Сабақтың мақсаты: І. Білімділік мақсаты: Студенттерге сүйектердің жіктелулері, байланысулары және сүйек сынғанда, буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек туралы білімдерін қалыптастыру.
ІІ. Тәрбиелік мақсаты:оқытушымен студенттің және студенттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынасын тәрбиелеу, жаңа тақырыптың тәжірибеде керек екенін, маңыздылығын түсіндіре отырып жауапкершілікке тәрбиелеу.
ІІІ. Дамытушы мақсаты: - Студенттердің ойлау, қорытындылау қабілетін, қызығушылығын дамыту;
-жалпы және нақты белгілерді танып, қорытып жинақтау қабілетін дамыту;
-өз күшіне сенімділік, өз-өзіне есеп беріп, бақылау қабілетін дамыту.
Нені білу керек:
бас сүйегінің құрылысы, топографиясы, олардың қосылыстары;
бассүйегінің сыртқы және ішкі негізгі құрылысы;
бет сүйегінің құрылысын, топографиясын, олардың қосылыстарын білу.
бет сүйек, сыртқы және ішкі негізінің құрылыстарын қаңқадан түсіндіру;
олардың орналасуын кестеден, муляждан көрсету;
бет сүйектерін бас сүйектерінен ерекшеліктерінен көрсету.
Тақырыптың материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз етілуі: *Плакаттар: «сүйек жүйесі», бас қаңқасы, кесте, презентация. Ауызша сұхбаттасу, тест тапсырмаларын шешу, шағын топтарда жұмыс, интеграцияланған 1-2 клиникалық жағдайды басқа пәндермен бірге талқыға салу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технология элементтерімен және ақпараттық – компьютерлік технологияны пайдалану.
Пән аралық байланыс: физиология, патология, латын
Көрнекі құралдар:плакаттар, муляждар, таблицалар, интерактивті тақта
Қолданылған оқулықтар: 1.О.Қарлығаш 2017ж «Анатомия»
2.Ә.Күзенбаева 2001 ж «Адам анатомиясы»
Оқытушы студенттермен амандасып, аудиторияның сабаққа даярлығын тексеріп, сабақта жоқ студенттердің тізімін жазып алады. Үйге қандай тапсырма берілгенін сұрайды
Топ кезекшісі сабақта жоқ студенттердің тізімін баяндайды және үйге берілген тапсырманың тақырыбын айтады