Сабақтың тақырыбы: Сәулелі жұлдыз іздеген адам.
Сабақтың мақсаттары: Ы. Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқандығы туралы айту.
а) білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылығы, еңбектері. Шәкірті С. Көбеев туралы түсінік;
ә) дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту;
б) тәрбиелігі: балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету. Білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер. тақта, кітаптар, «Ойлан» кестесі, ұнтаспа, мақал-мәтел, Ыбырай атаның суреті, сөзжұмбақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндама.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырма: «Қанжығалы Бөгенбей». Мәтінді түсініп, мазмұнын айту.
Сұрақтарға жауап беру.
Бөгенбай кім?
«Батыр аңғырт десек те, Көрсеткендей ел үшін» деген жолдары Бөгенбай батырдың қандай ісін марапаттауға арналған?
Тәттіқара жырау Бөгенбайға қандай мінездеме берді?
Бұқар жырау Бөгенбай батырға қандай мінездеме берді?
Қандай батырларды білесіңдер? (Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Тілеуле, Райымбек, Наурызбай, Қайдауыл).
ІІІ. Жаңа сабақ. Ұнтаспадан Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін тыңдату.
Бұл кімнің өлеңі?
Ыбырай Алтынсариннің өлеңі.
Ыбырай ата қай жылы туды?
1841 жылы туған.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай ауылына туған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде өседі.
1804 жылы 8 қаңтарда мектеп ашып, онда мұғалім болды.
Қазақ балаларына арналған ана тіліндегі тунғыш оқулық «Қазақ хрестоматиясының» авторы. Ы.Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, ертегілер оқырман жүрегінен жол тауып жатыр.
Әбу Сәрсенбаев (1905 - 1997) Атырау облысы, Теңіз ауданында туған. Қазақтың белгілі қаламгері. Оның «Туған өлке», «Отан таңы» т. б. өлеңер жинағы, «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері» романдары бар.
Әбу Сәрсенбаев – жазушы. Ыбырай еңбектерін жарыққа шығарушы.
ІҮ. Жаңа білімді меңгерту.
Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқыту. Мақсаты: мәтінді дұрыс, әрі мәнерлеп оқыту, бөлімдерді мазмұнға қарап бөлуге дайындау.
Топтық жұмыс. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қиялдарын дамыту.
І топ. Жоспар құру. Әңгіменің басында не туралы айтылды, ортасында не туралы айтылады?
ІІ топ. Соңғы бөлімде не туралы айтылған?
ІІІ топ. Неліктен әңгіме «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» деп аталады? (Топтағы жұмыстарға арнайы уақыт бөлінеді. Пікірлерін тыңдау 5-7 мин).
Ү. Сөздік жұмыс.
Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889).
жылы мектеп ашты.
Әбу Сәрсенбаев (1905 - 1997) Атырау облысы. Теңіз ауданынада туған. Қазақтың белгілі қаламгері.
ҮІ. Поэзия минуты. Ыбырай аталарының қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
«Кел, балалар, оқылық!»
«Өнер – білім бар жұрттар»
«Өсиет»
«Өзен»
ҮІІ. «Ойлан» кестесі.
Бай баласы мен жарлы баласы.
Таза бұлақ
Әке мен бала.
Асыл шөп.
Аурудан аяған күштірек.
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.
ҮІІІ. Сөзжұмбақ «Ыбырай»
Сурет 1. – Көрнекілік.
ІХ. Дамытушылық тапсырма.
Сурет 2. – Көрнекілік.
Х. Жаңа білімді бекіту.
1. Әңгіме неліктен «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» деп аталған.
2. Бұл әңгімеге тағы қандай ат қоюға болады?
Өзіндік оқу. Мәтінді іштей оқыту. Содан кейін бір оқушыға мазмұнын айтқызу.
ХІ. Қорытынды бөлім. Лото ойыны.
№ 1. Алғаш мектеп ашқан адам (Ы. Алтынсарин).
№ 2. Ыбырай атаның ізбасарлары кімдер? (А. Байтұрсынов, С. Көбеев).
№ 3. Қандай әңгімелерін білесіңдер?
№ 4. Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы қандай?
ХІІ. Шығармашылық жұмыс.
Плакаттағы сөздерді дұрыс пайдаланып, мақалды жазу.
І топ.
1. Азбайды, тозбайды,
Ақыл, білім.
2. Білім, бітеді, басқа,
Қына, бітеді, тасқа.
3. Аты, өлмейді, жақсының,
Хаты, өлмейді, ғалымның.
ІІ топ.
1. Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
2. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
3. Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
ХІІІ. Болашаққа болжам.
Сурет 3. – Көрнекілік.
ХІҮ. Үйге тапсырма.
Мәтінді мазмұндау. Ы. Алтынсариннің өмірі туралы реферат жазу.
ХҮ. Бағалау, мадақтау. «Сыр сандықтан» сыйлықтар тапсыру.
Достарыңызбен бөлісу: |