Дамыған орта ғасырлық мемлекеттер (ХІ- хііі ғғ.). Қарахан, Найман, Керей және Қарақытай мемлекеттерінің саяси тарихы мен қоғамдық құрылысы Қимақ және қыпшақтардың саяси тарихы Ортағасырлық ұлы ғұламалар және ғылымның дамуы Орхон-Енисей



бет1/6
Дата20.11.2023
өлшемі88,96 Kb.
#192376
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тарих 4-лекция(2)
ТЖБ№3 5сынып

Дамыған орта ғасырлық мемлекеттер (ХІ- ХІІІ ғғ.). 1.Қарахан, Найман, Керей және Қарақытай мемлекеттерінің саяси тарихы мен қоғамдық құрылысы 2.Қимақ және қыпшақтардың саяси тарихы 3. Ортағасырлық ұлы ғұламалар және ғылымның дамуы 4.Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде. Ежелгі нанымдар.

Х ғасырдың орта кезінде Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Мемлекеттің негізін Білге Күл Қадыр ханның немересі Сатұқ Боғра хан (915-955) қалады. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғра хан саманилерден қолдау тауып, өзінің туысы Оғулшақты жеңіп шығады. Ол билеп отырған Тараз бен Қашқарды да бағындырады. Сөйтіп, бірыңғай бір орталыққа бағынған Қарахан мемлекеті құрылады. Қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты батыста Жетісудан Испиджабқа және Шығыста Қашқарға дейінгі Қарлұқ жерлері Қарахан мемлекетіне қарады.

  • Х ғасырдың орта кезінде Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Мемлекеттің негізін Білге Күл Қадыр ханның немересі Сатұқ Боғра хан (915-955) қалады. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғра хан саманилерден қолдау тауып, өзінің туысы Оғулшақты жеңіп шығады. Ол билеп отырған Тараз бен Қашқарды да бағындырады. Сөйтіп, бірыңғай бір орталыққа бағынған Қарахан мемлекеті құрылады. Қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты батыста Жетісудан Испиджабқа және Шығыста Қашқарға дейінгі Қарлұқ жерлері Қарахан мемлекетіне қарады.
  • Махмұд Қашқаридің жазуына қарағанда, «көл-еркін» көл-көсір, ұшан-теңіз ақыл-ой деген мағынаны білдірген. Мемлекеттің негізін қалаушы Сатұқ Боғра хан өлген соң, ел ішінде саяси бытыраңқылық басталады. Билікті 955 жылы ханның баласы Мұса алады. Ол өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялайды. Мемлекеттің орталығы Қашқар қаласы болды. Алайда Сатұқ Боғра ханның екінші баласы Сүлеймен-ілік Баласағұнда билік жүргізді. Аз уақыттан соң Мұса қаза болған соң, орнына Әли Арслан (960-990) хан болды. Міне, осы кезден бастап Сатұқ Боғра ханның екі баласы – Хасан Боғра хан мен Әли Арсланның ұрпақтары арасында билік алма-кезек ауысып отырды. Қарахандықтардың ішкі алауыздығын Салжұқ сұлтаны Мәлік шах пайдаланып, 1089 жылы ол Самарханды, одан соң Бұхараны басып алады. ХІІ ғасырдың 30 жылдары шығыстан қарақытайлар басып кіреді. Олар 1141 жылы Қатуан шайқасында салжұқтар мен қарахандар әскерін ойсырата жеңеді. Осылайша екі хандықтың да билігі қарақытайлар қолына көшеді. Бірақ қарақытайлар қарахандардың ішкі ісіне араласпады, тек алым-салық алып тұрды. Қарахан мемлекеті 1210-1212 жылдары батыстан хорезмдіктердің, ал шығыстан наймандардың шабуылынан біржолата құлайды.
  • https://youtu.be/Ky1RHL6idNY


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет