Десмургия дегеніміз – таңғыш байлау және оны қолдану туралы ғылым
Таңғыш адам денесіне – емдік мақсатта таңылған материал.Таңғыштар адамның жарасын, сынықты т.б ауруларды емдеуде қолданылады
Таңғыш екі түрге бөлінеді: жұмсақ және қатты
Жұмсақ таңғыштарды салу алдында айналасындағы түктерді қыру керек.Жабысқақ таңғыштарды шамалы зақымдалған және операциядан кейінгі жараларда салады. Олар:
1.Пластырлы
2.Клеолды
3.Үш бұрышты орамалды (касынкалы)
4.Бинті
5.БФ-6 мен жабыстырылатын
Клеолды таңғыш. Клеол тең қатынаста араластырылған қарағай шырыны мен спирт не эфирдің ерітіндісі.Таңғыш салған жердің айналасындағы терісіне клеолды жағып,біраз құрғатады да, таңба үстіне және клеол жағылған айналасына дәкені керіп жабыстырады, оның шеттерін теріге жабысқанша басып тұрады.Дәкенің артық ұштарын, шеттерін кесіп тастайды.
Лейкопластырлы таңғыш. Жараға салынған таңғыш затты бірнеше жолақ жабысқақ пластырмен бекіту
Коллоидты таңғыш.Оның айырмасы клеолдың орнына коллодийді қолданылады.Айырмашылығы керіп салынған дәкенің үстіне оны сипап жағады.Осы мақсатта резинкелі және БФ-6 желімді қолдануға болады.
Бинтті таңғыштар.Оны бинттің белгіленген бір бөлігімен,не тұтас,ал кей жағдайда бірнеше рулонын қолданады.Бинттің оралған жағын басы, ал бос ұшын құйрықшасы деп атайды.