«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса,білгенін басқаға үйрете білетін болса,ол мектептен балалар көбірек біліп шықпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді,педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім».
А.Байтұрсынов
Жаңа ауыл жалпы орта білім
беру мектебі
Аты-жөні: Сулейменова Жумабике Сейлханқызы
Туған жылы:1.07.1966ж
Білімі : жоғары 2006 ж
Еңбек өтілі: 29жыл
Санаты: Жоғары
Диплом бойынша мамандығы:
“Бастауыш сынып мұғалімі.”
Өмірдегі ұстамы:”Алға,алға тек алға”
Курстан өтілуі:ПШО.ІІ деңгей,2013ж
Өздігінен білім алу тақырыбы
Мұғалімі : Сулейменова Ж.С.
21-ші ғасырда білім беру мақсаттарына жету жолдарын,қалай оқу керектігін үйреніп,екінші деңгей бағдарламасын жетілдіру,жеті модульді ықпалдастырып сабақ жүйесін жүзеге асыру.
Мақсатым:
Екінші деңгей бағдарламасында ұсынылған жеті модульдің идеяларын ықпалдастыру,әріптестеріме тәлімгерлік ету.Баланың өзіне деген сенімін арттыру,ойын тыңдау,өз ойын дәлелдеуші,ізденуші тұлға ретінде шығармашылық ізденіс ұйымдастыру.
1.Сапалы оқыту оқушылардың,қоршаған орта жағдайы және оқыту,білім алу мүмкіндіктеріне жағдай жасау.
1.Сапалы оқыту оқушылардың,қоршаған орта жағдайы және оқыту,білім алу мүмкіндіктеріне жағдай жасау.
7 модуль аясындағы жүргізілген сабақ барысының көріністері
Тәлім алушы бастауыш сынып мұғалімі:Жансаринова Менсулу Насиоллақызымен сұхбаттасу кезеңі.
Коучинг семинар барысындағы жұмыс түрлері.
Білім деңгейлері 7 модулді әдіс-тәсілдер арқылы бақыланады:
1.Сын тұрғысынан ойлауға үйрену.
2.Оқытуды басқару және көшбасшылық
3.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
4.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
5.Диалогтік оқыту.
6.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
7.Оқыту мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Мынадай міндеттерді орындадым:
*Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегияларды,сондай-ақ нақты әдістерді қалай және қай жағдайда қолдану қажеттілігін үйреттім.
*Оқу үдерісін бақылауда ақпараттық басқару жүйелерін тиімді қолдана білуді түсіндірдім.
*Әріптестерімен ынтымақтастық оқу ортасын құруға мүмкіндік жасадым.
*Коучинг пен тәлімгерлік жүргіздім.
*Мектепте мұғалімдердің кәсіби білім беру қоғамдастығын құрдым.
!
Мектеп – кеме,
Білім - теңіз.
Мектептегі коучинг семинар
Жаңа - ауыл жалпы орта білім беру мектебінің жас мамандар арасында өткен коучинг жұмыстары.
Сабаққа қорытындыны екі жұлдыз,бір тілек арқылы жасайды.Өзара кері байланыс.
Бастауыш білім –үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыны шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы.Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты,маңызды мәселе болып отырғаны:«XXІ ғасырға қалай дайындайды?».Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының мазмұны мәселені шешуге бағытталған. Білім беру саласында қол жеткізілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәреже маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгісі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады,ал XXІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Осы Бағдарламадан күтілетін нәтижелер мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы,сенімді,сыни пікір-көзқарасты жүйелі дамыған,сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады.Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды,мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді.Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады.Әріптестеріне ықпал ету үшін,сондай-ақ оқудың дамуына қолдану көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдану көрсетіп, өз тәжірибесін зерделеумен айналысады.
«Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды.Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші,бір – біріне үйретуші,ал мұғалім бағыт беруші,нұсқаушы. Әр мұғалім өз сабағының көшбасшысы.Көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн.Мұғалім шәкіртке білім,білік,дағды беріп қана қоймай,ақыл – ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, оқи алуға үйрету керек.
1.Баланың бойындағы құмарлығын,қызығушылығын жойып алмай,оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін,сұраныс пен мұқтаждарын ескеру,шығармашылығын жетілдіру.
2.Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.
3.Өзін -өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Осы қағидаларды ұштастыратын болсақ қана оқушы өзінің дарынды екенін сезінеді.Бойындағы «мені» оянады. Қазіргі заман жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет – деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай ,әр мектепті түрлі ақпаратты технологиялармен қамтамасыз етуде.Яғни,ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор.Өйтені ло оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңестігіне жол көрсетеді.Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды,білім деңгейін көтеруге үлкен үлес қосады. Бір сабақ үстінде бірнеше оқушыны бағалау мұғалім шеберлігіне байланысты.Баға алуда оқушылар алға талаптанады,ізденеді.Кейбір оқушы білім үшін емес,баға алу үшін оқиды.Сондықтан бағаны дұрыс қою және оның нақты болуын алға қою әр мұғалімнің есепке алар міндеті. Сабақ үстінде бірнеше бағалау әдістерін қолдануға болады.Суммативті баға мен формативті бағаны қою әрбір сабақтың негізгі сатысы болуы шарт.
Мұғалімдердің кәсиби өсуіне,көшбасшылығын дамытуына әсер етуді ауқамы жаңаруда. Ал өзімнің дамыту жұмыстарымды мектепте мұғалімдер арасында коучинг семинарлар өткіземін,тәлімгеріммен сабақ жоспарларын құруға көмек беремін,сабақтарына кіріп сабақ жүйелерін бақылап отырамын,кеңес беруді біртіндеп қолданып, өзгерістер арқылы жаңашыл әдіс – тәсілдерді жүзеге асыру – мұғалім көшбасшылығын айқындауға бірден бір бастамам деп білемін.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды емес,жалпыазаматтық қадір – қасиеттердің мән – маңызын түсінетін,жаны да,тәні де таза,білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып,тәрбиелеуді бізге – мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім беру аспасын арттыру, баланы жеке тұлға ретінде алып қарап тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті.
Сөз соңында айтарым қазіргі оқу үрдісінде әртүрлі әдіс – тәсілдер кеңінен қолданып жүр. Сабақты әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолданып, оқушыларымыздың білімге,оқып – үйренуге құштарлығын арттыратыны анық.Ұстаз қандай әдіс – тәсіл қолданса да, мақсаты біреу – ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру.«Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы,барлығымыз бірге күш жұмсап,ел ертеңіне сеніммен қарасақ қана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.Әлемдік білім беру кеңестігінің талаптарына сай болатын,ең алдымен ұлттық жаңа әдістемелердің бүр жаруына,оның өркендеп, тереңге тамыр жайып жас өскіннің алып бәйтеректей қатайып,нығайтуына нық сенемін.Сол үшін бар еңбегім мен іскерлігімді аямай,бір тамшыдай болсын қосамын деген үлесім - өмірімнің мәнін айналғанына қуанамын.
4-ші сынып бойынша оқу үлгерімдері.
Курстан және педагогикалық шеберлік
Менің жетістіктерім
Мұғалімнің авторлық арнайы курс бағдарламасы мен шығармашылық жұмыстары.
Оқушыларымның жетістіктері
Қорыта айтатын болсақ. осы жоғарыда айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.
Назарларыңызға рахмет! Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын!