Демократиялық жолмен қайта құрудағы талпыныстар: жариялық, демокрияны насихаттау, ұлттық шиеленістер



бет1/2
Дата08.09.2022
өлшемі29,38 Kb.
#149028
  1   2
Байланысты:
Демократиялы жолмен айта руда ы талпыныстар жариялы , демок


1.Демократиялық жолмен қайта құрудағы талпыныстар: жариялық, демокрияны насихаттау, ұлттық шиеленістер 
1980 жылдардың басында Кеңес Одағындағы дағдарыс пен тоқырау тереңдей берді. Әкімшіл-әміршіл басқару әдісі дағдарыстан алып шығуға дәрменсіздігін көрсетті. Халық шарушылығында жоспарлы экономика жүйесі тиімсіз екені айқын көрініс берді. Бұдан кеңестік қоғамның саяси-экономикалық жүйесіне түбегейлі реформалар жасау талабы туындады.1980 жылдардың ортасындағы шешуші оқиға – КОКП-ның басшылығына М.С.Горбачев бастаған, қалыптағыдан өзгеше ойлап, жаңаша әрекет ететін топтың келуі болды. Белгілі дәрежеде бұл жағдай сол уақыттағы партия өміріндегі ескі дәстүр мен жаңа көзқарастардың күресін көрсететін еді.1985 жылғы сәуірде КОКП ОК-нің бас хатшысына сайланған М.С.Горбачев бастапқыда қалыптасқан дағдарысты жағдайды экономикалық тұралау мен саяси тоқыраудың жалпы шеңберінде қарады. Ол өзінің «ұлықтау рәсімінде» сөйлеген сөзінде, — адам факторын жандандыруға, өсу қарқынын жеделдетуге, шаруашылық тетікті қайта құруға ... социализмге екінші тыныс ашуға» шақырды. Қоғамдық кұрылысты ырықтандыру жағдайында мұның өзі бейне бір таза шаруашылық мәселелерді шектен тыс саясаттандыруға әкеліп соқтырды. 1985 жылдың сәуірінде партия Орталық Комитетінің Пленумы өтіп, онда әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелерін жаңаша қарауға әрекет жасалды. Кеңес Одағында 1985-1991 ж.ж. қайта құру кезеңі деп тарихқа енді және оның негізгі бағыттары:
1. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету.Бұл секірістіэкономиканың құлдырау қарқынын тоқтату және жеделдету бағытына басты күшті жұмылдыру есебінен жасау тұжырымдалды;
2. Қоғамды демократияландыру.Бүкілхалықтық басшылықты жүзеге асыратын төменгі баспалдақтан бастап жоғарғы сатысына дейінгі Кеңестердің қызметін қалпына келтіру;
3. Елде жариялылықты қамтамасыз ету.Келеңсіз құбылыстар айналасындағы халықтың ой-бүкпелерін, пікір-тұжырымдарын, ұсыныстарын іркілмей, ашық айтуына мүмкіндіктер беру.
Көтерілген мәселелер орынды, қажетті де заңды болды, бірақ оны іске асыруда сөз бен істің алшақтығы тап бұрынғыдай тағы белең алды.
Қайта құру жылдары 3 кезеңнен тұрады: 1-кезең - 1985 жылғы КОКП ОК-нің Сәуір Пленумы – 1987 жылдың жазы. 2-кезең - 1987 жылдың жазы – 1989 жылдың мамыры. 3-кезең - 1989 жылдың мамыры-1991 жылдың тамызы.
Қазақ жастарының желтоқсан қозғалысы КСРО-дағы ұлттық-демократиялық қозғалыстың алғашқысы болды. Желтоқсан қозғалысы Қазақстанды жаңа әлемдік кеңістікке алып шықты. Желтоқсан оқиғалары арқылы Қазақстанның енді ғана қаз тұрып келе жатқан жас демократиясы мол тәжірибе жинақтады, тарихи сабақ алды. Бұл оқиғалар өзінен кейінгі кезеңде республикада жаңа бағыттың – экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың соны қарқынмен өрістеуіне себепші болды. Қозғалыс Одақ көлемінде жалғасын тапты. Одақтың құлдырауына, ыдырауына әкелді. Республикалардың мемлекеттік егемендігін жариялануына мол мүмкіндіктер берді. Сөйтіп, Қазақстан желтоқсаны республика шеңберінен шығып, Еуразиялық сипат алды. Алматыдан кейін Тбилисиде, Бакуде, Вильнюсте және елдің басқа да қалаларында тоталитарлық жүйеге қарсы оқиғалар өрбіді.
1991 жылдың күзіне қарай алғашқылардың бірі болып – «Азат» азаматтық қозғалысынан шыққан Қазақстан Республикалық партиясы (ҚРП) құрылды. Қазақстан Социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) да осы тұста бой көтерді. Жастардың шағын тобы бірігіп, өздерін «Алаш» партиясы деп атады. 1986 жылғы Алматыдағы толқуға қатысқаны үшін жазаланғандар «Желтоқсан» партиясын құрды.
1990 жылдың аяғына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғам бірлестіктерінің саны жүзден асып кетті. 1991 жылдың маусымында «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң» қабылданды. Республикада шын мәніндегі пікір алуандығы көрініс беретін, көппартиялық саяси құрылымның негізі қалана бастады. Қазақстанда қайта құру жылдарындағы түрлі қайшылықтарға қарамастан жариялылық пен демократияландыру идеялары қоғамды қарышты қарқынмен өзгерте бастады.
Қорыта келе, 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді «жаңарту» әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді, КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді. Керісінше, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.
2.Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.
Желтоқсан көтерілісі – 1986 жылы 16 - 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің 1 -ші хатшысы Г.В. Колбинді Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И. Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, «бұзақыларды» күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО Ішкі Істер министрлігінің №0385 бұйрығы негізінде дайындалған «Құйын -86» операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып-жаншылды.18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел топ, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан құрбандарының катарында Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19-23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқант, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.Желтоқсан көтерілісіне Кеңестер Одағы Коммунистік Партиясының (КОКП) Орталық Комитетінің қаулысымен «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. Тоталитарлық, отаршыл саясатқа қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде «Желтоқсан. 1986. Алматы» (құрастырғандар - Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Ер намысы - ел намысы» жинақтары, К.Тәбейдің «Мұзда жанған алау», Т.Бейісқұловтың «Желтоқсан ызғары» кітаптары мен «Желтоқсан» (бас редакторы - Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, «Аллажар» (1991, реж. Т.Теменов), «Қызғыш құс» кинофильмдері түсірілді.
 3. Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы.
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет президенттік институт құрылып, сол кезде өткен Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Бұл айтулы оқиғалар Қазақстанның мемлекеттігі мен егемендігінің нығаюында, сондай-ақ еліміздің табысты дамуында маңызды рөл атқарған президенттік институттың қалыптасуының бастамасы болды.
Тарих көрсеткендей, мемлекеттік билік қызметінің Кеңес Одағында және социалистік жүйе елдерінде қолданылған партиялық-мемлекеттік тетігі жаһандық экономикалық, әлеуметтік және саяси міндеттерді шешуге қабілетсіздігін байқатты әрі қоғамдық даму жолындағы кедергіге айналды.
Сөйтіп 1990 жылдардың басына қарай республика өмірінде Компартияның басқарушы рөлінен айырылуы салдарынан билік жүйесінде вакуум пайда болғаны айқындала түсті. Бұрынғы билік институттары мен құрылымдары, кеңестік әкімшіліккомандалық жүйенің сарқыншақтары қоғам құрылымының жаңа түрінің талаптарына сай бола алмады. Жоғары, атқарушы және заң шығарушы биліктің функцияларын бойына жинақтаған, Жоғарғы Кеңес бастап тұрған депутаттар кеңесінің архаикалық жүйесінің толыққанды басшылықты қамтамасыз етуге талпыныстары сәтсіз болып шықты. Әбден тығырыққа тіреліп, барынша тез және тиімді шешуді талап ететін түйткілдердің көптігінен туындаған әлеуметтік ширығыс шегіне жеткенін көрсеткен митингтер, ереуілдер, басқа да жаппай белсенді қарсылық көріністері сол жылдардың шынайы сипатына айналды.
Басқарудың ескі моделінің кемшіліктері – төрешілдік, біліксіздік, органдар мен лауазымды адамдардың жеке жауапкершілігінің жоқтығы айқын көрініп тұрды. Басқару жүйесінің бұрынғы құрылымын өзгерту ғана елге қажетті серпін бере алатынын түсінген Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтарын айқын жіктеп, бөлісу қағидатын енгізу ісімен белсене айналысты. Сол күш-жігердің арқасында біртіндеп елде пәрменді президенттік билік, екі палаталы кәсіби парламент және тәуелсіз сот жүйесі түріндегі негізгі саяси институттар қалыптаса бастады.
 4.Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы
Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды.Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет