Дәріс21,22 Тақырып: Резонанстық шашырау. Ауыр және жеңіл ядролар үшін резонанстық шашырау, радиациялық қармау қималарын есептеу



бет1/22
Дата28.05.2020
өлшемі70,21 Kb.
#71500
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
нейтрон лекция

Дәріс21,22

Тақырып: Резонанстық шашырау.Ауыр және жеңіл ядролар үшін резонанстық шашырау, радиациялық қармау қималарын есептеу.

Оптикалық модель

Ядро тұтас орта, ол өзіне түскен бөлшектерді және толқындарды жұтады және сындырады. Ядроның күштік өрісі мен бөлшектің әсерлесу өрәсәнәі гамильтонианы мынаған тең:

Нәсер=V(r) + i*W (r).

Оптикалық модельге негізделіп тіке ядролық реакциялар жүреді. Бұл реакциялар 10-21 с уақыт аралығында өтетін болса, онда ядроға келіп түскен бөлшек өзінің энергиясын қандай да бір бөлшекке береді.

Түскен нуклон өзінің энергиясын және импульсін ядродаңы бір нуклонға береді де нуклондар алға қарай қозғалады. Онығ қозғалыс бағыты импульс бағытымен бағыттас болады. Нуклондардың энергиясы өте үлкен болуы керек. Протондар үшін де және нейтрондар үшін де реакция бірдей интенсивтілікпен жүру керек. Кулондық тосқауылды ескермеуге болады. Тіке ядролық процестер өте алуан түрлі болып келеді. Олар барлық ядрода және атқылаушы бөлшектерде жүреді. Ядродан нуклондар және нуклондар жұптары дейтрондар 1Н2, 2Не3 ядролары, α- бөлшектер және литий ядролары берилий ядролары т.б. ұшып шығуы мүмкін. Li мен Be ядролары ядролық жарықшақтар- фрагмент деп аталды. Тура процестердің ең жақсы қарастырылғандары (n.n).(p.p). (p.n). (n.p) процестері болып келеді. Атқылайтын нуклондар энергиялары бірнеше мегаэлектронвольт мөлшерінде болып келеді. Дейтон (d.p). (d.n) – үзілу процесі, (p, d). (n, d) қармау процестері де тіке ядролық процестерге жатады. Бұл процестерде дейтрондар өте нашар байланысқан болып келеді. Сонымен қатар (p.2p). (p. p n) процестері де жүреді. Егер ионизация энергиясы Еп>100МэВ болса, онда серпіміді соқтығысу нәтижесінде 2 нуклон да ядродан бқлініп кетеді. - бөлшектер, тритондар және басқа бөлшектер қатысу арқылы жүретін тіке процестерде кездеседі. Олар (n.t).(n. 2H3). (n. ). (p. t) және т.б. Бұл бөлшектердің энергиялары бірнеше жүздеген МэВ-тан жоғары болуы керек. Бұндай процестерге жұлдыздар пайда болатын процестер жатады. Сонымен қатар тіке реакциялар ауыр иондармен көміртектегі, азот, оттегі және т.б. ядролардың қатысуымен жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет