Қазіргі сайлау жүйелері және олардың ерекшеліктері
ДЕВИАЦИЯ, ҚЫЛМЫСКЕРЛІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЫҚЫЛАУ
АНОМИЯ
Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады.
осыларға сәйкес
дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);
қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының сайлау органдары
Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
республикалық Орталық сайлау комиссиясы
аумақтық сайлау комиссиялары
округтік сайлау комиссиялары
учаскелік сайлау комиссиялары
Сайлау округтері
Сайлауды өткізу үшін еліміздін әкімшілік аумақтық бөлінісі және сайлаушылардың мөлшері шамамен бірдей деңгейлес сайлау округтері құрылады. Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 67 депутаты осы жүйе бойынша сайланады. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық аумағы 67 округке бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — көп мандатты округ деп аталады. Мұндай округтер қалалық. және селолық кауымдастықтардың аумақтарын қамтиды. Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен қатар партиялық тізімдер негізінде 10 Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — біртутас жалпыұлттық сайлау округі деп аталады.
Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдеріне сай сайлау учаскелері құрылады. Олар сайлаушыларға барынша қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында, жергілікті және өзге де мән-жайларды ескере отырып құрылады (әскери бөлімшелерде, емханаларда, емдеу-сауықтыру орындарында, соттарда, тергеу изоляторларында, ҚР-ның шетелдердегі өкілдіктерінде (елшіліктерде), т.б. Сонымен, еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — сайлау комиссиялары болып табылады. Олар біртұтас жүйе құрайды. Бірыңғай сайлау комиссиясының жүйесіне ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде ОСК және аумақтық сайлау комиссиясы сайлау округтерін құрады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |