Денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамалары



Дата02.12.2022
өлшемі41,36 Kb.
#160884
Байланысты:
Әлеуметтану 3 шы агмдкка



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Баяндама


Денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамалары
Орындаған:Түйебай Ерболат
Қабылдаған:Сагындыкова Б

па


Жоспары


  • Денсаулық және денсаулық сақтау-әлеуметтік мәселе

  • Нәсіл және этнос

  • Жас

  • Гендер

  • Жыныс

  • Әлеуметтік топ

  • Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер





Пайдаланылған әдебиеттер


  • Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. : Әлеуметтану негіздері

  • Әлеуметтану А.Н.Тесленко,Ж.Ж. Сембина «Medet group»,2015


Денсаулық және денсаулық сақтау-әлеуметтік мәселе


Бір қарағанда,денсаулық тек биологиялық ,ал денсаулық сақтау тек медициналық сала іспетті. Денсаулық пен ауру студенттердің өміріне қатысы жоқ мәселелер деп қарастыру-шындыққа жанаспайтын тұжырым.Қай жаста болмасын ауруға,мүгедектікге шалдығу және жарақат алу қаупі бар.Денсаулық бізге аманат етіп берілген соң, оны күту біздің борышымыз.



Нәсіл және этнос


Табыс көлемінің ықпалы үлкен болғанмен,нәсіл мен этникалық ерекшелік денсаулыққа ерекше және тәуелсіз түрде ықпал етеді.Қытайдан,Жапониядан,Филлипин немесе Үнді елінен шыққан америкалық азиаттар әдетте орта тапқа енеді және ақ нәсілді америкалықтар сияқты денсаулығының жақсы екені белгілі.Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген кедей иммигрант топтар туралы болжам белгісіз.Қара нәсілді адамдар көбіне Африка елдерінде .Олардың кедейлігіне байланысты денсаулығыда төмен.Табысы аз елдердің денсаулығы да нашар болуы ықтимал.Бірақ дамыған елдердің денсаулықтары мықты болады деу қате пікір.Қытай елдері дамығанмен олардың экологиясының нашарлығына байланысты адамдардың көптеген бөлігінің денсаулықтары әлсіз.


Жас


Жас ерекшелігі-денсаулық,ауру және өлімді болжаудың маңызды жалғыз көрсеткіші.Адамның жасына қарай 3 топқа бөлсек болады.Олар:жастық шақ,орта буын кезеңі және кәрілік кезең.
Кедей елдерде нәрестелердің және жасы беске толмаған балалардың өлімі жиі болады.Көбінесе анасының мерзімінен ерте босануынан сәби шетінейді,басқалары тамақ тамақ жетіспеуі кесірінен иммундық жүйесі ауруларға төтеп бере алмай қайтыс болады.Орта буын кездерде адамдар жұмысқа көп кірісіп,денсаулығын күтпей қояды.Түрлі жұмыстардан өлетін адамдар да көп(авария,құрылыс жұмыстары).40-тан асқан соң адамда ауру белгілері шығып мүгедектікке апаруы мүмкін.Ауру тұрлері:артрит ,құлақ аурулары,бел аурулары ,көру мүшесінің әлсізденуі т.б.


Гендер


Күйзеліс-ең көп тараған психикалық аурудың түрі.Көбіне ер адамдардан қарағанда әйел адамдар күйзеліске көп әрі ұзақ мерзімге ұшырайды.Оның себебі күйзелістің себебің бақылай алмай депрессияға шалдығады(Horwitя 2002:173-179).Шын мәнісінде ,депрессия көрсеткіші өз өмірін бақылауда ұстай алматын жұмыссыз және тұрмыстағы балалы әйелдерде жоғары.Мысалы,кішкентай балалары бар даяшы әйелдің кешкісін ыстық ас дайын болуын күтетін күйеуі оның өмірің,жұмыс кестесін немесе күйзеліс деңгейін бақылай алмайды.Дәл осылай жұмысынан айырылған немесе жұмысын басқара алмайтын әйелдер депрессияға көбірек ұшырайды.
Керісінше,әйелдермен салыстырғанда еркектер психикалық қоздырғыш заттарды жиірек қабылдайтындары жөнінде және құмар ойындарға компульсивті берілу немесе зорлыққа бейім тұру сияқты қылықтарға тән лайықсыз әдеттерден көрінетін”тұлғаның бұзылуы”туралы жиі айтады(Кесслер,2005).Ғалымдардың тұжырымы бойынша ,ер адам күйзелісті жағдайға агрессия немесе зиянды есірткілік заттарды қабылдау арқылы жауап береді.Сол себептен оларда осы іспетті аурулар пайда болады.


Жыныс


.Без аурулары , жыныс жолдарының ,қынап секілді жерлердің зақымдануы,т.б. Әкеден балаға ,ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын созылмалы аурулар жатады.


Әлеуметтік топ


Әлеуметтік зерттеушшілер психикалық ауытқуларға көңіл аудара бастады.Соның нәтижесінде,кедейлердің бақуатты адамдарға қарағанда,көбірек психикалық ауруларға душар болатыны анықталды.Оның 2 себебі бар:біріншісі-психикалық аурулар адамдарға жұмысқа орналасуға немесе жұмыс орнын сақтап қалуға кедергі келтіруі мүмкін,ал адамдар соған қарай әлеуметтік баспалдақ бойынша бірер саты төмендейді.
Өмір сүру деңгейі төмен адамдар арасындағы әлеуметтік күйзелістер психикалық ауытқуға алып келеді.Мысалы,шизофрения диагнозы бар адамдардың көбі төменгі таптан шыққан және шулы,күйзелісті ,қауіпті және физикалық тұрғыдан жайсыз жұмысс орындарында еңбек еткен.Күйзеліс сияқты психикалық бұзылыстың себебін түсінуде кедейлік күйзелісі мен экономикалық қорғансыздық сезімдерінің маңызы зор.Төменгі сатыдағы адамдар ауруханаларға түсседе тиімсіз немесе дұрыс ем ала алмайды.Экономикалық жағдайлары жетіспеушілігіде денсаулыққа ықпалы бар.

Қорытынды


Денсаулықтың қадірің көбіне тек ауырған адамдар және мүгедек адамдар ғана біледі.Оған бір мысал:
Баяғыда бір жас жігіт қара жұмыс істей береді.Жастықтың буымен көптеген ауыр істерді істеп белін суықтатып ,омыртқасына зақым келеді.Ауырған жігіт ауруханаға барып дәрігерлерге көрінсе,ол жігіттің бүйрегі және безіне үлкен зақым келген.Жас жігіт қанша еңбектеніп қиын жолмен ақша тапсада ,ол өзіне күтім жасамады.
«Ауруын жасырған өледі» демекші,әр адам ауырған сәтінде уақытылы күтінуі қажет.Салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әрекеттерден аулақ болайық .























Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет