Деңгейлік тапсырмалар
Алғы сөз
Қазақ тілі пәні бойынша ұсынылып отырған бұл тапсырмалар жинағы жалпы орта, негізгі білім беретін мектептің 6 –сыныбында қазақ тілін оқытуда көмекші құрал қызметінде пайдалануға болады. Оқушылардың теориялық білімдерін жүйелеу, алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдануға жаттықтыру, талдау, дәлелдеу қабілеттерін дамыту, әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормаларын меңгертуге жаттықтыру, сөздік қорын байыту, дұрыс оқу дағдыландыру мақсатын көздейді. Жинақ фонетика, морфология бөлімдерінің негізгі ережелерін саналы , тиянақты меңгерту, үйрету мақсатына бағытталған білімдік, танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мәндегі деңгейлік тапсырмалардан тұрады.
Оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін тереңдете түсуге, тілдік объектілерінің қыр – сырын біліп, өзіндік ерекшеліктерін тани алуға, әр алуан тапсырмалар арқылы білім деңгейін молайтуға мүмкіндік береді. Тапсырмалар оқушылардың сабақта, сабақтан тыс кезде жұмыс істеуіне , тіл дамыту, жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жинаққа еңгізілген тапсырмалар мен жаттығуларды оқушылардың білім деңгейіне, мүмкіндігіне қарай пайдалана алады, яғни жұмыс түрлерін оқушылармен жеке- жеке жүргізуге, өтілген материалдарды жүйелі қайталауға болады. Жинақта белгілі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тақырыптарды қорытындылауда, жинақтауда, пысықтауда пайдаланатын кестелер түрлері берілді. Жинаққа енген материалды үлестірме және жеке тапсырмалар кестесі түрінде де пайдалана алады.
Көмекші құралға қазақ тілін оқытуда пайдаланылған шығармашылық тапсырмалар да ұсынылып отыр. Тапсырмалар оқулықтағы «Сөз таптары» тарауы бойынша «Зат есім», «Сын есім», «Сан есім», «Етістік», «Есімдік», «Үстеу», «Еліктеу», «Шылау», «Одағай» тақырыптарын түгелдей дерлік қамтиды.
Осындай тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өзін- өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.
ІІІ деңгей
1. Мектеп туралы қандай мақал – мәтел білесің?
2. Ашса, мектебім, ақ ешкі, дәптерлер.Қарамен жазылған сөздердің үндесу заңдылықтарын айт.
3. Еріндік, езулік дауыстыларды айтып бер.
ІІ деңгей
1. Дауысты дыбыстардың түрлерін анықтап, кестені толтыр.
дауысты дыбыстар
|
тілдің
қатысына қарай
|
жақтың
қатысына қарай
|
еріннің
қатысына қарай
|
|
|
|
|
|
|
а
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Ашық буынды бір бөлек, тұйық буынды бір бөлек, бітеу буынды бір бөлек теріп жаз.
І деңгей
Ұстаздың қандай болуын қалар едің? Ұстаз тақырыбына шағын әңгіме жаз.
ІІІ деңгей
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
Төмендегі сөздердің ішінен тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталытын сөздерді теріп жаз.
Дала, қала, бала, қатар, су, қамшы, жаз, түлкі, тазы, перне.
ІІ деңгей
Дауыссыз дыбыстар түрлерін еске түсіріп, кестені толтыр.
Төмендегі сөздерге сатылай кешенді (фонологиялық) талдау жаса.
Ұшқыштар, жүргізуші, талапкер, оқушы.
І деңгей
Тек дауыссыз дыбыстан басталатын сөйлем немесе өлең жолдарын
құрастыр.
ІІІ деңгей
Буын неше түрге бөлінеді?
Қырғауыл сөзінде неше буын бар?
Төмендегі сөздерді буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
Қарлығаш, шағала, бозторғай, аққу, бірқазан, сұңқар, шымшық.
ІІ деңгей
Буын түрлерін еске түсіріп, мысалдар жаз.
Буын, дыбыс үндестігіне байланысты әңгімеле. Әр буындағы әріп саны бірдей ме? Мысал келтіріп дәлелде.
І деңгей
Дауысты дыбыстарға жұмбақ құра:
Көлде бар,
Бұлақта жоқ.
Шөлде бар,
Құрақта жоқ. (ө)
ІІІ деңгей
Мәтінді оқып, түсініп ал. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
Күбі
Қазақ жерінде күбі - ағаштан жасалынып, май шайқауға, қымыз, шұбат пісуге, кейде көже ашытуға арналған піспе шелек. Күбінің ауыз жағы жіңішкелеу келеді де, дөңгелек қақпағының үстінде піспек өткізетін тесік жасалынады. Қазақтар күбі мен піспекті қайыңнан, еменнен, аршадан, жидеден және т. б. ағаштардан жасайды.
( «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» кітабынан.60-б.)
Көп нүктенің орнына қосымшалардың тиістісін қойып жаз.
Бала... дәптері, гүл... шоғы, ата... с уреті, көкек.. дауысы.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар келтір.
ІІ деңгей
Үндестік заңын еске түсіріп, әр түріне мысал теріп жаз.
Естілуі бойынша берілген сөздерді орфографиялық норма бойынша жаз.
Башшы, Сарарқа, Дошшан, жасса, сөмбеді, жамбады, тайақ, үшүн.
І деңгей
Өзіңе ұнайтын ұлттық тағамның жасалу тәсілін әңгімелеп бер.
ІІІ деңгей
Қарамен жазылған сөздердегі дыбыстың орны ауыстырылып берілген дыбыстарды тап.
Адасқан әріптер
Күз түсті,
Тырмалар жылы жаққа ұшты.
Ешкі егіз бақ тапты,
Балалар оны күтіп бақты.
( «Қызықты грамматика» кітабынан. 17- б.)
Тасымалдауға келмейтін сөздерді теріп жаз.
Қалалар сөзін тасымалда.
ІІ деңгей
1. Тасымалға ойдан бес мысалдан келтір.
|
сөз
|
тасымал
|
1
|
балалар
|
ба-лалар; бала-лар
|
2
|
|
|
3
|
|
|
4
|
|
|
2 . Тасымалдауға болмайтын бес сөз жаз.
І деңгей
«Менің сүйікті жыл мезгілім» шағын шығарма жаз.
Зат есім
ІІІ деңгей
Зат есім дегеніміз не ?
Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды зат есім жаса.
Қой, ой, би, күй, ән.
Күрделі зат есімдердің астын сыз.
Біржан, Сарыөзек, Арқа, Балықты көл, Есіл, Амангелді.
ІІ деңгей
Мақал – мәтел жазып, мағынасын түсіндір. Ішінен зат есімді тап.
Төмендегі үлгі бойынша зат есімдерге талдау жаса.
сұрақтары
|
мағынасына қарай
|
құрамына қарай
|
тұлғасына қарай
|
зат есім жасай
тын жұрнақ
тар
|
зат есім жасай
тын жұрнақ
тарға мысал келтір
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мысал келтір
|
|
|
|
|
|
|
І деңгей
«Табиғат –біздің екінші анамыз» тақырыбына ойтолғау жаз.
ІІІ деңгей
Деректі және дерексіз зат есімдерге мысал келтір.
Сызбаға қарап, көптік жалғауларының жалғану тәртібін айт.
№
|
зат есім
|
-лар
|
-лер
|
-дар
|
-дер
|
-тар
|
-тер
|
1
|
бала
|
+
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
Мақал – мәтелдің жалғасын жазып, зат есімнің астын сыз.
а) Ерді намыс өлтірер, ....................... .
ә) Дос жылатып айтады, .................... .
б) Әке көрген оқ жонар, .................... .
ІІ деңгей
Парталас көршіңе мінездеме бер. Ішінде дерексіз зат есімдер болсын.
Қазақстандағы күрделі зат есімдерге жататын жер- су, қала аттарын жаз.
І деңгей
«Менің ауылым» тақырыбына шағын шығарма немесе өлең жаз.
Ішінде жалқы есім болсын.
ІІІ деңгей
Зат есімдерді тауып, астын сыз.
а) Шешен кісі сөз бастар, адал кісі ел бастар. (Жамбыл.)
ә) Өмір озады, ажар тозады. (М. Әуезов.)
б) Шын жақсыда тарлық жоқ, әділ сөзде зорлық жоқ.(Сүйінбай.)
2. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.
Қонақжайлық белгісі
Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп, қол алсаң, -
Бірінші еткен құрметің.
«Түсіңіз» деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң,-
Екінші еткен қызметің.
Есік ашып еңгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң,-
Үшінші еткен құрметің.
( «Шешендік сөздер» кітабынан 142-б.)
Дара және күрделі зат есімдерге мысал келтір.
ІІ деңгей
Мақал – мәтелдерді жалғастырып, зат есімдерді тап, олардың жасалу жолына қарай талда.
а) ... дұшпан, .... дос, ақылыңа ... қос.
ә) ... – кеме, ... – теңіз.
б) Ұлдың ұяты - ...., қыздың ұяты - .... .
2. Кестені толтыр.
жақ
|
Жіктік жалғаулар
|
дауыстыдан кейін
|
дауыссыздан кейін
|
жекеше
|
көпше
|
жекеше
|
көпше
|
І жақ
|
|
|
|
|
ІІ жақ
|
|
|
|
|
сыпайы түрі
|
|
|
|
|
ІІІ жақ
|
|
|
|
|
І деңгей
«Мен зат есіммін» атты тақырыпқа эссе жаз.
Сын есім
ІІІ деңгей
Сөз төркініне көңіл бөл. Сын есім болса, оның жасалу жолын айт.
а) Адал дос алтыннан қымбат.
ә) Ақылды қасыңнан қорықпа,
Жарымес досыңнан қорық.
б) Ақ пейіл болсаң, ас жерсің,
Тәкаппар болсаң тас жерсің.
Төмендегі сын есімесімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркеп жаз.
Өнерпаз (сөйлем) Басыңқы (суретші)
Түйінді (шапан) Әуесқой (ой)
Жасанды (бала) Таңдаулы (адам)
Сөзшең (гүл)
Төмендегі сын есімдердің антонимдік жұбын тап.
Ащы, биік, бойшаң, жуас, әдемі, ақ, жасанды, ақылы.
ІІ деңгей
Төмендегі сын есімдерді сапалық, қатыстық түрін ажыратып жаз.
Қызыл, әдемі, ажарлы, орманды, тәтті, келбетті, жақын, тату, көк ала, білгіш, кем, күзгі.
Кестені толтыр.
Сұрақтары
|
|
Мағынасына қарай түрлері (мысал келтір)
|
1.
2.
|
Сын есім тудыратын жұрнақтар
|
|
Сын есімнің шырайлар атауы
(жасалу жолдары және мысал келтір)
|
|
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |