Баға дегеніміз –қоғамдық қажетті жұмыс уақытындағы өнім өндіруге кеткен шығынды өлшеуге мүмкіндік беретін экономикалық категория товар құнының ақшалай көрінісі. Баға сұраным мен ұсыным заңына сәйкес өзгеріп отырады. Егер тауарға деген қажеттілік көп болса, тауар өндіруші бағаны көтереді, сұраныс көбейсе баға өседі.
Бағаның негізгі функциялары: Есептік функциясы - баға өнімді өндіруде және өткізуде кеткен қоғамдық қажет шығынын көрсетеді;
Ынталандыру функциясы – өнім шығарушы неғұрлым жетілген жаңа технологияны, техниканы қолдану арқылы шығындарын азайтады, сол арқылы бағаны төмендетуге болады.
Сұраныс пен ұсынысты баланстау функциясы – ұсыным азайған кезде тауар бағасын өсіруге болады.
Баға түрлері: Реттелу дәрежесіне қарай келесіге бөлінеді:
Еркін бағалар;
Реттелетін бағалар;
Арнайы тағайындалатын бағалар (мемлекет тарапынан тағайындалады);
Өнеркәсіп өнімін көптеп сату бағалары бұл көптеп сату айналымы бойынша сатып алынатын және шығарылатын бағалар. Осы баға түрі екіге бөлінеді:
Кәсіпорынның көптеп сату бағасы;