C сатуға арналған өнім өндірілетін шаруашылық; d барлығы тек өздері тұтыну үшін өндірілетін шаруашылық



Дата04.06.2024
өлшемі22,2 Kb.
#203154
Байланысты:
экономика.209(3)


1. Натуралды шаруашылық – бұл...
А) адамдар үшін натуралды өнімдерді өндіруді ұйымдастыру;
B) машиналар қолданылмайтын, қол еңбегі пайдаланылатын өндірісті ұйымдастыру;
C) сатуға арналған өнім өндірілетін шаруашылық;
D) барлығы тек өздері тұтыну үшін өндірілетін шаруашылық;
E) өнімдері жартылай өздері тұтыну үшін, жартылай тауар айырбасы үшін өндірілетін шаруашылық.
2. Тауар шаруашылығы – бұл...
А) жетілген машиналар мен құрал-жабдықтар қолданылатын шаруашылық
В)Өндіретін өнімдерді жоғары көлемді шаруашылық
С) Сатуға арналған тауарлар мен қызметтер өндірісін ұйымдастыру
Д) Шаруашылықтың ішкі қажеттіліктері үшін жоғары сапалы тауарлар өндірісін ұйымдастыру
Е) Қол еңбегін кеңінен пайдаланатын өндісті ұйымдастыру
3. Ақша - бұл:
А) келісім жасау үшін қолданылатын қаржылық актив;
В) тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған
заңды төлем құралы;
С) бағалылық қоры, есеп бірлігі, айналым құралы
және төлем құралы;
D) барлық жауап дұрыс.
4.Төмендегілердің қайсысы ақшаның маңыздырақ
міндеті болып табылады?
А) айналым құралы;
В) жинақтау құралы;
С) құн өлшемі;
D) кейінге қалтырылған төлемдер шарасы.
5. Нарық – бұл...
А) ақшаның қолданылуына негізделген және эконо-
микалық мәселелерді тиімді шешуді қамтамасыз ететін,
сатып алушылар мен сатушылар арасындағы ерікті
айырбас қатынастарының жүйесі;
В) сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынастар
жүйесі;
C) айырбас саласындағы әлеуметтік-экономикалық
қатынастар жиынтығы;
D) нақты тауардың сатып алушылары мен сатушыла-
рын біріктіретін кез келген институт немесе механизм;
E) барлық жауап дұрыс.
6. Нарықтық экономикада «кім үшін өндіру керек»
А) сұраныс көлемімен;
В) ұсыныс көлемімен;
C) тұтынушылардың табысымен;
D) өндірушілер арасындағы бәсекемен.
7. Нарықтық реттеу міндеті қай кезде көрінеді?
А) өндіріске қатысушылардың экономикалық байла-
ныстарынан пайданы анықтауда;
В) тиімді өндіріс құрылымын қалыптастыруда;
С) құн мен баға арасындағы байланысты анықтауда;
D) тауарға сұраныс жөніндегі дұрыс мәліметті беруде.
8. Нарықтық экономикада ... мүмкін емес.
A) ең жоғарғы табыс алу;
В) өндіріс шығындарын ең төмен деңгейге жеткізу;
С) күнкөріс деңгейі төмен отбасыларға қайтарылмай-
тын көмек көрсету;
D) барлық адамдарды бір деңгейлі өмірмен қамтамасыз ету.
9. Кәсіпкер – бұл:
А) үнемі жаңашыл адам;
В) өндіріс құралдарының иесі;
С) меншік иесі, ұйымдастырушы, басқарушы;
D) бизнесті ұйымдастыруға қаржы беретін адам;
E) менеджер.
10. Ұлттық Банк қай міндетті орындамайды?
А) соңғы сатыдағы несиеші;
В) қаржы байбаламын болдырмау;
C) тұрғындардан салымдар қабылдау;
D) ресурстарды толық жұмысбастылықпен және ақша
жиынын бақылау арқылы төмен инфляциямен қамтамасыз ету;
E) үкімет банкиры.
11. Несиенің негізгі қағидалары:
А) қайтымдылық, ақылық, жеделдік, қамтамасыздық, мақсаттылық;
В) толықтық, жеделдік, ақылылық, қайтымдылық,дербестік;
С) қайтымдылық, толықтық, қамтамасыздық, жеделдік, ақылық;
D) ақылық, нақтылық, мақсаттылық, қайтымдылық,жеделдiк, дербестік;
E) ақылы, жедел, қайтымдылық, әр жақты.
12. Төмендегі түсініктердің қайсысының экономикалық циклдың кезеңдеріне қатысы жоқ?
A) инфляция;
в) рецессия;(өрлеу)
С) құлдырау;
D) жандану.
13. Экономикалық циклға қатысты қай тұжырымдұрыс?
A) іскерлік белсенділіктің ең жоғарғы нүктесі – бұл бум;
В) құлдырау - бұл депрессия кезеңі;
C) тұтынушылық шығындар – жиынтық шығындар-
дың ең тұрақсыз компоненті;
D) барлық жауап дұрыс емес.
14.экономикалық цикл немен байланысты?
A) тек сыртқы факторлар әрекетімен;
В) тек ішкі факторлар әрекетімен;
С) жиынтық шығындар динамикасына әсер ететін
факторлармен;
D) жиынтық өнім көлеміне әсер ететін факторлармен;
E) жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс динами-
каларына әсер ететін факторлармен,
15. Қай құбылыс экономикалық өрлеу сатысына сәйкес келеді?
А) негізгі капиталға инвестициялардың азаюы;
В) табыстардың артуы;
C) салықтық түсімдердің азаюы;
D) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы көлемінің артуы.
16.Fылыми айналымға «макроэкономика» түсінігін алғаш енгізген ғалым:
А) Дж.М.Кейнс;
В) Р.Фриш;
С) П.Самуэльсон;
D) С.Кузнец.
17. Макроэкономиканың ғылым ретінде негізін салушы:
А) Дж.М.Кейнс;
B) А.Маршалл;
C) А.Смит;
D) К.Макконнелл.
18. Макроэкономика экономикалық теорияның дер-
бес тарауы ретінде қашан пайда болды?
А) ХІХ ғасырдың басында;
B) ХІХ ғасырдың аяғында;
C) ХХ ғасырдың 30-ы жылдарының ортасында;
D) XX ғасырдың 60-ы жылдарының басында.
19.Макроэкономика оқытпайтын мәселеге не жатады?
A) экономикалық өсу;
В) жұмыссыздық;
C) ақша айналымы;
D) монополистік бәсеке.
20. Микроэкономикамен салыстырғанда, макроэкономика:
А) талдауларда шекті шамаларды қолданбайды;
В) салыстырмалы бағаларға емес, абсолютті бағаларғасүйенеді;
С) еңбек нарығын зерттейді;
D) «барлық тепе-теңдік жағдайында» принципін қолданады.
21.Микроэкономикадан ерекшелігі, макроэкономика:
A) экономикалық құбылыстар арасындағы себептісалдарлы байланыстарды зерттейді;
В) нарықтық экономикадағы экономикалық агенттердің, өрекетін оқытады;
C) өзіне ақша теориясын енгізеді;
D) экономикалық процестерді түсіндіру үшін үлгілерді қолданады,

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет