Stud kz қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады



Дата06.04.2022
өлшемі19,77 Kb.
#138113
Байланысты:
stud.kz 1521
ӨЛМЕЙТІН ҚҰС, Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік ҚМЖ 9 сынып, Сабақтағы цифрлы ойын, Ұлт ұстазы, А.Байт библиографиясы 24.12.2021жыл, А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы-emirsaba.org, 5 практика (1)

Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады




ЕТІС
Етіс – қимылдың іс-әрекеттің орындаушыға қимыл иесімен тура істелетін істің қатысын білдіру үшін, етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар арқылы жасалатын етістіктің түрі.
Яғни, етістіктен етістік тударатын жұрнақтардың жүйесі етістер я етіс категориясы деп аталады. Мысалы: Ол жуынды. Ол баласына кітап оқытты. Әңгіме айтылды. Ол бір-бірімен хат жазысты.
Етістер жинақтарының түрлеріне қарай бес түрге бөлінеді.

1.Негізгі етіс - өзге етіс формаларына негіз болатын форма. Негізгі етістің арнаулы жалғаулары болмайды. Оған түбір я туынды етістерінде күрделі етістерінде негіздері жатады. Мысалы: Бар, кел, сөйле, қуан, шөлде, ақта, қарайла, боян, ән сал, түсінп ал, сұрап қой және т.б.

2. Өздік етістік - қимылдың, іс-әрекеттік орындаушысынан, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден –ін, -ың, -н, жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрі. Мысалы: таң атқанша тарандық. (Махамбет). Қимыл сол іс иесіне бағытталғандығын білдіріп тұр.

3. Өзгелік етіс-қимылдың іс-әрекеттің сөйлемдегі іс-иесі тікелей өзі емес, екінші басқа субъекет, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, мына жұрнақтар арқылы жасалынып тұр: - ғыз, -гіз, -қыз, -кіз: -отыр-ғыз, -кір-гіз, т.б.


-дыр, - дір, - тыр, -тір, -ыр, -р: сал-дыр, сен-дір, тік-тір, т.б.
-т: жаса-т, сөйле-т, т.б.
Іс-әрекетті біреу арқылы істеп отыр.

4. Ырықсыз етіс - іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелгендігі көрінеді. Мына жұрнақтар арқылы жасалады: -ыл, - іл, - л, -ын, -ін, -н: айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды.



5.Ортақ етіс – қимыл іс-әрекеттің иесі орныдаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы негізгі етіс формасынан жасалатын етіс. Мысалы: Айтыс, әкеліс, апарыс, артыс, көріс, келіс, қарас, таныс, көмек көрсетіс, іздеу салыс, ат салыс және т.б. Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Ол бізге үй сал-ыс-ты.
Етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та беріледі: сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-іл-ді, айт-ыс-тыр-ды, т.б.
- ла+ с формаларының біріккен құранды –лас (-лес,-дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер ортақ етіс мағынасын білдіреді. Мысалы: ақыл-дас, араз-дас, мұң-дас, пікір-лес, және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет