Перцептік жағы - қарым – қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың бірін – бірі қабылдауы. Адамдардың қарым – қатынасқа түсер алдында бір – бірін адекватты қабылдап, сезінудің өзара қарым – қатынас барысында сеніммен түсінісулеріне маңызы өте зор.
Адамның адамды қабылдауы көбіне «әлеуметтік перцепция» ұғымымен беріледі. «Әлеуметтік перцепция» терминін ең алғаш Дж. Брунер 1947 жылы енгізген болатын. Егер әлеуметтік перцепция процесін толықтай елестететін болсақ, онда күрделі тарамдалған схема пайда болады. Ол өзіне объектінің бірнеше вариантын енгізіп қана қоймайды, сонымен қатар субъектіні де енгізеді. Қабылдаудың субъектісі индивид болса, онда «өзінің» тобына кіретін келесі индивидті, «бөтен» топтағы басқа индивидті, «өзінің» тобына «бөтен» топты қабылдайды. Адамдар бір-бірін ќалай ќабылдайды, олардың өзара ќарым-ќатынасы осыған байланысты. Егер қабылданып тұрѓан адам, ќабылдаушы адамѓа жаќсы әсер ќалдырса,оѓан әрќашан көмектесуге даяр тұрады. Таныс адаммен кездескенде туатын бірінші сұраќ «кім бұл?» алдымен оның әлеуметтік жаѓдайына бағытталѓан. Ол жайында оның физиологиялыќ бейнесінен, өзін-өзі ұстауынан, сөйлеу өнерінен байќауѓа болады.