Жұмыс және қуат
Жұмыс – энергияның қандай да бір түрінің басқа түріне өзгеруін сипаттайтын негізгі физикалық шамалардың бірі болып табылады. Жұмысты энергия ретінде қарастыруға болмайды, ол тек қана энергияның өзгеруін сипаттайды.
Материалды нүктеге әсер ететін (3.1-сурет) тұрақты күштің жұмысы орын ауыстыру шамасы мен оның бағытындағы күш проекциясының көбейтіндісі арқылы анықталады.
A=FScosα=FSS (3.9)
(3.9) өрнегі тұрақты күш және түзу сызықты жол жағдайында дұрыс келеді. Бұл теңдеуді орын ауыстыру -тің скалярлы көбейтіндісі түрінде жазуға мүмкін:
α
3.1-сурет
Жұмыс - алгебралық шама. α бұрышының шамасына байланысты ол оң, теріс немесе нольге тең болуы мүмкін. кезеңінде күш жұмысы оң, бұл жағдайда FS құраушысы жылдамдық векторымен бағыты бойынша сәйкес келеді; егер болса, онда жұмыс теріс шама (мысалы, үйкеліс күшінің жұмысы). Егер болса, жұмыс нольге тең. Бұл жағдайда күш және орын ауыстыру өзара перпендикуляр.
Айнымалы күш жағдайында ол әрі модулі және әрі бағыты бойынша өзгеруі мүмкін. Жұмысты есептеу үшін, жол элементар орын ауыстыруға бөлінеді, әрбір бөліктің әрқайсысында күшті тұрақты деп есептеп, ал нүктенің түсу нүктесінің қозғалысы түзу сызықты болады деп есептеледі.
Содан кейін әрбір элементар орын ауыстырудың элементар жұмыстары есептелуі керек.
элементар күштің орын ауыстырудағы жұмысы скаляр шама болады:
(3.10)
3.2-сурет
Берілген жағдайда орын ауыстыру модулі ds элементар жолға тең:
Траекторияның ақырғы бөлігіндегі жұмысты табу үшін (3.2-сурет) элементар жұмыстарды қосу керек. Бұл қосынды нәтижесінде интегралды береді.
(3.11)
Интегралдау барлық S жол бойынша алынады. (3.10) өрнек бойынша жұмысты есептеу үшін 1-2 траектория бойындағы FS - тің S -тен тәуелділігін білу қажет.
Жұмыстың өлшемі - джоуль (Дж). 1Дж жұмыс – 1 Н күштің 1м ара қашықтықтағы істеген жұмысына тең шама, яғни 1Дж =1Н∙м.
Қуат
Қуат дегеніміз уақыт бірлігінде істелетін жұмыс, яғни
(3.12)
Егер dt уақыт ішінде күші жұмыс жасаса, онда берілген уақыт моментіндегі осы күштің қуаты
(3.12a)
Қуат скаляр шама.
Қуаттың өлшемі – ватт (Вт). 1Вт қуат деп, 1секунд ішінде істелетін 1Дж жұмысты айтады, яғни 1Вт =1Дж/с.
Достарыңызбен бөлісу: |