1 дәріс Кіріспе. Материалдық нүктенің кинематикасы Механика



бет5/11
Дата26.10.2022
өлшемі362,75 Kb.
#154949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-3 дәріс
7-040 БУРХАНОВА А. А. 1 кредит, Unknown, ХронСердНедост 2, мотивация, Назыыым
Ньютонның екінші заңы: егер бір денеге екінші дене әсер етсе, ол дененің күйі өзгереді, яғни үдеу алады. Қозғалыстың өзгеру бағыты әсер етуші күш бағытында болады. Денелердің өзара әсері күш арқылы анықталады. Күштің әсері арқылы алатын дененің үдеуі осы күштің шамасына тура пропорционал және дене массасына кері пропорционал болады:
(2.1)
Күш-денеге басқа денелер жағынан немесе өрістер жағынан механикалық әсерлердің өлшемі болып табылатын векторлық шама. Күштің әсерінен дене үдеу алады немесе өзінің өлшемін және пішінін өзгертеді, яғни деформацияланады.
ХБЖ жүйесінде күштің өлшемі – Ньютон (Н). 1 Ньютон – күш әсерінің бағытында массасы 1 кг денеге 1 м/с² үдеу беретін күш:
1Н=1кг∙1м/с²
Ньютонның екінші заңын басқа түрдегі өрнекпен беруге болады. Ол үшін үдеу екендігін еске түсірейік. Сонда (2.1) өрнегі келесі түрге келеді:
(2.1, а)
Ньютон механикасында дененің массасы дененің қозғалыс күйіне тәуелсіз тұрақты шама деп есептелінеді, сондықтан (2.1, а) теңдеуінде массаны дифференциал таңбасының ішіне енгізуге болады
(2.2)
векторы импульс (дененің қозғалыс мөлшері) деп аталады немесе -векторы импульстің элементар өзгерісін көрсетеді.
(2.2) теңдеуін басқа түрде берейік: немесе
. (2.3)
векторы аз аралық уақыт ішіндегі элементар күш импульсі деп аталады.
(2.3) теңдеу динамиканың негізгі заңдарының бірі болып табылады: дене импульсінің элементар өзгерісі оған әсер ететін элементар күш импульсіне тең.
Мұндағы денеге әсер ететін барлық күштердің қорытқы шамасына тең болады, яғни:

(2.3) теңдігін мына түрде жазуға болады:
. (2.3а)
Соңғы өрнек Ньютонның екінші заңының жалпы түрі: материялық нүктенің импульсінің өзгеру жылдамдығы оған әсер ететін күшке тең.(2.3) өрнегі материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі деп аталады.
Ньютонның үшінші заңы: бір дененің екінші денеге әсері - өзара әсер сипатында болады, денелердің өзара әсер күштері модульдері бойынша тең және бағыттары бойынша қарама-қарсы болады, яғни
. (2.4)
Бұл күштер әртүрлі денелерге әсер етеді, сондықтан денелер қозғалысқа келеді. Күштің әсер ету нүктесін дәл анықтау, оның физикалық шама ретінде ерекшелігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет