1 1916 жылғы әдебиеттегі қай шығарманы алсақ та, көбінесе патшаның 25 маусымдағы майдан жұмысына жігіт алу туралы жарлығына қарсы наразылық, ашу-ызамен қатар, халықтың жалпы қайғылы халі, бұлқынысқа толы кезеңі жырланады. Халық ақындары өз жырларында патша үкіметінің соғысқа құмар саясатын айыптайды. Халық бұқарасының пікірін қолдай және көркем бейнелей отырып, халық ақындары патшаның қазақ жігіттерін майданның қара жұмысына алуын оларды өлімге айдау, қыру деп білді. Патша саясатының озбырлығын түсінген, одан қысым көрген ел жігіт бергеннен өлген артық деп ұғып, ақындардың да осы идеяны жар сала жырлаған "Зілді бұйрық", "Патша әмірі тарылды", "Құты қашты патшаның" өлеңдері, "Амангелдінің Торғайды алуы", "Бекболат" поэмалары дүниеге келді. Бұл жылдары туған жырлардың бір алуаны майданға алынған жігіттердің өмірін суреттеумен байланысты болып келеді. Бұлардың бірқатарында майданға алынған жігіттердің кешкен халі мен ел-жұртынан айырылардағы зарлы кейпі көрінеді.
2 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс суреттелетін шығармалардың ішіндегі таңдаулы туындылардың бірі – Иса Даукебаевтың «Бекболат» поэмасы. . Шығарма желісінде 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығының қазақ даласына жеткен хабары, оған халықтың қарсы шығып, көтеріліс жасауға бел байлауы, жергілікті ұлықтардың күш көрсетуі, елдің көтеріліске дайындала бастауы, елге қарулы әскер шығып, көтерілістің күшпен басылуы, көтеріліс басшысы Бекболаттың қолға түсіп, қамалуы, ақырында дарға асуы баяндалған.
Дастанның басты кейіпкері – Бекболат Әшекеев
3 Біржан Берденовтің «1916 жыл» поэмасы майдан жұмысына алу, әскерге шақырылған адамдарды майданға жөнелту мен олардың жолдағы, майдандағы өмірін, көңіл–күйін суреттеуге арналған. Поэма «Прием», «Қызылжар казармасының тамағы», «Ұзақ жол», «Алғашқы әсер», «Майданда», «Аэроплан», «Дүрлігу», «Жаңа мекен», «Кашаға таласу», «Оқтан қорқа қашу», «Жұма күні», «Қамығу», «Газет хабары», «Мысалы», «Қозғалшы бір қаламым», «Елге сәлем» сынды бөлімдерден тұрады. Поэмада автор өзінің көзімен көргенін, басынан өткенін, көңіл күйін күнделік тәрізді баяндаған. Онда майданға алынған қазақ жігіттерінін бір ай бойы ұзақ сапар шеккендегі көрген қорлықтары, адам төзгісіз апатты жол әсерлері мен соғыстары жүйелі түрде шебер көрсетілген.
4 Өлең тұтастай оқиға желісіне құрылған және тарихи деректермен берілген, осыған қарап нақты тарихи оқиғаның берілгендігін аңғару қиын емес. Бұл 1916 жылғы сар даланы сабылтқан сұрапыл жарлық болатын. Өлең мазмұнынан халықтың толқынысты хал-жағдайын, күпті көңіл-күйін нақты көруге болады. Жамбыл Жабаевтың өзі де бұл тарихи оқиғаның саналы куәгері болғандықтан, қалтқысыз жеткізе білген.
«Отыз бір – он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып келмес қайтып», -
Дейді де, еңірейді, егіледі
Қайғының күндіз-түні күйін тартып. –
Міне, қарапайым халықтың күйі осы. Халық нақақтан баз кешуде. Ал басы бір, намысы нар азамат ерлер бір тудың астына ат байлай бастады. Алайда, атпалдай азаматтарды әскерге былай бір алып кетсе, арынды ерлерді тұтқынға салып, дарға асып жатты. Бұл қайғылы да қасіретті көрініс Жамбыл жыраудың жанын жаралап, боздақ күйін базыната берді. Жыраудың ендігі күйі – халықтың басына үйірілген қара бұлтты жырмен сейілту. Боздақтарынан айырылған халықтың есеңгіреген ымырт шағы шығармада жақсы көрсетілген. Тарихи тұтастықты теңдей ұстай отырып халық мақсат-мұратын жырлай білген дала жырауының жыр шумақтары үлкен бір тарихи жырды алып келе алды. Өлең көлемі тарихи жырдың көлем пішіміне еш келмесе де сипатталған сюжет пен жеткізілген оқиға сарыны тарихи жырдың күшін танытып тұр.
Жөнелді абақтығы соры қайнап.
Барады боздақтардың көзі жайнап.
Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ
Білмеді не боларын сырттағы ел
Қамалғандарды тірідей тартты азап.
Жырда шытырман оқиғалар да біртіндеп беріліп отырады. Халықтың жасаған әскери қимылдары мен басшы батырлардың ту көтерген ұрыстарынан дерек беріліп, сипатталып отырады. Шығарманың бұл ерекшелігі – оқиға мен жыраудың жеткізгісі келген идеясының сіңісіп кеткендігінен болса керек.
Азамат ердердің ардалы ісін жырына қосып, қос қолдап жырлай білген жыраудың мұраты да ерлердің ісін дәріптеу болатын. Қиямет заманда халқының мұң-қайғысы мен намыс арманы үшін жанын қиған Бекболаттай, Ботпайдай ерлердің батырлық болмысын келер ұрпаққа үлгі ету керек болды. Осылайша, қаһармандық жыр туа келді. Азаттықты аңсаған халықтың қаһармандық қасиетін танытқан осынау Жамбылдың жыры ұрпақ үшін жоғалмас қазына болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |