-дене мәдениеті және спорт саласында қажетті білімдерді игеру;
-денені шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға қажетті қабілеттерді үйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттерін арттыру;
-адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, психикалық үдерістер мен жеке тұлғаның қасиеттерін дамыту.
Дене шынықтыру-балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы.Оқу – іс әрекетінің арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалыста үйрету мен дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады.
Міндеттері
. Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесінен білім беру міндеттері- қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту.
2. Жалпы орта мектептердегі оқушыларға тәрбие беру міндеттері- адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйретуге, дене бітімін жетілдіруге негізделген.
Құралдары
Гимнастика, ойындар,туризм, спорт, табиғи күштер (күн, ауа, су), гигиеналық факторлар (еңбек және демалыс режимі, тамақтану, киім), жаттығу орнының санитарлық нормалары
Денені шынықтырумен өз бетінше шұғылдануға қажетті қабілеттерді үйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттерін арттыру үшін спорттық тренажерлердің алатын орны ерекше. Бірақта көпшілік жағдайда тренжерлер барлық оқушыларға қол жетімді болмайды.Сондықтан қолдан шағын тренажерлерді жасап алуға болады. Бұл үшін өте көп нәрсе қажет емес.