Дәріс 7. Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы. Қарым-қатынастың перцептивті, интерактивті және коммуникативті жағы Қарым-қатынас – дегеніміз адамдар арасындағы қатынастар мен байланыстарды бекіту және дамытудың күрделі үрдісі, яғни ақпарат алмасу, біріккен іс-әрекет қажеттілігінен туындайтын поцесс. Қарым-қатынас - бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал жəне қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз.
Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді жəне дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.
Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтағы-олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне байланысты. Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады: “Бет-перделердің байланысуы”- әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, ескеру ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер қолданылады, әңгімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы; Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объект ретінде бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып ызалана; Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады; Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым; Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ымынан, бет әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады; Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту); Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында, яғни адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.
Қарым-қатынастың келесідей түрлерi бар:
1. Формалды қарым-қатынас (Маскiлi қарым-қатынас) мұнда әңгімелесушінің тұлғалық ерекшеліктері ескерілмейді және оны түсінуге талпыныс болмайды. Сол себепті мұнда тек маскiлердi пайдаланып сыпайлық, қаталдық, тұйықтық, немқұрайлық танытып, шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiміз, эмоцияларымыз қарым-қатынас барысында көрінбейді.
2. Примитивті қарым-қатынас. Мұнда қарым-қатынас барысында келесі адамды қажет немесе кедергі жасаушы объект сипатында бағалау жүреді. Егер адам сұхбаттасушыны өзіне «қажет» деп тапса онда ола адаммен белсенді қарым-қатынас жасайды, ал егер кедергі жасайтын немесе қажетсіз деп таныса онда ол адаммен қарым-қатынаста шектеу болады.
2. Функционалды-рөлдiк қарым-қатынас. Бұл сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлiнің деңгейіндегі қарым-қатынас. Мысалы, басшы мен бағынушы, оқушы мен мұғалім, сатушы мен сатып алушы арасындағы. Мұнда қарым-қатынас мазмұны мен тәсілі шектеулі болады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас. Мұнда қашанда белгілі бір мақсат болады. Ол қандай да бір келісімге келуге бағытталған. Яғни мақсат орындалу керек. Мұнда іске деген мүдде басты орында болады.
4. Рухани-тұлғааралық қарым-қатынасы – бұл әдетте жақын адамдар арасындағы қарым-қатынас. Мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Манипулятивтi қарым-қатынас – бұл сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Вербалды қарым-қатынас тіл арқылы, яғни сөз арқылы жүзеге асырылады. Ал вербалды емес қарым-қатынас тілдік жүйелерді қолданбай-ақ жест, мимика, дауыс ырғағы, көздің қозғалысы, дене қимылдары арқылы қарым-қатынас жасауды білдіреді.
Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады: -жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық беру. - төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б. Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай элемент керек: хабар берушi; мәлiмет; арнайы ақпарат беру құралы; ақпарат алушы. Ақпаратты жеткізуші – коммуникатор, ал ақпаратты қабылдаушы – рецепиент деп аталады.