Ішкі құрылғылар деп жүйелік блоктың ішінде орналасатын құрылғыларды айтады.
Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы тақтасында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.
Аналық тақша
Аналық тақша – дербес компьютердің ең үлкен тақшасы. Аналық тақшада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – шина орналасады.
Аналық тақшаның шинасы компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын өзара байланыстырып тұрады. Аналық тақшаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.
Құрылғының атауы ағылшынша motherboard (mother – ана, board – тақта)деген сөзден бастау алады. Кейде қысқаша MB немесе mainboard – негізгі(жүйелік) тақша деп те аталады.