Дәріс Оқытудағы мультимедиа және оны математиканы оқытуға қолдану жолдары. Математика пәнінің ақпараттық-коммуникациялық ортасы



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі28,08 Kb.
#120551
  1   2
Байланысты:
Дәріс 6 ЕП-20-1к1,1к2
кинематика, html, 276981, Психология 5 апта, эссе

Дәріс 6. Оқытудағы мультимедиа және оны математиканы оқытуға қолдану жолдары. Математика пәнінің ақпараттық-коммуникациялық ортасы

Жоспары:
1. Мультимедиа және оны математиканы оқытуға қолдану жолдары.


2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның математика сабағында қолдану
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бүгінгі күні біздің қоғамдағы орны



Бүгінгі таңда білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үрдісін адамды қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, ұйымдастыру қажет екендігі баршамызға мәлім. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бүгінгі күні біздің қоғамға кеңінен енді. Компьютерлік технология мен мультимедиялық құралдардың жылдам дамуы мұғалімдердің осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы талап етілуде. Ақпараттық технологиялар әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, оқушылардың өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, оқушылар мен педагогтардың шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіртіп, оларды жоғары білімділік нәтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қатар осы мезетте оқушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады.
«Ақпараттық технологиялар» терминін электрондық құралдар арқылы ақпаратты жинақтап, өңдеп, көрсету және қолдану деп түсіну керек. Ақпараттық технологиялар құрамындағы компоненттермен және олар іске асырылатын ортамен сипатталады:
- техникалық орта (негізгі мәселені шешу үшін қолданылатын техника түрі);
- бағдарламалық орта (бағдарламалық құралдар жиынтығы);
- пәндік орта (ғылымның, техниканың, білімнің тиянақты пәндік аймағының мазмұны);
- әдістемелік орта (нұсқаулар, қолдану реті, тиімділік бағасы және т.б.)
Оқытудың ақпараттық технологиялары – ол компьютердің көмегімен білім алушыға ақпаратты дайындау және білім беру үдерістері.
Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?
Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.
Екішіден,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет