Емтихан 9 билет тақырыбы: ДӘрумендер. ДӘрумендердің АҒза үшін маңызы



Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#86855
Байланысты:
ДӘРУМЕНДЕР Советқан Анар БР-31 ФИЗРА

ЕМТИХАН 9 БИЛЕТ Тақырыбы: ДӘРУМЕНДЕР. ДӘРУМЕНДЕРДІҢ АҒЗА ҮШІН МАҢЫЗЫ


Орындаған: Советқан Анар
Топ: БР-31
Пәні: Дене шынықтыру
Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық белсенді органикалық қосылыстар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілім.
  • Дәрумендер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микро-организмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар.

Дәрумен (витамин) түрлері

Витаминдер дегеніміз- ағзаның тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы


Витаминдер
Денсаулықтың нығаюын жүзеге асырады
Ағзаның суық тиюден сақтауына әсер етеді
Жұқпалы ауруларға қарсы тұруына ықпал етеді
Аминқышқылдар,майлар, нуклеин қышқылдар,гормондар синтезі мен ыдырауына қатысады
Жұмысқа қабілеттілікті арттырады
Тәулігіне әртүрлі витаминдердің бірнеше милиграмы ғана қажет
Ферменттердің құрамында болып, биохимиялық, физиологиялық процестерге қатысады

Өндірісте өндірілген дәрумендер

Қорытынды

  • Қорыта келе, витаминдер адам ағзасы үшін маңызды орын алады.Ағзаның дұрыс өсіп дамуы үшін, әр түрлі аурулардың алдын алу үшін күнделікті тағамдық рационымызда ағзаға жеткілікті мөлшерде болатындай витаминдер болуы қажет.Біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Рухани тәрбиенің орны бөлек. Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жәй – дұрыс тамақтануы, жеміс-жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, яғни, витаминдерге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет