«Цифрлы Қазақстан»шағын зерттеу жұмысы Орындаған: Кемелбекқызы Бүлдіршін



Дата14.04.2020
өлшемі1,3 Mb.
#62480
Байланысты:
Цифрлы Қазақстан
3 лекция-3, 15 сем Умбет Ж, нкб

«Цифрлы Қазақстан»шағын зерттеу жұмысы

Орындаған: Кемелбекқызы Бүлдіршін

  • “Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты”. Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат.- деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады.

“Цифрлы Қазақстан” бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар.


Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру.

Екінші бағыт– экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу.


“Цифрлы Қазақстан” бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар.


Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру.

Төртінші – IT мамандарды даярлау.


  • Цифрлы технологияның халқымыздың жар­тысы ауылда тұрып, сол жерде нәпақа­сын айырып отырған ауыл шаруа­шы­лығы саласына да берері көп. Әлем­ге бел­гілі «Microsoft» компаниясының қожа­­йы­ны Билл Гейтс ойлап тапқан «Оракул» деген компьютерлік бағдарлама ауылшаруашылық жерлерінің хал-ахуалын санаулы ғана уақыт ішінде талдаудан өткізіп, қандай жағдайда екенін айтып бере алады. Дәл қазір Қазақстанда егістік пен жайы­лымның көбі жекенің қолында және пайдаланылмай жатқаны белгілі. Ал аталған бағдарлама сол жер иелері­нің кім екенін, жерді қанша уақыттан бері пайдаланбай жатқанын анықтай алады. Цифрлы технология бұдан бөлек денсау­лық сақтау және білім беру сала­ларын­да да қол­даныста. Биыл оны жетіл­діру мақ­са­тын­да Қазақ­стан мектеп­терінде электрон­ды күн­делік қолданысқа енгізілді. Соны­мен қатар, педагогтар да атқарған жұмыс­та­ры­ның есебі мен жос­парларын қағаз кү­йін­де емес, электронды үлгіде тапсыра алады.

Қорытынды

  • Әлемнің дамыған елдерін алып қарасақ, барлығы онлайн жүйеге көшкен. Барлық дүниені жасанды инттелект, роботтар, компьютерлер, смартфорлар көмегімен білім де, ақпарат та алып жатырмыз. Дерек көздері пайда болғаннан бастап жұмыс реті жеңілдеп қалды десек те болады. Заман ағысы әлемлік цифрлық жүйе арқылы алға жылжып, көптеген жетістіктерге жетіп жатыр. Жаңашылдықты қолданып қана қоймай,оны тиімді пайдалану арқылы біз бәсекелестікті арттыра аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет