Дайындаған: Молдашева Ә. Топ: ҚТӘ 202 Тексерген



Дата29.12.2021
өлшемі18,49 Kb.
#106198
Байланысты:
Неология 1апта срсп Молдашева Ә ҚТӘ202
Аулада

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

университеті



ОСӨЖ №1

Неология ғылымының зерттелуі



Дайындаған: Молдашева Ә.

Топ: ҚТӘ 202

Тексерген:Қарағұлова Б.С.

2021 жыл


Х ғасырдың соңғы ширегін неологиялық серпіліс кезеңі деп атаушылар да кездеседі. Бұл жайдан жай емес. Тілдің жаңғыруы немесе тілдегі неология үдерісі – тіл жүйесінің жалпы даму компонентінің бірі.

Ең алдымен неология саласының әлемдік лингвистикада зерттелуіне тоқталайық. Бұл мәселеге орыс ғалымдары ХХ ғасырдың екінші жартысында мән бере бастады. А.А. Брагинаның, Р.А. Будаговтың, Е.В. Розеннің, Н.И. Фельдманның, Г.О. Винокурдың, В.Г. Гактың еңбектерінде негізгі мәселелер айтылды. Бұл зерттеулерден «сөздік құрамның баюы үздіксіз жүріп отырады; жаңа ұғымды білдіретін сөздер неологизмдер деп аталады; олар жалпы қолданысқа түсіп, тілде бекіп, неологизм сипатынан айрылады» деген дәстүрлі және кейінгі теориялық-практикалық пікірлерге тіреу болған анықтамаларды кездестіреміз.

Орыс тіл білімінде Ю.С. Сорокин мен Н.З. Котелованы орыс тіліндегі жаңа сөздердің неографиясын қалыптастырған ғалымдар деп есептеуге болады, олар И.А. Бодуэн де Куртенэ, А.А. Потебня, М.М. Покровский, Л.В. Щерба, А.М. Селищев, В.И. Чернышев сияқты лингвистердің көзқарастарын басшылыққа алып, жаңа сөздердің лексикографиялық реттелуінің негізін салды. Әсіресе «Новое в русской лексике» жинағының маңызы аса жоғары.

1966-1986 жылдар аралығында жүргізілген сөз мәдениетіне қатысты іс-шаралар да (сөз мәдениетіне, әдеби нормаға, емле мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференциялар; баспа орындарында, редакцияларда, білім беру орындарында жүргізілген семинарлар; радио мен теледидардан ұйымдастырылған арнайы хабарлар; ғылыми-көпшілік мақалалар) қазақ тіліндегі жаңа сөздердің біршама сипаттарын нақтылай түсуге үлес қосты.

 Р. Сыздықова 1917 жылға дейін жарық көрген екітілді сөздіктерде экономикаға, мәдениетке, сауда-саттыққа байланысты орыс тіліндегі ұғымдардың қазақша баламалары берілгенін айтып, төмендегі сөздерді көрсетеді: өсім (процент), сүтқорөсімші (банкир), қарыз (долг), кіреу (заклад), қарақша (медные деньги), қадақ (фунт), мысқал (золотник), саттық (продажный), қол саудалы (покупка), мұнанай (меновый двор), ептестік (товарищество), базарлы мал (скот для продажи), көтерме (комиссионерство), бас сату (совсем продать), бас алу (совсем купить), боблық (публикация), қызыл үй (станция), от қайық (пароход) . Осы еңбегінде ғалым мақаланың тақырыбына тікелей қатысты болмаса да, жаңа сөздердің фиксациясы, нормалануы жайында да пікір білдіреді, сол кезеңдегі жаңа сөздердің әртүрлі болу сипатына тоқталады .

1980 жылдар кезіндегі ғылыми пікір бойынша «лексикология – қазақ тіл білімінің жаңа саласы, оның зерттелмеген проблемалары көп; оның бір ішкі тармағы – лексиканың қат-қабаттары» дей келіп, зерттеуші А. Әбдірахманов «қазақ тіліндегі түркі тілдеріне ортақ сөздердің, басқа тілден ауысқан сөздердің... кәсіби не терминдік сөздер мен жаңа сөздердің зерттелмей келе жатқандығын» айтқан болатын . Сонымен қатар ол қазақ тіліне енген кірме сөздер тобының (араб-парсылық, орыс тілі сөздері) жақсы зерттелгенін көрсетеді, бұны атап отырған себебіміз – әлемдік лингвистикада, соның ішінде қазақ лингвистикасында басқа тілден енген сөз алғашқыда жаңа сөз болып табылады. Ендеше, қазақ тіліндегі кірме сөздердің «тілдегі жаңалық»ретіндегі табиғаты, ену мерзімі, таралу кеңістігі, орнығу нормасы туралы тұжырымдар бар деуге болады. Қазақ тіліндегі жаңа сөздер мәселелері К. Ахановтың еңбектерінде айтылған.

1920-30 жылдар кезінде пайда болған неологизмдер жөнінде Ш. Бәйтікованың диссертациясы қорғалған.

Жаңа сөздің авторының белгілі болуы (мерзімді баспасөзде 1995 жылдардан бастап қолданысқа түскен «көзқаман» сөзінің авторы РБердібаев екендігі туралы мәлімет берілген болатын) кейінгі кезеңдерде байқала бермейді, тілдің сөздік құрамындағы «жаңа» сипаты бар сөздердің қосылуы жазба тілге, ішінара ауызекі сөйлеу тіліне байланысты. Жазба тіл дегенде, әсіресе ғылым-білімнің терминологиясын қазақыландыру, заңнамалық құжаттарды, оқу-ағарту әдебиетін, көркем әдебиетті қазақ тіліне аударудың ықпалы зор болып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Сыздық Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. Ғылыми-танымдық зерттеу. – Алматы: Арыс, 2009. – 272 б.

  2. Орысша-қазақша әскерлік атаулары / Жалпы редакциясын басқарған Ш. Құрманбайұлы. – Астана: 1 С-Сервис, 2005. – 136 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет