Дәріс №1. Тақырыбы: Аппараттық қамтамасыз ету. Мобильдік құрылғылар сипаттамасы Жоспар



бет1/3
Дата05.01.2023
өлшемі51,24 Kb.
#165009
  1   2   3
Байланысты:
Даріс-1.1
Акпаратты кодтау, «Қазақ тілі» пәнінен нөлдік кесінді

Дәріс - №1.
Тақырыбы: Аппараттық қамтамасыз ету. Мобильдік құрылғылар сипаттамасы


Жоспар:

  1. Аппараттық қамтамасыз ету.

  2. Мобильдік құрылғылар сипаттамасы



Мобильді құрылғылар – басты ерекшеліктері кішкене өлшемі мен атқаратын функцияларының саны болып табылатын смартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, телефондар, ноутбуктер (ультрабуктер, нетбуктер).
Смартфондар – ең маңызды ерекшелігі көлемі мен тасымалдану қабілеті және көптеген функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғылар.
Планшеттер – үлкен экранмен жабдықталған және Интернетті, кітаптарды, офистік пакеттерді, сондай-ақ ойындарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылар.
Электронды кітаптар сипаты бойынша планшеттерге ұқсайды, алайда олардың мүмкіндіктері планшеттегідей көп емес. Олардың негізгі міндеті – кітаптар мен электронды файлдарды оқу. Бұл мобильді құрылғылар E-ink матрицасына негізделген. Ол өзінің қасиеттері бойынша кәдімгі қағазға ұқсайды, яғни экранда жарық жоқ, оны көз қарапайым қағаз парағыретінде қабылдайды.
Электронды кітаптардың автономды жұмыс істеу уақыты 3 күннен 10 күнге дейін. Одан әрі 1 күннен 3 күнге дейін автономды жұмыс істейтін смартфондар жүреді, ал планшеттер жүктеме қарқындылығына байланысты 10 сағаттан артық жұмыс істемейді.
Кез келген мобильді құрылғы – бір-бірімен өзара байланысқан және тұтас алғанда құрылғының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін көптеген функционалдық аяқталған
модульдерден тұратын, күрделі техникалық құрылғы. Бір ғана модуль істен шықса – құрылғының ішкі ақаулығына әкеліп соғады.
1. Аккумуляторлық батарея (АКБ) – мобильді құрылғының негізгі (бастапқы) қуат көзі. Пайдалану үрдісіндегі жағымсыз қасиеттерінің бірі – «ескіру», яғни сыйымдылығын жоғалтуы, ішкі кедергінің ұлғаюы. Бұл – қайта қалпына келмейтін үрдіс және батареяның «ескіру» жылдамдығы көптеген факторларға байланысты.
Олардың негізгілері – дұрыс пайдалану және сақтау шараларын орындамау. Мобильді құрылғының аккумуляторлық батареясы батареядан және электрониканың шағын тақшасынан тұрады. Электроника тақшасы қорғаныс функциясын орындайды, аккумулятордың өзін де, құрылғыны да төтенше жағдайлардың алдын алады:
– аккумулятордың қоректендіргіш клеммаларының қысқа тұйықталуы;
– зарядтау және пайдалану үрдісінде батареяның қызып кетуі;
– батареяны белгіленген мөлшерден кем зарядтау;
– батареяны белгіленген мөлшерден артық зарядтау.
Аккумуляторлық батареяның негізгі сипаттамалары:
– номиналды кернеу – әдетте 3,6–3,7 Вольт. Толық зарядталған батарея үшін 4,2–4,3 Вольт;
– сыйымдылық– смартфондар үшін, шамамен, 700 мАсағ-тан (миллиАмпер * сағат) 5000 мАсағ-қа дейін және одан да көп.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет