КІРІСПЕ ………………………………….……..……………………………...…………...3
1 ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың басты принциптері..........................................................................................…....6-11
1.2 Қазақ тілін әдістемесін қалыптастыруда қолданылатын зерттеу әдістер...………….............12-20
2 ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
2.1 Қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер …...………...…………………………….…21-31
2.2 2.2 Қазақ тілін оқытуда басқа пәндермен интеграциялай оқытуға арналған тапсырмалар………………………………….....…..32-40
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………….........………………….………….41-43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………44-45
КІРІСПЕ
Жобаның жалпы сипаттамасы. Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып, оның нәтижелерін нұсқаулық жобаларына ұсыну. Қазақ тілін оқытудың бүгінгі таңдағы көптеген тиімді заманауи әдістерін қамтуға тырысып, басқа пәндермен салыстыра оқыту негізі де қамтылып, жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесін басқа пәндермен интеграциялай оқытуды қолға алу және практикада қолдану – біздің дипломдық жобаның жалпы сипаттамасы.
Қазіргі таңда жоғары интеллектуалды мектептерде аталған бағытта оқушыларды тілді меңгеруде еркіндікке баулу, таным аясын кеңіту жолдары қарастырылып, басқа пәндермен байланыстырыла оқытудың көптеген жақсы нәтижелері сұрыпталуда. Бұл сұраныс жыл өткен сайын республикада артып отыр деуге болады. Мысалы, қазақ тілі сабағы әдебиет, тарих, психология, география, т.б. пәндермен байланысады. Қазақ тілі сабағында жағымды психологиялық ахуал орнату психологиямен байланыста болса, бір сәт ән салып, сергу сәті – музыка, әдебиет пәндерімен байланысты. Тәжірибе барысында қазақ тілі сабағын 5-сынып оқушыларына қызықты өтілуін қамтамасыз ету үшін креативті идеялар мен тың бағыттар алға шықты. Сонымен, дипломдық жоба қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқытудың әдістемесін (5-сынып «Қазақ тілі» оқулығы негізінде) жобалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |