Дәрумендер:суда еритін,майда еритін, олардың маңызы. Витаминтәрізді заттар.Антивитаминдер.
Орындаған: Жиеналиева А.Ж. 209-тфп
Тексерген: Бектемісова А.Ө.
Дәрумендер
Дәрумендер-аз концентрацияда жоғары физиологиялық белсенділік көрсететін төменгі молекулалық заттар.
Дәрумендер- адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардын организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде Өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.
Витаминдердін көпшiлiгi ферменттердің негiзгi кұрамдас бөлiгi болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің кызметіне байланысты. Тағамның кұрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (ǝcipece, A және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнiң улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиi кездеседi.
Майда еритін дәрумендер - А витамині (ретинол) ағзаның өсуiне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйiзденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсiмдiктердiң кызыл, сары жемiстерiнде, сәбізде, кызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг. D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракулгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлiнуiн жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның кұрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінін жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс калыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердiң мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.