Corel Draw графикалық редакторының құрал саймандар панеліндегі құралдардың атқаратын қызметі туралы түсіндіру, көрсету, әрбір құралмен жұмыс жасауға, зертханалық тапсырмаларды орындауға нұсқау жасау



бет1/3
Дата29.06.2017
өлшемі296,72 Kb.
#20570
түріСабақ
  1   2   3
«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК

Сабақ



Күні

Топ

28

12.12.2015

245













«БЕКІТЕМІН»

Колледж директорының ӨОІЖ

орынбасары

Б. Б. Самалбаев


Мамандығы:

Электрондық есептеуіш машиналарының операторы


Сабақтың тарауы:


Corel Draw графикалық редакторы


Сабақтың тақырыбы:

Құрал-саймандар панелі

Сабақтың мақсаттары:



а) Білімділік:


Corel Draw графикалық редакторының құрал - саймандар панеліндегі құралдардың атқаратын қызметі туралы түсіндіру, көрсету, әрбір құралмен жұмыс жасауға, зертханалық тапсырмаларды орындауға нұсқау жасау;



ә) Дамытушылық:

Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, ой-өрісін және Corel Draw графикалық редакторымен жұмыс жасау дағдыларын дамыту;


б) Тәрбиелік:

«ЭЕМ-операторы» шеберханасында тәртіп және техника қауіпсіздігін сақтауға, компьютермен ұқыпты, дұрыс жұмыс жасауға және ұйымшылдыққа, ынтымақты болуға, өзара көмек қолын соза білуге, түсінбеген жерлерін сұрап, ізденіп үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың материалдық-техникалық құралдармен және көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі:

Компьютер, проектор, интербелсенді тақта, жергілікті желі, интернет, Corel Draw графикалық редактор бағдарламасы, зертханалық тапсырмалар.


Сабақ өткізілетін орын:

№304-«ЭЕМ-операторы шеберханасы»



Сабақты өту әдісі:

Түсіндіру, көрсету, зертханалық тапсырмалар орындату.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ


Берілетін уақыт:

270 минут


Пәнаралық байланыс:

Информатика, сызу.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

а) Студенттермен сәлемдесу

ә) Студенттерді түгендеу

б) Студенттердің құрал-жабдықтарын, сабаққа дайындықтарын тексеру

в) Студенттердің зейіндерін сабаққа аудару. (бейнебаян «1-Техника қауіпсіздігі туралы» көрсетіледі)

II. Кіріспе нұсқау: (42 минут)


  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Сабақ тақырыбы: Құрал-саймандар панелі

Сабақ мақсаты: Corel Draw графикалық редакторының құрал - саймандар панеліндегі құралдардың атқаратын қызметі туралы түсіндіру, көрсету, әрбір құралмен жұмыс жасауға, зертханалық тапсырмаларды орындауға нұсқау жасау.


  1. Өткен материалды пысықтау

1-қатар:

    1. Welcome to Corel Draw (Corel Draw бағдарламасына қош келдіңіз) панелінде бағдарламаны ашудың қанша режимі берілген? Әрқайсысына жеке-жеке тоқталып түсіндіріп беріңдер.

    2. Corel Draw бағдарламасының жаңа құжаты ашылған кездегі алғашқы терезесін таныстырыңдар.

    3. Құжаттың жұмыс жасау аймағы қайда бейнеленеді? Ол неше бөлімнен тұрады?

2-қатар:

  1. Құжат навигаторы қандай формадағы белгі түрінде берілген? ол құжаттың жұмыс терезесінің қай жерінде орналасқан? Қызметін көрсетіңдер.

  2. Corel Draw бағдарламасында құжаттарды сақтау, ашу біз білетін бағдарламалармен қандай ұқсастық және айырмашылықтары бар?

  3. Corel Draw бағдарламасында құжатты қарау масштабы қалай орындалады? Қарау шегі қай аралықта болады?




  1. Жаңа тақырып бойынша нұсқау беру

Corel Draw бағдарламасындағы құрал–саймандар панелі деп бір жерде топтастырылған (негізгі және бірнеше қосымша панелдері) және құжаттағы объектіні қалыптыстыруға және өңдеуге өте қажетті амалдарды орындауға мүмкіндік беретін басқару батырмаларының жиынтығын айтады. Мұндай батырмалар қызметші құрал–саймандар деп аталады.

1–суретте Corel Draw бағдарламасындағы құрал–саймандар панелінің құрамына кіретін барлық қызметші құрал–саймандар бейнеленген. Мұнда негізгі блок панелі сол жағында, ал қосымшалары оң жағында тұрады.







Corel Draw X4



Corel Draw X3

1 –сурет
Негізгі құрал–саймандар панелі әлбетте экранда бейнеленеді, ал қосымша панелдері негізгі панелдерінің құрал–саймандарының орнын ауыстырған кезде ғана ашылады.

Егер кейбір панелдердің ұяшықтарында бірнеше құрал–саймандар орналасқан болса, онда оның оң жағындағы төменгі бұрышында кіштентай қара белгісі бар белгі тұрады. Егер көрсеткішті осындай белгіге орналастырып және тышқанның батырмасын шертсек немесе көрсеткішті ұяшықтың кез–келген жеріне орналастырып, тышқанның батырмасын басып тұрған күйде бірнеше уақыт ұстап тұрсақ, онда экранда берілген ұяшыққа байланысты, қосымша құрал–саймандар панелі бейнеленеді. Таңдалынған құралды негізгі панелге орналастыру үшін, онда оған көрсеткішті орналастырғаннан кейін тышқанның батырмасын басу керек. Нәтижесінде көрсетілген құрал негізгі құралдар блогының ұяшығында орын алады және оның батырмасы белсенді күйде болады, ал қосымша панелі жабылады.

Corel Draw бағдарламасының құрал-саймандар блогымен жұмыс жасау үшін келесі ерекшеліктерін қарастыру керек: егер қандай да бір осы панелдердің біреуі ашық болса және қара белгісі бар негізгі панель блогының ағымдағы ұяшықтан басқа ұяшыққа көрсеткіштің орынын ауыстыратын болсақ, онда осы ұяшыққа байланысты қосымша панелі ашылады, ал алдында ашылған панель жабылады.

Бағдарламада құрал–саймандар блогының орналасу ретімен Corel Draw X4 бағдарламасының қызметші құрал–сайманын қарастырайық (негізгі панель үшін жоғарыдан төмен және қосымша панель үшін солдан оңға қарай), құралдардың батырма бейнесін және жылдам іске қосу пернелеріне тоқталайық:



  1. - (Указатель - Таңдау, меңзер) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бірінші ұяшығында тұрады. Жылдам пернесі жоқ. Бұл құрал келесі 3 амалды орындау үшін арналған:

  • Бір немесе бірнеше объектіні ерекшелеу үшін;

  • Таңдалынған объектіні құжат аймағына қатысты орнын ауыстыру;

  • Объектіні трансформациялау (масштабтау, бұрылыс және иілгіші).

Объекті тобын ерекшелеу үшін, әрбір объектіні «Shift» пернесін басып тұрып бір рет шертуді орындау керек немесе осы объектінің барлығы ерекшелеп тұратын төртбұрышты аймақты (тышқан батырмасын басқанда) құру керек. Объектінің орнын ауыстыру үшін тышқанның батырмасын басу арқылы орындалады, ал осы трансформация ерекшеленген маркер көмегімен орындалады.

  1. - (Форма - Пішім) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының екінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Ғ10». Бұл құрал екі функцияны орындайды.
    Каталог: sabaq-kz -> attachment
    attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
    attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
    attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
    attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
    attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
    attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
    attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
    attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет