Дәріс №2. Коммуникативті синтаксистің зерттеу нысаны, зерттелу тарихы



Дата06.02.2022
өлшемі15,1 Kb.
#81369
Байланысты:
Дәріс №2(11)
Дәріс №2(11), Дәріс №2(11)

Дәріс №2. Коммуникативті синтаксистің зерттеу нысаны, зерттелу тарихы.
Құрылымдық (структуралды) лингвистика өкілдері элементтердің арақатынасын зерттейді, олардың байланысын олардың мәніне қатыссыз тұрғыда зерттейді. Мысалы, тілдегі бір тұлғаның екінші тұлғаға тәуелділігі туралы (үйге бару), кейбір тұлғалардың негізгі, кейбірінің қосалқы рөл атқаруы (Далада ойнап жүрген балалар үйге жүгіріп келді. Сөйлемдегі негізгі тұлға балалар келді, ал қалғандар қосалқы қызметте) айтылады. Бірақ бұл айтылғандар – элементтердің байланысы, арақатынасы. Бұдан структуралистердің көзқарасы бойынша, тіл элементтер арасындағы байланыстардың торы болып шығады.
Синтаксистік құбылыстың мәні қарым-қатынас барысында ойды жарыққа шығару актісінде сөйлеушінің мақсат-міндетіне байланысты жағайлардан туындайды. Синтаксистік бірліктер – ақпаратты берудің тетігі.
Синтаксистік деректерді тек анықтап белгілеп қою (структуралистер сияқты) жеткіліксіз, олардың немен шартталғанын, яғни оларды сондай бірлік қылуға не жеткізгенін, қарым-қатынас үдерісінде олар қандай рөл атқаратыныны анықтау басты мақсат болып қала береді.
Синтаксисті құрылымдық аспектіде зерттеу мен қатысымдық (коммуникативтік) аспектіде зерттеу бір-біріне қарама-қайшы емес. Өйткені тілдегі құрылымдық ерекшеліктер қатысым мақсатынан туындаса, сөздің қатысымдық міндеті мазмұнды бейнелеуші сол құрылымдар арқылы жүзеге асады. Қатысымдық аспект – синтаксистік құрылымды қатысымдық міндеті тұрғысынан зерттеу деген сөз.
Тілге антропоөзекті көзқарас тілдегі мазмұн мен форманы бөліп қарамай, қарым-қатынас қадетін өтеудегі бірлікте алып қарайды.
Дәстүрлі тұрғыдан синтаксистік мағына сөйлем мүшелері арқылы қарастырылып келді. Оны себебі сөйлемнің ойлау үдерісімен байланыстылығында. Ойлаудың субъектісі мен предикатына сөйлемнің екі бас мүшесі сәйкес келеді: бастауышы және баяндауышы.
Субъект пен предикаттың тілдік тұлғанлануы мен мағыналық ерекшеліктеріне орай, сөйлемнің әртүрлі мазмұндық және тұлғалық-құрылымдық түрлері қалыптасады.
Дәстүрлі тілдік түсінікте мазмұн мен тұлға арасындағы байланысты біржақты шешу орын алды. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне жіктеу соның көрінісі. Тілдегі мазмұн мен тұлғаның сәйкессіздігі осы жерде анық көрінеді. Мысалы: Мен кітап оқыдым. 2. Айгүл кітап оқыды. 3. Кітап оқылды. Бірінші сөйлемдегі істің субъектісі – бастауыш, екінші сөйлемдегі істің субъектісі – анықтауыш болса, үшінші сөйлемдегі істің объектісі – бастауыш. Мұндағы керағарлық мазмұнмен оны бейнелейтін тұлға арасыда.
Бұл керағарлықты жою үшін Г.А.Золотова сөйлемді құрылымдық-мағыналық компоненттер тұрғысынан жүйелеуді ұсынады. [1]
Сөйлемнің компоненттік құрамын анықтау үшін сөйлемнің әбір түріне лайық оның нақты типтік тұлғадағы құрылымдық-мағыналық компоненттерін анықтау керек. Сонда ғана синтаксистің коммуникативтік мәні ашылады. [2, 51].
Мысалы, (1)Мен де келдім, (2)боран да үскіріп кетті. (3)Түн. (4)Шаршап қалыппын.
Грамматикалық тұрғыдан алғанда 1 және 2-сөйлемдер ұқсас та, 3 және 4-сөйлемдер ұқсас. Өйткені бастауышының бар-жоқтығына қарай ажыратылып, екі негізді (1,2) және бір негізді (3,4) сөйлемдерді құрайды.
Бірақ олардың құрылымынан басқа да мәнді жағдайлары бары байқалады: 1 және 4-сөйлемде адамның (субъект) іс-қимылы хабарланса, 2 және 3-сөйлемде табиғаттың жай-күйі хабарланып тұр. Олардың бұл ұқсастық, айырмашылықтары формалық тұрғысынан да бекітіледі. Мысалы; 1 және 4 сөйлем ұқсас, айырмасы біріншіде субъект және оның ісі болса, 4-сөйлемде субъект айтылмаса да, іс иесі белгілі, оны етістіктің жіктік жалғауы көрсетіп тұр. Ал 2,3 сөйлем компоненттері өзгеше, оларда табиғаттың белгнілі бір ортаның жай-күйі хабарланады.
Тілімізде сөйлем (предложение), сөйлеу (речь), лебіз (высказывание) ұғымдары бар. Коммуникативтік синтаксистің зерттеу нысаны – лебіз. Чен лингвисі Ф.Данил «лебіз тек сөйлеу актісі немесе тек грамматикалық құрылым ғана емес, ол тілдің жүйелі құрылымы» деген пікір білдіреді. П.Адамен актуальды мүшелеуді лебіз білдіру теориясына жатқызады. Ол синтаксисті тар және кең мағынада түсінуді негізге ала отырып, дәстүрлі құрылымдық синтаксисті тар мағынадағы синтаксис десек, актуальды мүшелеу оның аясынан шығып кетеді, ол синтаксистің жоғары деңгейіне лебізді білдіру теориясына енеді дейді.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Г.А.Золотова. Коммуникативные аспекты русского синтаксиса. М.,1982.

  2. Б.Шалабай. Синтаксисті зерттеудегі көзқарастар. «Қазақ тіл білімі: лингв.парадигмалар және лингводидактика» атты ғыл.әд.конф. А., 2014.

  3. Данил Ф. и Гаузенблас К. Семантике основных синтаксичечких формаций. – ВНН: Грамматическиое описание славянских языков. Концепции и методы. М., 1974.

  4. Адамец П. Порядок слов в современном русском языке. Praha, 1966.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет