Дәріс тақырыбы: Атом-молекулалық ілім. Негізгі химиялық ұғымдар мен заңдар. Дәріс жоспары:1.Химия ғылымы туралы түсінік.
2.Материя туралы түсінік және материяның нақтылы түрлері.
3.Химиялық құбылыстардың көптүрлілігі.
4.Атом-молекулалық ілім.
5.Химияның негізгі заңдары.
Химия табиғаттану ғылымының бір саласы. Біздің айналамызды қоршаған әр түрлі формалардың (заттардың) және олардың көптүрлі құбылыстарын зерттейтін ғылым. Бүкіл табиғат, бүкіл дүние адамның сезімінен тыс объективті түрде өмір сүреді.Бізбі қоршаған орта немесе дүние материядан тұрады. Олар үнемі қозғалыста болатын материяның әр түрлі түрлері болып есептеледі. Материяның қозғалысын механикалық – бір жерден екінші жерге ауысу ,қозғалу деп түсінуге болмайды. Материяның қозғалыс формалары әр түрлі. Мысалы: дененің қызуы, салқындауы, жарықтың шағылысуы, электртогының әсері, адам баласы да материяның бір бөлшегі,жануарлардың тіршілік процестері (тірі ағзалардың), адамдардың еңбек етуі, бас миының ойлау қабілеті-бұлар материя қозғалысының түрлері. Материяның қозғалысы бір түрден екінші түрге айналып отырады. Мысалы: Механикалық қозғалыс нәтижесінде жылу пайда болады. Жылу энергиясы химиялық энергияға ,ал химиялық энегия электр энергиясына айналады. Тұрақты физикалық қасиеті бар материяның әрбір түрі зат деп аталады. Химия ғылымы материя қозғалысының химиялық түрін зерттейді. Материя қозғалысының заттардың санына,сапасына қарай химиялық құбылыстар өте көп түрлі. Химиялық заттардың бір-біріне айналып,өзгеруін зерттейтін ғылым. Заттардың құрамын,құрылысын,
қасиеттерін,химиялық өзгерістерін,өзгерістерімен қатар болатын құбылыстарды химия ғылымы зерттейді.