Көз - оптикалық
жүйе, көздің
көру
кемшіліктері
және оларды
түзету
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Шұбарқұдық гимназиясы КММ
Жарық құбылыстары Күні: 3.04.2019 Мұғалімнің аты – жөні: Абугалиева
Жазира Серікқалиқызы Сынып: 8 Қатысқандар: 24 Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Көз - оптикалық жүйе, көздің көру кемшіліктері және
оларды түзету Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме) 8.5.1.15 - көздің алыстан көргіштігі мен
жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау Сабақтың мақсаты Барлық
оқушылар: көздің оптикалық жүйе екендігін білу Басым бөлігі: көздің
оптикалық жүйе ретінде, көздің құрылысын түсіндіре алу Кейбір
оқушылар: көздің оптикалық жүйе екендігін, көздің құрылысы, алыстан,
жақыннан көру кемшіліктерін анықтап талдау Бағалау критерийі Көзді
оптикалық жүйе ретінде біледі. Көздің құрылысын, көру кемшіліктерін
сипаттап, ажыратады. Теориялық білімдерін мысал келтіріп, тәжірибеде
қолданады. Тілдік мақсаттар Қазақша Орысша Ағылшынша Көз Глаза eyes
Көз қарашығы Глазное яблоко eyebrows Көз бұршағы Глазной боб eye bean
Көру анализаторы Просмотр анализатора viewing analyzer Лупа Лупа
magnifying glass Құндылықтарға баулу Жалпыға бірдей Еңбек қоғамы
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану, биология Тақырып бойынша
алдыңғы білім Алдыңғы тақырып линза, линзаның түрлерін,
сипаттамаларын біледі Сабақ барысы Сабақтың жарияланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы (8
мин) 1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығын тексеру,
назарларын сабаққа аудару. 2. Ынтымақтастық атмосфера құру. Мейірімді
жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық 3.
Оқушыларды өз заттары бойынша 4 топқа бөлу, топ басшысын сайлау 1-
топ " Оптикалық құралдар", 2-топ "Линзалар", 3-топ "Жарық көздері", 4-топ
"Магниттер" 4. Үй тапсырмасы линзалар туралы білімді бекіту
"Сәйкестендіру" әдісі (топтық жұмыс) 1 Жинағыш линзалар D = 2
Линзаның оптикалық күші Дөңес линза 3 Жарықтың сыну заңы түсу
бұрышы шағылу бұрышына тең 4 Жарықтың түзусызықты таралу заңы
Біртекті ортада жарық түзу сызықпен таралады 5 Жарықтың шағылу заңы
Ойыс линза 6 Шашыратқыш линзалар Дұрыс жауаппен тексеру 1 Жинағыш
линзалар 2 Линзаның оптикалық күші Біртекті ортада жарық түзу
сызықпен таралады 3 Жарықтың сыну заңы Дөңес линза 4 Жарықтың
түзусызықты таралу заңы түсу бұрышы шағылу бұрышына тең 5
Жарықтың шағылу заңы Ойыс линза 6 Шашыратқыш линзалар D = ҚБ:
Сәйкестендіру барысында тапсырма "Бағдаршам" әдісі бойынша
бағаланады. (қызыл, сары, жасыл жетондар) Bilimsite.kz Weburok.com
Интер- белсенді тақта ҚМЖ жоспары. А.Әлімов Интербелсенді әдістемені
мектепте қолдану Сабақтың ортасы (25 минут) Тақырыпты ашу
"Кинометафора" әдісі бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз
ойын, пікірлерін біліп, бүгінгі сабақтың мақсатын ашу. БІЛУ-ТҮСІНУ
Оқулықпен жұмыс "Кейс стади" әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашамыз (4
топқа 4 түрлі тақырыпша беріледі) 1-топ Көз оптикалық жүйе,оның үш түрі
2-топ Көздің құрылысы 3-топ Көру анализаторының қызметі 4-топ Көрудің
маңызы және бұзылуы І қадам Мәтінді топпен оқиды. ІІ қадам "Дауыстап
ойлау" әдісі арқылы бір-біріне түсіндіреді. ІІІ қадам "Қар кесегі" әдісі
арқылы әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ
жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады. IV қадам Әр топтың
топ басшылары берілген сұрақтың дұрыстығына байланысты, қарсы топты
бағалайды. ҚБ: "Бас бармақ" әдісі бойынша V қадам "Сергіту сәті" Көз
гимнастикасы: 1-жаттығу: Көзді 2-3 секунд қатты жұмамыз, ашамыз - 2-3
секунд. Осы жаттығуды 6-8 рет қайталаймыз; 2-жаттығу: Алысқа 2-3
секунд тесіліп қараймыз, мұрынның ұшына 2-3 секунд қараймыз және бұны
6-8 рет қайталаймыз; 3-жаттығу: Кірпігімізді тез-тез 1-2 минут қағамыз; 4-
жатгығу: Түрегеліп тұрып, басты қимылдатпай оңға-солға, солдан-оңға,
жоғары-төмен,төмен-жоғары қараймыз. Бұны 10-12 рет қайталаймыз. VI
қадам Көрсетілім №1 сурет Көздің құрылысы №2 сурет Көру
анализаторының қызметі ҚОЛДАНУ-ТАЛДАУ "Кубизм" әдісі бойынша кубик
жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі ситуациялық тапсырма жазылады.
Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, әр топ сол қырындағы
тапсырмаға жауап береді. 1 қыры: Жақыннан көргіш адам аралға тап
болды. Ол көзілдірігінің линзаларын қолдану арқылы от жаға ала ма? 2
қыры: Көздің бұзылуы, ауру түрлерін атыңыз. 3 қыры: Дәрігер апама
оптикалық күші +2,5 дптр болатын көзілдірік тағуға кеңес берді. Апамда
көздің қандай кемшілігі байқалады? 4 қыры: Орманда адасып қалған бала,
сіріңкесіз Күн сәулесі мен өз көзілдірігін пайдалану арқылы от жаға алды.
Бұл балада көздің қандай кемшілігі байқалады? 5 қыры: Қозғалып бара
жатқан көлікте кітап оқу неліктен зиян? 6 қыры: Неліктен көзге жүйелі
түрде көз жаттығуларын жасап отыру қажет? ҚБ: Смайликтер арқылы
бағалау ЖИНАҚТАУ "Физикалық диктант" әдісі (топтық жұмыс) бір
сөйлемнен беріледі. Оқушылардың оқу материалын меңгергендігіне
қорытынды шығарады, тапсырма толықтыруды қажет етеді. 1-топ Адам
көзінің формасы ______ болып келеді, ол _____ деп аталатын тығыз
қабықпен қорғалған. 2-топ Алыстан көретін адамның жақсырақ көру
қашықтығы ____ см-ден артық, ал _____ көретін адамның жақсы көру
қашықтығы 25 см-ден _____ болады. 3-топ Линзаның _____ осіне параллель
сәулелер сынғаннан кейін бір нүктеге жинақталады. 4-топ Адам қоршаған
орта туралы _____ ___-ын көру арқылы қабылдайды. Адамдардың көзінің
_____ әртүрлі болады. Дұрыс жауаппен тексеру 1-топ Адам көзінің формасы
дөңгелек болып келеді, ол склера деп аталатын тығыз қабықпен
қорғалған. 2-топ Алыстан көретін адамның жақсырақ көру қашықтығы 25
см-ден артық, ал жақыннан көретін адамның жақсы көру қашықтығы 25 см-
ден кем болады. 3-топ Линзаның оптикалық осіне параллель сәулелер
сынғаннан кейін бір нүктеге жинақталады. 4-топ Адам қоршаған орта
туралы ақпараттың 80-ын көру арқылы қабылдайды. Адамдардың көзінің
өсуі әртүрлі болады. ҚБ: Толықтыру барысында тапсырма "Үш шапалақ"
әдісі бойынша бағаланады. «Блум таксономиясы» (жеке жұмыс) 1 Білу Көз
бұршағы, склера дегеніміз не? 2 Түсіну Көздің негізгі бөліктеріне мысал
келтір? 3 Қолдану Көру мүшесінің ең басты оптикалық құралының
қолданылуын түсіндір? 4 Талдау Жақын көргіштік пен алыстан көргіштікті
салыстыр? 5 Жинақтау Көздің торлама қабықшасы қандай қызмет
атқарады? 6 Бағалау Жақсы көру қабілетін сақтап қалу үшін нені білу
маңызы? Дескриптор: 1) Көз бұршағы, склера ұғымына анықтама береді. 2)
Көздің негізгі бөліктері, құрылысын ашып мысал келтіреді. 3) Көрудің
оптикалық құралы көзілдірік екенін біледі, қолдану аясын түсіндіреді. 4)
Көздің оптикалық жүйесінің екі түрін бөліп көрсетеді, салыстырады. 5)
Торлама көру жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтың тармақталуы
қызметін атқаратындығын біледі. 6) Жақсы көру қабілетін сақтау үшін ең
маңызды міндеттерді, өз ой пікірлерін айтады. Сілтеме BilimLand. kz
сайтынан магниттік тақта, стикер Оқулықпен жұмыс Bilimsite.kz
Weburok.com интерактивті тақта, слайдтар Bilimsite.kz Weburok.com
интернет желісінен Kazvilim-edu.kz сайтынан Электронды оқулық жұмыс
Bilimsite.kz Weburok.com Оқулықпен жұмыс 8 класс Авторы Б.М.
Дүйсембаев, Г.З. Байжасарова, А.А. Медетбекова Жапсырма қағаздар,
үлестірме қағаздар Сабақтың соңы (7 минут) БАҒАЛАУ "Бір минуттық
әңгіме" әдісі Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып,
жұптық әңгіме жүргізеді. Жаңа сабақты бекітіп, бағалау мақсатында
түсінгендерін айтады. "Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі" әдісі арқылы
керекті ақпаратты шабаданның тұсына, әлі де оқуым керек, толықтыруым
керек дегенді еттартқыштың тұсына, керек емес артық болған дүниені
қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім жаңа сабақ бойынша
қандай білім алғанын біледі. КЕРІ БАЙЛАНЫС "Менің сабақтан кейінгі
әсерім" әдісі бойынша тақтаға кесте ілінеді. Стикерге ойларын жазу
арқылы кестені толтырады. Қандай ой пайда болды? Не ұнады, не
сезіндім? Не қиын болды? Үйге тапсырма: "Көз – өмірдің айнасы" шығарма
жазу Плакат, стикерлер А.Әлімов Интербелсенді әдістемені мектепте
қолдану Саралау сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз
басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді
жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Нәтиже мен жауап негізінде саралау барысында оқушыларға бірдей
тапсырма ұсынылғанмен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және
қабылданады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап береді, жүргізілген жұмыс
өнімі әр түрлі болады. Тапсырма бойынша саралау бойынша негізгі
мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді.
Оқушыларға түрлі таратпа материалдарын, кеспе қағаздар мен
жаттығулар ұсынуға болады. Диалог негізінде саралау бойынша оқушы
үшін маңызды ресурс - қағаз емес, электронды құрал емес, адами ресурс.
Мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Топтық және
жұптық жұмыс "Сәйкестендіру" тапсырмалар орындауда "Бағдаршам" әдісі
бойынша бағаланады. (қызыл, сары, жасыл жетондар). Оқулықпен жұмыс
"Кейс стади" әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашып, мәтінді топпен оқып,
"Дауыстап ойлау" әдісі арқылы бір-біріне түсіндіріп, "Қар кесегі" әдісі
арқылы әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ
жазып, топ басшылары берілген сұрақтың дұрыстығына байланысты "Бас
бармақ" әдісі бойынша бағалайды. "Кубизм" әдісі бойынша кубик
жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі ситуациялық тапсырма жазылады және
смайликтер арқылы бағалайды. "Физикалық диктант" әдісі (топтық жұмыс)
оқушылардың оқу материалын меңгергендігіне қорытынды шығарады,
тапсырма толытырады. Толықтыру барысында тапсырма "Үш шапалақ"
әдісі бойынша бағаланады. "Блум таксономиясы" (жеке жұмыс) кезінде
дескрипторлар арқылы бағаланады. "Бір минуттық әңгіме" әдісінде жаңа
сабақты бекітеді. Сабақ соңында оқушылар кері байланыс береді, Менің
сабақтан кейінгі әсерім" әдісі бойынша тақтадағы кестеге стикерлер іледі.
Үй тапсырмасы беріледі. Физика кабинетінің қауіпсіздік ережесін сақта
Сабақ бойынша рефлексия Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау
үшін пайдаланыңыз Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын
сұрақтарға жауап беріңіз Көз - оптикалық жүйе, көздің көру кемшіліктері
және оларды түзету тақырыбында жоспарлаған сабағымда топтық,
жұптық жұмыс тиімді пайдаланып, алған теориялық білімдерін жалпы
қоршаған ортамен өмірмен байланыстырса сабақ мақсатына жетіп, нұр
үстіне нұр болады деп ойлаймын. Сабақ басына 8 минут уақыт бөлінеді,
ұйымдастыру, топқа бөлу, үй тапсырмасы бойынша оқушы білімін бекіту
мақсатында "Сәйкестендіру" әдісі тапсырмаларын орындайды. БІЛУ-ТҮСІНУ
13 минут бөлімі 6 қадамнан тұрады, жаңа тақырыппен танысу барысында
өз беттерінше оқиды, түсіндіреді, сұрақтарға жауап беріп, "бас бармақ"
әдісі бойынша бағалайды. Сергіту жаттығуын жасап, көрсетілімге назар
аударады. ҚОЛДАНУ-ТАЛДАУ 6 минут оқу материалын игеруде нақты
қолдануда "кубизм" әдісі бойынша ситуациялық сұрақтарға жауап береді.
ЖиНАҚТАУ 6 минут оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергендігіне
қорытынды жасау мақсатында топтық "физикалық диктант", жеке "блум
таксономиясы" тапсырмалар орындалады. БАҒАЛАУ оқушы сабақ соңында
кері байланыс береді, өз ой пікірлерімен бөліседі.