1 дәріс Кіріспе. Материалдық нүктенің кинематикасы Механика



бет1/11
Дата26.10.2022
өлшемі362,75 Kb.
#154949
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-3 дәріс


1 дәріс
Кіріспе. Материалдық нүктенің кинематикасы


Механика – қозғалыстың ең қарапайым түрлерінің заңдылықтарын, дене қозғалысының кеңістікте уақыт өтіуіне байланысты немесе олардың бөліктерінің бір-біріне қатысты орын ауыстыруын зерттейді Механика зерттелетін қозғалыстың сипатына қарай: кинематика, динамика және статика болып үш түрге бөлінеді.
Кинематика -қозғалысты тудыратын немесе оны өзгертетін себептерге тәуелсіз қозғалыс заңдылықтарын қарастыратын механиканың бөлімі. Теориялық зерттеулер кезінде практикалық есептерді жеңілдететін физикалық модельдер пайдаланылады. Осындай модельдің бірі ретінде берілген есепте өлшемін және пішінін есепке алынбайтын дене – материялық нүкте болып табылады. Мысалы, Күннің айналасында планеталардың қозғалыс заңдылықтарын зерттеу барысында оларды материялық нүкте деп қарастыруға болады.


Материялық нүкте қозғалысының кинематикалық сипаттамалары


Таңдап алынған санақ жүйесінде уақытқа тәуелді қозғалатын А материялық нүктенің күйі үш координатпен беріледі (1.1- сурет), оның координаталары уақыт өтуіне байланысты өзгереді немесе басқаша айтқанда уақыттың функциялары болып табылады, яғни

(1.1)

Осы теңдеулерден уақытты шығарып, материялық нүкте қозғалыс траекториясының теңдеуін аламыз. Траектория деп нүктенің кеңістікте жүріп өткен сызығы (геометриялық нүктелер жиыны) айтылады. Траекторияның пішініне байланысты қозғалыс түзу сызықты және қисық сызықты (шеңбер бойымен, парабола бойынша, кез келген қисық сызық бойынша қозғалыс) болып бөлінеді. Материялық нүкте қозғалысының (1.1.)-теңдеудегі үш түрлі скалярлық теңдеулерді бір ғана векторлық теңдеумен алмастыруға болады;
(1. 2)
мұндағы - координаттар басынан берілген нүктеге дейінгі жүргізілген радиус-вектор. Кез келген механикалық қозғалыс есептерін қарастырғанда нүктенің басып өткен жолы немесе радиус-векторы уақытқа тәуелді функция болады. Материалық нүктенің АВ қисық сызықты траекториясы бойымен өткен қозғалысын қарастырайық (1.2-сурет). Берілген уақыт аралығында өтетін траекторияның АВ бөлігі жол ұзындығы деп аталады. Жол ұзындығы – скаляр шама, уақыт функциясы болып табылады. Қозғалатын нүктенің бастапқы күйінен оның берілген уақыт мезетіндегі күйіне дейінгі жүргізілген вектор орын ауыстыру векторы деп аталады. Дененің түзу сызықты қозғалыс жағдайында орын ауыстыру векторы траекторияның сәйкес бөлігімен дәл келеді және орын ауыстыру жүрілген жолына тең болады.

1.1-сурет 1.2-сурет




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет