XIX - ғасырдың І-ші жартысында Англиядағы қоғамдық саяси алғышаттар.
XIX- ғасырдың І-ші жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму дэрежесі.
XIX- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылық практикасының даму дәрежесі.
Чарлз Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуынына көптеген ғылыми және қоғамдық экономикалық алғы шарттар себеп болды. XIX - ғасырдың І-ші жартысында Англиядағы қоғамдық саяси алғы шарттар. Қогамдық - саяси алғы шарттарга XIX ғасырда Англия экономикасының жылдам дамуы жатады. Ғылымның дамуы негізінен саяси-тарихи прогрестің деңгейімен анықталды. Эволюциялық ілімнің отаны Англия. Өйткені XIX ғ. оратасында капиталистік саяси қатынастар тұрақталды. Англияда капитализмнің жаңғыруы, машина өндірісінің дамуы, Британия империясының колониялы жүйесінің артуы болды. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы, ауыл шаруашылығының шикі затына сұраныстың артуына себепкер болды.Сол кезде Англия өнеркөсіптік және ауыл шаруашылық өндірістердің деңгейі бойынша да, басып алынған және меңгерілген отарлардың саны бойынша да дүние жүзінде көшбасшысы болды. Бұдан басқа, өсіп келе жатқан өнеркәсіптік өндіріс, әсіресе көмір өндіру және шойын мен болат қорыту геологияның дамуына желеу болды.