Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Шағын ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесі
Орындаған: Карлыбаев Г.
ДДО-101с тобы
Семей,2022ж
Шағын ауыл мектептеріндегі дене тәрбиесі
Еліміздегі «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы шымыр, сергек болуы шарт. Зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеп, өмір сүру жасын ұзарту міндеті көзделген. Ол үшін жас ұрпақты бала жастан жат қылықтардан бойын алыс ұстап, жеке тұлға болып қалыптасу үшін алдымен өз денсаулығына өзі жауапты екендігін ұғындыру керек.
Ауыл мектептерінде оқушыларға дене тәрбиесі сабақтарын өткізу қиындық тудырады. Себебі кейбір мектептерде спорт залдың жоқтығы, спорттық құрал-жабдықтардың жоқтығы үлкен қиындық туғызады. Қазіргі кезде әр сыныпқа арналған бағдарламалары және оқулықтары бар. Сондықтанда ауылдық мектептерде пән мұғалімдері бағдарламаны өздеріне ыңғайлап, өзгерістер енгізеді. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, дойбы, шахмат сияқты спорттық ойын түрлері көптеп ойнатылады.
Арнаулы білімдер мен қозғалыс қимылдары дене тәрбиесін оқыту пәні есебінде мұғалімнен оқытудың белгілі бір тәсілдерін меңгеруді талап етеді. Оқушыларды біліктілікке, шеберлікке бастау мұғалім қызметінің басты міндеттердің бірі. Оқыту тәсілдері көп, бірақ олардың қай-қайсысы да жан-жақты емес. Олар оқу әдістерінің әр түрлілігін айыра білуге жағдай жасайды және міндеттерін шешу үшін нағыз тиімділерін іріктеуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға білім мен дағдыны беру тәсілі, мұғалімнің оқушыға әсер ету тәсілі, оқушылардың өздерінің жұмыс істеу тәсілі – бұлардың барлығы да әдістерге және әдістемелік тәсілдерге жатады.
Оқыту әдісі – мұғалімнің оқыту ісіндегі, ал оқушылардың оқу материалын игерудегі қимыл-қызметінің жүйесі.
Дидактикалық міндеттер және үйрету жағдайына сәйкес әрбір әдіс, осы әдістің құрамына енетін әдістемелік тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Мысалы, көрсету әдісі әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін: жаттығуды бүйірден немесе қарсы алдынан көрсетумен, жай және қажетті екпінде көрсетумен, т.б.
Әдістемелік тәсіл – оқытудың нақты міндеттеріне сәйкес әдісті жүзеге асыру тәсілі. Әрбір әдістің ішінде оның әр түрлі әдістемелік тәсілдері қолданылады. Әдістен тыс жерде тәсіл өзінің маңызын жоғалтады. Тәсіл нақты жағдайда тиісті әдісті қолдануға мүмкіндік жасайды. Бірыңғай әдісте, оны жүзеге асыруда әр түрлі тәсілдер қолдануға мүмкіндік жасайды. Әрине, сондықтан да қайсыбір әдіс оқытудың кез келген кезеңінде әр түрлі дидактикалық міндеттерді шешу үшін және балалардың кез келген құрамымен жұмыс кезінде пайдаланылады. Оның ішінде әдістемелік тәсілдер қоры көп болған сайын әдісті қолдану ауқымы соншама кең болмақ. Сонымен бірге, әрбір әдістемелік тәсіл жеке жағдайда қолданылады және өте сирек пайдаланылатындығын да байқаймыз.
Әдістемелік тәсілді үнемі қолдану, әдістің сыртқы белгілерінің көрініс табуына әкеледі. Мысалы, оқушыларды басқару үшін ысқырықты шектен тыс пайдалану кездеседі. Керісінше, тәжірибесіз мұғалімнің өзі әдіс, тәсілдің сыртқы түріне ие болуы мүмкін. Мысалы: жетекші жаттығулар жүйесін құрастыра алмау. Үйрену әдісі педагогикалық тәжірибенің кейбір жағдайларында жеке бөліктер түрінде қолданылады.
Әдістемелік әдістің көптігі сондай, олардың кейбіреуі жойылып, түрін өзгертеді , мұғалімнің ізденуі нәтижесінде жаңалары жасалады. Оқыту деңгейіндегі айырмашылық мұғалім білетін әдістемелік тәсілдердің көлеміне қарай байланысты.
Оқыту екі жақты процесс: мұғалім оқытады, оқушылар үйренеді. Сондықтан да мұғалім қолданатын оқыту әдісі – хабарламалық және басқару қызметін атқаратын оқыту тәсілі ғана емес ( мұғалім түсіндіреді, көрсетеді, команда береді,т.б), сонымен бірге баланы оқыту тәсілі (оқушы тыңдайды, бақылайды, жаттығу орындайды). Мұғалімнің жетекші рөлі және оқушының оған ілесуі әр түрлі болады. Сыртқы белгілеріне қарағанда оқушы қимылы әдетте мұғалім талаптарына сәйкес келеді. Мысалы: мұғалім жаттығуды түсіндіреді және көрсетеді, оқушы оны орындауға тырысады. Бірақ, оқушы қимылында бақылаушының қарағанынан тыс тағы бір нәрсе бар – бұл үйренуге ұмтылатын себер, таным белсенділігінің дәрежесі, оқушы қабылдаған мәліметтерді игеру процесі, т.б. Бұл талдау үшін өте күрделі психикалық ойлау жүйесі, себебі бақыланған оқушы қимылында әр түрлі сапалық негіз болуы мүмкін. Мысалы, екі оқушы қимылында әр түрлі сапалық негіз болады. Екі оқушы да мұғалім көрсеткен қимылын шамамен бірдей тиімділікпен орындайды, алайда, олардың бірі көрген жаттығудың сыртқы бейнесіне ғана сүйенеді, ал екіншісі өзінде бар білім мен қозғалыс тәжірибесінің салыстырмалы талдауына да сүйенеді. Оқу материалын игеруде қайсыбір әдісті қолданғанда кейбір өзгермелілік барлық уақытта болатыны даусыз.
Жаттығулардың белгілі бір құрамы мен нақты қозғалыс қимылдарын үйрену үшін қалыптасқан әдістемелік жүйесін , жаттығуды өткізу түрін оқыту әдістері деп атайды. Бұл мағынада, сынып оқушыларына ілгеріге домалап түсуді үйрету әдісін немесе секіруге үйрету әдістерін атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |