Лисаков техникалық колледжінің филологиялық пәндер әдістемелік комиссиясының отырысында
201__ ж. ___ _________________
№__ хаттамасымен
қарастырылған және қолдануға ұсынылған
|
Рассмотрена и рекомендована к применению на заседании методической комиссии филологических дисциплин
Лисаковского технического колледжа
от __ ______________ 201__ г.
протокол №__
|
ЦӘК төрайымы /Председатель ЦМК _______________ (Байтурсынова А.Ж.)
|
Лисаков техникалық колледжінің
филологиялық пәндер оқытушысы
Өтегенова Г.М. әзірлеген
|
Составлена преподавателем филологических дисциплин Лисаковского технического колледжа Утегеновой Г.М.
|
МАЗМҰНЫ
I.
|
Түсінік хат
|
4
|
II.
|
Өз бетінше орындау үшін тапсырмалар
|
5
|
|
I модуль. Мемлекет және біз. Фонетика
|
5
|
|
II модуль. Қазақстан Республикасының саяси жағдайы. Морфология
|
8
|
|
III модуль. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Етістіктің шақтары
|
12
|
|
IV модуль. Гұлама тұлғалар. Синтаксис. Құрмалас сөйлем
|
15
|
|
V модуль. Мамандық әлемінде. Кеңсе қағаздары
|
21
|
|
VI модуль. Өткен грамматикалық материалды қайталау
|
26
|
III.
|
Өзін – өзі тексеру үшін тапсырмалар
|
32
|
|
I модуль. Мемлекет және біз. Фонетика
|
32
|
|
II модуль. Қазақстан Республикасының саяси жағдайы. Морфология
|
35
|
|
III модуль. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Етістіктің шақтары
|
37
|
|
IV модуль. Гұлама тұлғалар. Синтаксис. Құрмалас сөйлем
|
40
|
|
V модуль. Мамандық әлемінде. Кеңсе қағаздары
|
43
|
|
VI модуль. Өткен грамматикалық материалды қайталау
|
47
|
IV.
|
Пайдаланылған әдебиет тізімі
|
53
|
Түсінік хат
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алуына орай, орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу орыс тілінде жүретін топтарында қазақ тілін оқыту, оны жаңа сатыға көтеру, оның мазмұны мен мақсаты, келешектегі даму жолын анықтау аса жауапты, күрделі мәселе. Қазақ тілі оқыту барысында қазақ халқының тарихы, әдебиеті, әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, ғылымы, өнері, ақын-жазушылары және т. б жөніндегі білім жинақталады, жүйеленеді.Орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында кәсіби тіді дамыту үшін көп назар аудару керек, сондықтан құралда қойылған мақсатым - жұмыс істеу барысында жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту, іс қағаздарын дұрыс толтыруға үйрету, кәсіби сөздер мен түсініктермен таныстыру, мамандыққа қатысты сөздермен жұмыс істеуге үйрету және жалпы оқу дағдыларын жетілдіру, тілдік қиыншылығын жеңу.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен oқу – әдістемелік құралы»» 1114000 «Пісіру ісі» мамандығының екінші курсында оқып жүрген студенттеріне алған білімдерін өзбетінше бекіту үшін арналған. Құрал теориялық, практикалық, бақылау бөлімдерден тұрады және орындаған тапсырмаларды тексеру үшін «Өзін – өзі тексеру үшін тапсырмалар» атты бөлігі бар.
Тілдік материалдар қазақ тілінің грамматикасын меңгерумен қатар оқушыларды ауызша сөйлеуге, ойларын жеткізуге, аударма жасауға, сөйлем құрастыруға деген біліктіліктер қалыптастырады және алған білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйретеді, жалпы оқу дағдылырын жетілдіру және өз мамандығына және кәсіби тілді үйренуге қызығушылықтарын арттырады. Осы құрал Мемлекеттік білім беру Стандартына, модульдік технологияның әдістеріне және Тамара Маденовна Артыкованың 11 сынып оқулығына («Атамұра», 2007) тіреліп жасалған. Құрал материалы 6 модульге, 33 тақырыпқа бөлінген. Әрбір тақырыпқа сабақтың мақсаттары да берілген.Теориялық бөлімінде грамматикалық материалдары бар. Практикалық бөлімі деңгейлік тапсырмалардан тұрады. Кейбір тақырыптарға қосымша тапсырмалары ұсынған. Тіл дамыту ретінде диктант, шығарма, баяндама, реферат және мазмұндама деген жұмыс түрлері ұсынылады. Бұл құралда кәсіби тіл дамыту мәтіндері де бар.
Оқу – әдістемелік құрал қазақ тілі мен кәсіби қазақ тілі пәндерінен сабақ беретін оқытушыларына қосымша әдістемелік құрал ретінде арналған.
II. Өз бетінше орындау үшін тапсырмалар
модуль. Мемлекет және біз. Фонетика
№1 сабақ
Тақырып: Атамекен. Астана. Кейінді ықпал түрі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: фонетиканы және ықпал түрлерін қайталау; мәтін құрылымын түсіну, мәтіннің негізгі ойларын анықтау.
Дамытушылық: ауызша, жазбаша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,алған білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру;
Тәрбиелік: өз Отанына, атамекеніне сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Мәтін
Атамекен-адамны... туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғи байлықтар..., халқ..., қоғамдық және мемлекеттік құрылыс..., тіл, мәдениет, т...рмыс-салт және әдет-ғ...рып ерекшеліктер... бар белгілі бір халықтың тарихи т...рағына айнал...ан аумақ. Тар мағынада біреулердің туған ауылы. Ауыспалы мағынасы адамның қалыптасқан , дүниедегі өнер мен м...дениетке кенелген жер....
Тапсырмалар:__III_деңгей'>Тапсырмалар:
III деңгей
1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңдар.
2. Мәтінді аударыңдар, тән дыбыстарын белгілеңдер.
3. Кейінді ықпал түріндегі сөздерді атаңдар.
4. Сөздермен фонетикалық талдау жасаңдар: тұрмыс, мәдениет.
II деңгей
1. Соңғы сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, түрін белгілеңдер
2. Кестені толтырыңдар. 6 сөйлем құраңдар.
Қатаң дыбыстан басталатын ( глухие)
|
Ұяң дыбыстан басталатын (звонкие)
|
Үнді дыбыстан басталатын (сонорные)
|
|
|
|
I деңгей
«Жері байдың елі бай» мақал бойынша шығарма жазыңдар.
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттап, сөз тіркестер құрастырыңдар:
Сәуле шығару- излучение
Ұлану- отравление
Қосылыс- соединение
Пісірме- сварное
№2 сабақ
Тақырып: Біздің мемлекетіміз. Фонетикалық талдау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: фонетиканы және ықпал түрлерін қайталау; мәтін құрылымын түсіну, мәтіннің негізгі ойларын анықтау, фонетикалық талдауының ерекшеліктерін көрсету.
Дамытушылық: ауызша, жазбаша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,алған білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру;сөз қорын молайту.
Тәрбиелік: өз Отанына, атамекеніне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өз мемлекетін құрметтеуге баулу.
Мәтін
Тәуелсіздігіміз- халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты.Оның іргетасының мықты болып нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлемді тәрбиесіне тікелей қатысты.Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдары бар күш-жігерімізді экономикалық, әлеуметтік жағдайларды көтеруге салдық.Ендігі мақсат-сол экомикалық, әлеуметтік даму бағытымыздың әлем алдындағы бәсекелестікке төтеп беруі.Елбасының сөзімен айтсақ, «біздің стратегиялық міндетіміз-бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу».
Тапсырмалар
III деңгей
1. Мәтінді оқып, аударыңдар.
2. Мәтінге 3 сұрақ құраңдар.
3. Ұрпақ, міндет, бағыт деген сөздермен фонетикалық талдау жасаңдар
4. Жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді жазыңдар. (6сөз)
5. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді жазыңдар. (6сөз)
II деңгей
1. Берілген сөздерді буынға бөліп, түрлерін анықтаңыз. (6сөз) Бес сөйлем құраңыз. Үлгі: ба-ла (ашық, ашық) алмұрт, мәселе, өрт, мемлекет, сәбіз, сөздер, кітап, ата, айна, көңіл, дерт, мол, сабақ, бәсекелестік, әлеуметтік, мақсат, міндет, егемендік,тәуелсіздік
2. Мәтінді түсініп оқындар; шағын мазмұндама жазыңдар.
I деңгей
1. Сөйлемдерді аяқтаңдар:
1) Мемлекеттік тілді меңгеру- ...
2) Біздің парызымыз-...
3) Атамекен- ...
4) Бәйтерек- ...
5) 16 желтоқсан- ...
Кәсіби сөздермен жұмыс:
1. Сөздерді жаттап, сөйлем құрастырыңдар.
Выпрямитель- түзеткіш
Сварочный агрегат – пісіру агрегаты
Напряжение - кернеу
Изменять, преобразовать – өзгерту
№3 сабақ
Тақырып: Қазақстан халықтарының тілдері күні. Қанатты сөздер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: фонетиканы және ықпал түрлерін қайталау;қанатты сөздер туралы жалпы түсінік беру, мәтін құрылымын түсіну, мәтіннің негізгі ойларын анықтау, фонетикалық талдауының ерекшеліктерін көрсету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: ауызша, жазбаша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін дамыту,алған білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру;сөз қорын молайту.
Тәрбиелік: өз мемлекетін құрметтеуге баулу, ұйымшылдық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, ана тілін, мемлекеттік тілін сыйлауға тәрбиелеу.
Мәтін
22 қыркүйек –Қазақстан халықтарының тілдері күні. Осы мерекеге орай Алматы қаласының көлемінде «Ана тілім-ардағым» атты тіл мерекесі күндері өткізіледі. Мереке күндері аясында қоғам қайраткері, демократ, әдебиеттанушы ғалым, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 134 жыл толуына орай «Тіл тағылымы» атты дәстүрлі «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары » өтті.
Тапсырмалар
III деңгей
1. Мәтінді оқып, аударыңдар.
2. Берілген сөздермен фонетикалық талдау жасаңдар: дәстүр, қыркүйек, әдебиет.
3. Сіздердің оқу орындарында Тіл мерекесі күндері қалай тойланатыны туралы шағын шығарма жазыңдар (10-12сөйлем).
4. Ахмет Байтұрсынов өмірі туралы және осы мерекеге байланысты реферат дайындаңдар.
II деңгей
1.«Әдебиеттанушы», «қайраткер» деген сөздердің мағынасын жазыңдар.
2. Сегіз қырлы, бір сырлы; көзі алақандай болу, тілде сүйек жоқ, сөз есту, тас жүрек, арқа сүйеу берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар. Олардың мағынасын түсіндіріңдер.
I деңгей
1. Сөздермен фонетикалық талдау жасаңдар: ғалым, дәстүр, мәртебе. Сөйлем құраңдар.
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттап, сөйлем құрастырыңдар.
Дроссель – кедергіш
Көзі – источник
Подача – беріс, әперіс ( мех)
Напряжение переменное – айнымалы кернеу
№4 сабақ
Тақырып: Мемлекеттік тіл. Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде. Тіл дамыту.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: фонетиканы қайталау; мәтін құрылымын түсіну, мәтіннің негізгі ойларын анықтау, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: ауызша, жазбаша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін дамыту,алған білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру;сөз қорын молайту, тіл дамыту.
Тәрбиелік: ұйымшылдық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, сауатты жазуға баулу;ана тілін, мемлекеттік тілін сыйлауға тәрбиелеу.
Мәтін
Мемлекеттік тілді меңгеру- кез келген Қазақстан Республикасы азаматының міндеті. Шындығында, мемлекеттік тілде сөйлеу, жазу, оның шұрайлы тілін , қуатты күшін жете білу-біздің парызымыз. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов ана тілі туралы былай деген екен: «Халықтың мәнгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін-ұлы». Біз үшін қазақ тілі-ұлы. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өткені мен бүгінін әлемге танытатын да оның тілі. Қазақ тілі арқылы күллі әлем тәуелсіз мемлекетіміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін және өнерін таниды.
Президентіміз мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуына ерекше назар аударып отыр. Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілін меңгерумен қатар, іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру- бүгінгі күннің өткір мәселесі, заман талабы.
Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруде де ел экономикасымен қатар, әлеуметтік мәселерге, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлуіміз керек. ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен дербес, тәуелсіз мемлекет болуының басты негізі-оның ана тілі.
Тапсырмалар
III деңгей
1. Мәтінді оқып , аударыңдар
2. Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Мемлекеттік тілді меңгеру кімнің міндеті?
2) Ш. Айтматов ана тілі туралы не айтқан?
3) Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіру үшін не істеу керек?
3. Тәуелсіз, гұмыр деген сөздермен фонетикалық талдау жасаңдар.
II деңгей
1. Мәтінге күрделі жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңдер
2. Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
3. Сөздерді буынға бөліңдер, түрін аңықтаңдар: мемлекеттік, өнерін, тәуелсіз, негізі, халықтың,меңгеру, мәселе, азаматының.
I деңгей
1. Мемлекеттік тіл туралы 5 сөйлем жазып, жуан буынды сөздерді атаңдар.
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттап, сөз тіркестерді құрастырыңдар:
Метод – әдіс
Плавить – балқыту
Исследование – зерттеу
Электр. дуга – электр доғасы
Применять – қолдану
II модуль. Қазақстан Республикасының саяси жағдайы. Морфология
№5 сабақ
Тақырып: Әлем елдерімен терезесі тең. Сөз құрамы. Сөзжасам.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: мәтін құрылымын түсіну, мәтіннің негізгі ойларын анықтау, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау; сөз құрамы туралы жалпы мәліметпен таныстыру.
Дамытушылық: ауызша, жазбаша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін дамыту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру;сөз қорын молайту.
Тәрбиелік: ұйымшылдық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, сауатты жазуға баулу;ана тілін, мемлекеттік тілін, өз Отанын сыйлауға тәрбиелеу, мемлекеттің саяси жағдайына қызығушылық арттыру.
Тапсырмалар
Тәуелсіздіктің бір белгісі –еліміздің дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер тарапынан танылуы болса керек. Осыған орай, еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып, ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына жақсы қызмет етті.Тәуелсіз мемлекетіміз 1992 жылы 2 наурыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Республикамыздың туы әлем елдері туларының қатарына қадалды. Әлемдік мемлекеттер қатарына қосылу қарым-қатынасты жаңа арнасын ашты. Тәуелсіз даму жылдарында әлемнің 121 елімен қарым-қатынас орнаттық. Бүгінде Қазақстанның БҰҰ ( Біріккен Ұлттар Ұйымы), ЮНЕСКО ( БҰҰ-ның білім,ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы), ЕҚЫҰ ( Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым) сияқты 64 халықаралық ұйымда өкілдері бар.Сол қауымдастықпен тығыз байланыс- тәуелсіздігіміздің экономикалық, әлеуметтік дамуымыздың да басты кепілдерінің бірі.
III деңгей
1. Мәтін бойынша 3 сұрақ жазыңдар
2. Сөздердің құрамын анықтап, морфологиялық талдау жасаңдар, 2 сөйлем құраңдар: қауымдастықпен, басты, дамуымыздың, ұйымы, қауіпсіздік, әлемдік, жылдарында, әлемнің, тәуелсіздіктің, белгісі
Үлгі: халықтынхалықтың - түбір (негізгі)
-тың- І. с жалғауы
II деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
2. Берілген сөздермен сөйлем құраңдар: еліміздің сыртқы саясаты, әлемдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдарға, қарым-қатынас.
I деңгей
1. Газет материалдары негізінде Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынастары туралы әңгіме құраңдар.
Қосымша тапсырма:
Кестені мысалдармен толтырыңдар
Біріккен сөздер
|
Қос сөз
|
Қысқарған сөз
|
|
|
|
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттап, сөз тіркестер құрастырыңдар:
Система – жүйе
Горение – жану
Защищать – қорғау
Соединение – қосылыс
Группа – топ
Свойства –қасиет
№6 сабақ
Тақырып: Ынтымақтастық. Күрделі сөздер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Сөз құрамын қайталау, мәтіннің мазмұнын түсіну, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: жазбаша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін дамыту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.
Тәрбиелік: ұйымшылдық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, сауатты жазуға баулу; өз Отанын сыйлауға тәрбиелеу, тарихқа қызығушылықтарын арттыру.
Мәтін
Ынтымақтастық
Бугінгі куннің көкжиегінен көз салсақ,ТМД-ның осы ұйымға мүше мемлекетердің дамуына қаншалықты ықпал еткенін бағамдау қиын емес.Әсіресе,ескі жүйе кұлай салысымен қиын-қыстау уақытқа тап келген жас мемлекеттердің тұрақтылығы мен ынтымақтастығын сактап қалудағы рөлі ерекще.ТМД қурылғаннан бері осы ұйым аясында 1600-ден астам құжат қабылданып,қазіргі кезде оның 10 пайызға жуығы жұмыс істейді.Саммитте сөз алғаң Н.Назарбаев: «Бугінде аса ірі мемлекеттің ыдырау салдарынан туындаған қиындықтарды жеңілдетуде Достастықтың үлкен рөл атқарғанын сеніммен айтуға болады. Сол кезеңдегі осындай ауыр міндеттерді шешу арқылы ТМД өзінің тарихи миссиясын орындады»,- деді. ТМД –ның төрағасы ретінде қазақ басшысы бұл жолғы Саммитте алдағы мақсаттарды айқындайтын реформалық бағдарлама ұсынды. Осы ретте төраға бес бағытты атап өтті:
көші-қон саясаты саласындағы ынтымақтастық
транспорттық инфрақұрылымды дамыту және бірлесе пайдалану
Ғылым және білім беру саласындағы байланыстарды кеңейту
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Трансшеқаралық қылмысқа қарсы тұру мәселесі.
1992 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы жұмыс сапарымен барды.Сол сапардың барасында «Сауда Қатынастары жөнінде келісім», «Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт», «Қазақстан Республикасы және АҚШ өкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға» қол қойылды.Сөйтіп,екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды.
Тапсырмалар
III деңгей
1. Мәтінді оқып, аударыңдар.
2. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар: Қазақстанның сыртқы саясаты, экономикалық ынтымақтастық, реформалық бағдарлама, экономикалық мәселелер.
II деңгей
1. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазыңдар, 3 сөзбен сөйлем құраңдар.
2. «Саясат »деген тақырыбына диалог құраңдар.
I деңгей
1. Сөздердің сөз құрамын анықтаңдар, 3 сөйлем құраңдар:
штаттарына, өкіметтері, гуманитарлық, саласымен, көкжиегінен, салдарынан, қиындықтарды, төрағасы. 3 сөйлем құраңдар.
Қосымша тапсырма:
Берілген морфемалардан сөз құраңдар: ші, бейбіт, лік; шек, іні; тік, өн, ріс, ді; тар, заман, дас; аға, тай; аға,лар, тай, ың; ші, көп, пен, лік; оқыр, ыңыз, ман, бен, дар.
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөз тіркестердің мағынасын қалай түсінесіңдер, жазыңдар:
дайындық операциялар,құрастыру операциялар, пісіру операциялар;эрлеу операциялар, көмекші операциялар, бақылау операциялар.
№7 сабақ
Тақырып: Етіс түрлері. Экономика.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: етіс түрлерімен таныстыру, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау
Дамытушылық: жазбаша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін дамыту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.
Тәрбиелік: ұйымшылдық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, сауатты жазуға баулу; экономикаға қызығушылықтарын арттыру.
Тапсырмалар
III деңгей
1. Етістің түрлерін ажыратып, 5 сөйлем құраңдар: қайтарт, шаптыр, аударғыз, қысыл, ағарт, сайлан, сұран, жинат, өсіріс, кетір, таптыр, қондыр, шашқыз, теріс.
2. «Банкте» тақырыбына диалог құраңдар. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.
II деңгей
1. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер:
- Шығасы шықпай, кіресі кірмейді;
- Оңай олжа оңалтпас;
- Мал өсірсең,қой өсір,өнімі оның көл-көсір;
- Ақша ашпайтын құлып жоқ;
- Жоқтық ұят емес, Тоқтық мұрат емес
2. Етіс түрлерін жасаңдар: бекіту, айту, тазалау, жинасу, жуыну, теру
I деңгей
1. «Мұнай және газ-Қазақстан экономикасының тірегі» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңдар.
Кәсіби сөздермен жұмыс:
Сөздерді жаттап, 2-3 сөйлем құрастыр:
Өндіріс- производство
Дайындық-подготовительный
Әрлеу-отделка
Көмекші-вспомогательный
Бақылау- контролировать, проверять
Жік- шов
Ию- гибка
№8 сабақ