді көрсеткіштер, жалпы және біріншілік аурушаңдық пен өмір сапасы бағаланады.

Медициналық демография халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым.

Демографиялық статистикалық көрсеткіштер тұрғындар денсаулығын бағалауда, көбею заңдылықтарын, тұрғындар саны мен құрылымы негізінде денсаулық сақтау кадрлары мен ұйымдарын жоспарлау, орналастыру және болжауда, медициналық-әлеуметтік шаралардың тиімділігін бағалауда қолданылады.

Қоғамдық денсаулықты ңығайту мақсатында, аурушылдықты алдын-алу және емдік шараларды негіздеп қолдану бағыттардың бірі болып есептеледі. Көптеген мемлекеттердің денсаулықты қорғау «Денсаулық барлықтары үшін XXI ғасырда» саясаты бойынша ДДҰ қабылдаған әдістемесінде, халық денсаулығын қалыптастыру негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын материальды-техникалық базаларды нығайту, салаларды бекіту, біріншілік медико-санитарлық көмекті халықтың кең қабаттарына жеткізу алға қойған негізгі мақсат.


МЕДИКО-ӘЛЕУМЕТТІК КӨРСЕТКІШТЕРДІ БАҒАЛАУ
----1----







ҚОРЫТЫНДЫ: А. қаласындағы «Жалпы аурудың» көрсеткіші 81877,4 құрады.

----2----









ҚОРЫТЫНДЫ: 500850 тұрғыны бар М. қаласында 2010 жылы «Туу» көрсеткіші 11,7 және «Өлім» көрсеткіші 0,2 құрады.

----3----





ҚОРЫТЫНДЫ: 2015 жылы Н-облысындағы «Ана өлімі» көрсеткіші 21,8 құрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет