ЦӘК төрайымы /Председатель цмк байтурсынова А. Ж



бет3/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,29 Mb.
#34325
1   2   3   4   5   6   7

Кәсіби сөздермен жұмыс:

  1. Сөздерді жаттап,сөйлем құрыңдар:

Өткізгіш- проводник, провод

Электрқожды пісіру- сварка электрошлаковая

Электрдоғалы пісіру- электродуговая сварка

Өзек- сердечник

Орама- обмотка

Флюс қабатының астында пісіру- сварка под слоем флюса

17 сабақ

Тақырып: Бауыржан Момышұлы. Кітап-сенің досың.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Лексикалық тақырып бойынша жалпы түсінік беру, сөйлем түрлері мен сөйлем мүшелерін дұрыс белгілеуге үйрету; диалогтың мазмұнын түсінуге және аударуға , берілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.

Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.

Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; ұлы адамдар өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу,өз мемлекетінің тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру, сабақ материалы негізінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.
Диалог


  • Бауыржан Момышұлы кім?

  • -Кеңес Одағының Батыры, жазушы.

  • Ол қай жылдары өмір сүрген?

  • 1910-1982 жж.

  • Ол қай жерде туған?

  • Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған.

  • Соғыстан кейін ол қай жерде қызмет істеді?

  • Жоғары әскери академияны бітіріп, сол академияда сабақ береді.

  • Шығармашылық жұмыспен қай уақыттан бері айналысады?

  • 1956 жылы әскери демалысқа шыққаннан кейін.

  • Ол тек қазақ тілінде жазды ма?

  • Қазақ, орыс тілдерінде бірдей жазған.

  • Б. Момышұлының қандай кітаптары шетел тілдеріне аударылды?

  • «Біздің отбасы», «Артымызда Мәскеу», «Майдандағы кездесулер»

1.  Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.

2.  «Кітап –сенің досың» тақырыбына шағын шығарма немесе баяндама жазыңдар.

3.  Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар:

1)  Б. Момышұлы- Кеңес Одағының Батыры, жазушы, ерекше тұлға.

2)  Ол туралы жазылған көркем шығармалар, өлең-жырлар, ауызекі әңгімелер халық арасында кеңінен таралған.

3)  Б. Момышұлының өмірі туралы күрделі сөйлем құраңдар.


Кәсіби сөздермен жұмыс:

  1. Сөздерді жаттап,сөз тіркестерді құрыңдар:

Зәкір- якорь

Жинағыш- коллектор

Өріс- поле

Сызық- линия Қиысу- пересекаться

Шығу- возникать Жану- сгорание

Қозғалтқыш- двигатель Қылшақ- щетка

18 сабақ

 Тақырып: Олжас Сүлейменов. Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы.



Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы туралы, лексикалық тақырып бойынша жалпы түсінік беру, сөйлем түрлері мен сөйлем мүшелерін қайталау; мәтіннің мазмұнын түсінуге және аударуға , берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыруға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.

Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.

Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; ұлы адамдар өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу,өз мемлекетінің тарихына, әдебиетіне, мәдениетін«Қыш кітап»

«Қыш кітап»-көркемдігі, философиясы жағынан аса биік, этнографиялық жағынан соны, орындалуы, техникасы жағынан шебер шығарма. Тарихи тақырыпты қозғалғанмен автор оны фон ретінде алып, бүгінгі күннің шындығын айтуға тырысады. «Қыш кітап» поэмасы бұдан 3000 жыл бұрынғы оқиғалар мен қазіргі заманды жалғастыратын да, жалғастырған да алтын көпір іспетті.Бұл жай ғана уақытша қабыстыру емес, бұл –генетикалық, этнографиялық негізі бар көшпенділер ұрпағының байланысы.

Автордың негізгі идеясы-қазақ тарихының да терең, оның әлемдік өркениетке өз үлесі бар екенін айту. Енді автордың осы ойын жеткізу шеберлігі қандай, соған тоқталайық.

Осы орайда поэманы үш тұрғыда: тарихи шындық, философиялық, көркемдік жағынан қарастырамыз. Тарихи шындық-поэманың алтын өзегі, онсыз (деректерсіз) ақынның ойы іске аспаған болар еді. Поэмадағы кейіпкер өмірде болған, аты тасқа қашалып,тарих шындаған адам. Ал дастанға өзек болған халық- скифтер мен оғыздардың ежелгі Ассирияға, қазіргі Қазақстан аумағынан қоныс аударған деген болжам бүгін ғылыми түрде расталып отыр.

Автор тарихи деректерді ойнатып, логикалық жүйемен жақсы қолдана, қорыта білді.
Тапсырмалар:

III деңгей

1.  Сұрақтарға жауап беріңдер:

- «Қыш кітап » қандай шығарма?

- Оның авторы кім?

- Автор осы кітаппен нені айтуға тырысты?

- Автордың негізгі идеясы қандай?

- Поэма қанша тұрғыда қарастырылады?

2. Бірінші сөйлемді теріп жазып, ондағы бастауыш пен баяндауыштың байланысын түсіндіріп, қандай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.


II деңгей

1. Сұраққа толық жауап беріңдер: «Қыш кітап» -шебер шығарма» деп неліктен айтылған?

2. Эр сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін теріп жазып, бастауыш пен баяндауыш туралы толық мәлімет беріңдер.
I деңгей

1. «Қыш кітап» туралы ой-пікірлеріңді зерттеңдер. Олжас Сүлейменовтің өмірі және қызметі туралы реферат жазыңдар.

 

Кәсіби сөздермен жұмыс:


  1. Сөздерді жаттап,сөйлем құрыңдар:

Шашыранды- брызги

Кешен- комплекс

Құрастыру- собирать

Түйіс- стык

Түзету- правка

Тот- ржавчина

19 сабақ

Тақырып: Мұзафар Әлімбаев. Шешендік сөздер. Мақал-мәтелдер. Нақыл сөздер.

Сабақтың мақсаттары: Шешендік сөздер,мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер туралы жалпы түсінік беру,Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, сөйлем түрлері мен сөйлем мүшелерін қайталау; нақыл сөздердің мазмұнын түсінуге және аударуға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.

Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдылырын жетілдіру.

Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; ұлы адамдар өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу,өз мемлекетінің тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру.
Мәтін

Мұзафар Әлімбаев- халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, сонымен қатар Абай атындағы және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың да иегері, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ы. Алтынсарин медалінің иегері, көрнекті ақын, көп қырлы Мұзафар Әлімбаев Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Қаратөбе аулында туған.

2000 жылға дейінгі мағлұмат бойынша М. Әлімбаевтың әр алуан жанрдағы елуден астам төлтума кітаптары жарық көрген, таңдаулы өлең-жырлары әлем халықтарының 39 тіліне аударылған. сонымен қатар ол 300-ге тарта ән-өлеңдерінің авторы.
Тапсырмалар:

1.  «Мұзафар Әлімбаев – қазақ поэзиясының алдаспаны» тақырыбына шығарма жазыңдар.

1.  Мұзафар Әлімбаев- Қазақстанның халық ақыны.

2.  Әр жанрдағы шығармалары.

3.  Қазақ ән-өлеңдерінің кәсіби ақыны.

2.  М. Әлімбаевтың «Батамен ер көрегер» кітабынан бір батаны жаттап алыңдар.

Әулет түбірлі болсын,

Ұрпақ ғұмырлы болсын,

Ұлың ұғымды болсын,

Қызың жұғымды болсын,

Жастар қанатты болсын,

Қарттар санатты болсын,

Еңбек танымды болсын,

Жеміс шырынды болсын.

 3. Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің аудармасын жазыңдар:

1.  Өз білмегеңді кісіден сұра, Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

2.  Тіліңнен жүгірме, біліммен жүгір.

3.  Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала.

4.  Ақыл-Алланың бергені, Білім- адамның тергені.

5.  Жеріңді сатпа, Теріңді сат.

6.  Ата жолың ұмытсаң-адасасың, Ағарады мезгілсіз қара шашың.

7.  Адамдарды тіл бөлмейді, діл бөледі, Адамдарды күн бөлмейді, түн бөледі.

8.  Шешендік- адамның көркі. ( Гораций)

9.  Шешендік- ақылмен билеу өнері ( Платон)

10. Шешеннің сөзі –мерген, Шебердің көзі- мерген.

11. Көп сөйлеме, азбен келтір иінін, Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.

4.  Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер және шешендік сөздердің анықтамаларын жазыңдар.
III деңгей

1. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар:

1)  Мұзафар Әлімбаев- қазіргі заманғы қазақ ән-өлеңдерінің профессионал ақыны, сөз зергері.

2)  Ақын 1949 жылдан бері осы жанрда жемісті еңбек етіп келеді.

3)  Бұл әндер жалпы қазақ музыка мәдениетін биікке көтеріскен туындылар.

2.  Мұзафар Әлімбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы зерттеу жұмыс жазыңдар.

 

II деңгей

1.  Сөйлемді дұрыс құраңдар:

а) Сенің, кітап, ақыл-ой, адал, досың, өмірлік, есті, жолдасың.

б) М. Әлімбаев, жазушысы, Қазақстанның, сыйлықтың, халық, Мемлекеттік, қызметкері, мәдениет, иегері.

в) Туған, ол, облысының, Павлодар, ауданындағы, Баянауыл, ауылында, Қаратөбе.

г) Иегері, ол, медалінің, Ы. Алтынсарин, ақын, көрнекті.

 

I деңгей

1.  Мұзафар Әлімбаевтың өміржолы мен шығармашылығы туралы реферат, баяндама, жазыңдар.

2.  Ақынның 3-4 нақыл сөздерін жаттап алыңдар.

  

Кәсіби сөздермен жұмыс:



  1. Мамандыққа байланысты 10 сөз жазып, олармен шағын шығарма жазыңдар.



V модуль. Мамандық әлемінде. Кеңсе қағаздары
20 сабақ

Тақырып: Лисаков техникалық колледжі. Кәсіптік лицей. Құжаттардың топтасуы.

Сабақтың мақсаттары: колледж, кәсіптік лицей туралы жалпы түсінік беру, құжаттар түрлерімен таныстыру, өткен материалды қайталау; мәтіннің мазмұнын түсінуге және аударуға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.

Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту, кәсіби сөздер мен түсініктерді үйрету, грамматикалық білімдерін практикалық жұмыста қолдануға үйрету және жалпы оқу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; еңбек ардагерлерінің өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу, кәсіби тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Мәтін

Лисаков техникалық колледжі 1970 жылы құрылған.

Лисаков техникалық колледжі Қостанай облысында атақты және беделді оқу орындарының бірі. Осында көп мамандықтар: экономика және есептеу техникасының негіздері, кең орындарын ашық түрде игеру, тамақтандыру кәсіпорындарының маманы, құрылысшы, дәнекерші және т.б.

Колледж екі ғимараттан құрылған. Негізгі ғимараты төрт қабатты. Бірінші қабатында асхана, дәмхана, кітапхана, орналасқан. Екінші қабатта мұғалімдер бөлмесі, директордың кабинеті, әкімшілік кабинеттері бар.Жоғары қабаттарда негізінен пәндерді оқыту кабинеттері орналасқан.

Сонымен қатар түрлі шеберханалар, спорт залы, мәжіліс залы орналасқан. Оқу кабинеттері мен шеберханалар теледидармен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен, түрлі оқу құралдарымен жабдықталған. Стадионда спорт түрлерімен айналысып, дене шынықтыру сабақтары қызықты өтеді.

Басқа жерден келген оқушыларға жатақханада бөлме беріледі. Жатақхана оқу орнының қасында орналасқан. Жатақхана ғимаратында да оқу кабинеттері бар. Түстен кейін осында сырттай оқитын студенттер дәріс алады.

Колледжде жоғары білімді ұстаздар және шеберлер жұмыс істейді. Оқу үрдісінің материалдық базасы да жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Кәсіптік шеберлігін арттыру үшін арнайы шеберханалар бар.

Студенттің өмірі тек қана оқумен шектелмейді. Сонымен қатар колледжде мәдени іс-шаралар өткізіледі, әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Колледж түлектері әр түрлі кәсіпорындарда табысты еңбек етуде.



Сөздік

атақты – известный

ғимарат – здание

кен орындарын ашық түрде игеру – открытая разработка полезных ископаемых

есептеу техникасының негіздері – основы вычислительной техники

әкімшілік – администрация

мәжіліс залы – конференцзал

жатақхана – общежитие

сырттай оқитын – заочное обучение

кәсіптік шеберлік – профессиональное мастерство

Белгілеу-фиксация

Атауы-наименование

Толтыру-составление

Жасалу- создание

Сақталу- сохранение

Тұпнұсқа- оригинал

Көшірме- копия

Құпия-секретный


Құжаттардың топтасуы


1


Белгілеу тәсіліне қарай
Мазмұнына қарай
Атауына қарай
Түріне қарай

Толтыру орнына қарай

Орындалу мерзіміне қарай

Шығу тегіне қарай

Жариялық дәрежесіне қарай

Заңдылық күшіне қарай

Жасалу сатысына қарай

Сақталу мерзіміне қарай



Жазба, графикалық, акустикалық (фото, кино, бейне құжат).

Ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары.

Ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б.

Ішкі, сыртқы (кіріс, шығыс).

Жедел, жедел емес (жай).

Қызметтік, ресми-жекелік.

Қарапайым, құпия.

Шын, жалған құжаттар.

Түпнұсқа, көшірме.

10 жылдан жоғары тұрақты сақталатын, 10 жылға дейін уақытша сақталатын.




Тапсырмалар

III деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын аударып, ауызша әңгімелеңдер.

2. Сұрақтарға жауап беріңдер:

-  Лисаков техникалық колледжі қай жылы құрылған?

-  Колледж неше ғимараттан тұрады?

-  Колледждің жанында не орналасқан?

-  Колледж кабинеттері қалай жабдықталған?

-  Колледж қандай кәсіпорындарымен әріптес болады?

-  Колледж түлектері қайда жұмыс істейді?

-  Колледжде неше бөлім бар?

-  Колледждің еңбек ардагерлерін білесіңдер ме? Олар кім?

-  Колледжде қандай дәстүрлер бар?

-  Колледж қандай мамандықтарға оқытады?

3. Сөздерді жіктеңдер: маман, шебер, оқытушы, тәртіпті



II деңгей

1. Сөздерді септеңдер: колледж, шебер, білім, жатақхана, мамандық.

2. Сөздерді тәуелдеңдер: мамандық, білім, шеберлік, оқу.

3. Сұрақтарға жауап беріңдер:

-   Колледжде неше бөлім бар?

-   Колледждің еңбек ардагерлерін білесіңдер ме? Олар кім?

-   Колледжде қандай дәстүрлер бар?

-   Колледж қандай мамандықтарға оқытады?


I деңгей

1. Құжаттардың топтасуы туралы әңгіме жасаңдар.

2. Берілген сөздермен сөйлем құраңдар: тұпнұсқа, көшірме, толтыру, атауы.

 

Қосымша тапсырма:

1. Сөздердің сөз құрамын анықтаңдар: шеберлігім, кәсіпорындармен, техникалық, әкімшілік, сырттай, техникасының, сырттай, кәсіптік.

2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар:

Жоғары қабаттарда негізінен пәндерді оқыту кабинеттері орналасқан.

3. Құжаттардың топтасуы туралы өзара сөйлесіңдер.


Кәсіби сөздермен жұмыс

  1. Етістіктермен сөйлем құрастырыңдар:

Плавить – балқыту

Исследование – зерттеу

Применять – қолдану

21 сабақ



Тақырып: Бұйрық. Пісіру процесінің тарихынан.

Сабақтың мақсаттары: құжаттар түрлерімен таныстыру, өткен материалды қайталау; мәтіннің мазмұнын түсінуге және аударуға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.

Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту, іс қағаздарын дұрыс толтыруға үйрету, кәсіби сөздер мен түсініктермен таныстыру, мамандыққа қатысты сөздермен жұмыс істеуге үйрету, грамматикалық білімдерін және кәсіби сөздерді практикалық жұмыста қолдануға баулу және жалпы оқу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; еңбекте ұқыпты болуға тәрбиелеу, өз мамандығына және кәсіби тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Бұйрық

Бұйрық – ресми құжаттардың бірі. Азаматтарды жұмысқа қабылдау, босату, басқа жұмысқа ауыстыру мәселелерін шешуге бағытталған.


Бұйрық



Шығарылған жері

(қазақ тілінде)

Нұсқаулықты енгізу туралы

(о введении инструкции)


Мәтін

(текст)


Директор _________________Қолы___________Қойылған қолдың анықтамасы

( подпись) (Расшифровка подписи)


Бұрыштамалар Іске

( виза) ( дело)

Орындаушының Қолы

Аты-жөні мен телефоны





Тапсырмалар:

1. Бұйрық анықтамасын аударыңдар, мәліметті толықтырыңдар.

2. Жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрық мәтінің құраңдар.

3. Сөз және сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар. Бір сөзге синтаксистік талдау жасаңдар.

Бұйрық, қабылдау, қабылдансын, қол қою, қызмет.

4.Төмендегі берілген тұйық етістіктерді бұйрық райдың III жағына ( -сын, -сін) қойып жазыңдар.

Үлгі: Тағайындалу- тағайындалсын

Ауыстырылу, жүктелу, уақытша атқару, босатылу, қабылдану, шығарылу.

22 сабақ

Тақырып: Жарғы. Пісіру түрлері. Виды сварки

Сабақтың мақсаттары: құжаттар түрлерімен таныстыру, өткен материалды қайталау; мәтіннің мазмұнын түсінуге және аударуға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.

Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту, іс қағаздарын дұрыс толтыруға үйрету, кәсіби сөздер мен түсініктермен таныстыру, мамандыққа қатысты сөздермен жұмыс істеуге және мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне аударуға үйрету, грамматикалық білімдерін және кәсіби сөздерді практикалық жұмыста қолдануға баулу және жалпы оқу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; еңбекте ұқыпты болуға тәрбиелеу, өз мамандығына және кәсіби тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.

Жарғы – ұйымның, мекеменің, жеке адамдардың қызметін, сондай – ақ олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым – қатынасын реттейді. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейді. Бұл ережелер жинағын мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді.
Жарғының үлгісі

Жарғы Бекітілді

    1. № Жиналыстың хаттамасы

Шығарылған жері
00.00.00 №1

Мәтін


Бас директор _________________Қолы___________Тегі, есімі, әкесінің аты



Сөздік

Жарғы – устав

Ереже – положение

Жалпы ережелер – общие положения

Ұйымның атауы – наименование организации

Бекітілді – утвержден


Тапсырмалар:

  1. Жарғы туралы мәтінді оқып аударыңдар.

  2. Бір мекеменің жарғысын талдаңдар.

  3. Жарғының құрылымын айтып беріңдер.

  4. Сөздермен сөйлем құраңдар: жарғы, жалпы ережелер, қызмет, шешім қабылдау, жеке тұлғалар, бекіту, ұйымның атауы.

23 сабақ



Тақырып: Келісімшарт. Доғалы пісіру барысындағы еңбек қауіпсіздігі.

Сабақтың мақсаттары: құжаттар түрлерімен таныстыру, өткен материалды қайталау; мәтіннің мазмұнын түсінуге және аударуға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.

Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту, іс қағаздарын дұрыс толтыруға үйрету, кәсіби сөздер мен түсініктермен таныстыру, мамандыққа қатысты сөздермен жұмыс істеуге және мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне аударуға үйрету, грамматикалық білімдерін және кәсіби сөздерді практикалық жұмыста қолдануға баулу және жалпы оқу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: сауатты жазуға баулу; еңбекте ұқыпты болуға тәрбиелеу, өз мамандығына және кәсіби тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Келісімшарт

Келісімшарт – жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.

1. Келісімшарт туралы мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңдар: келісімшарт, сатып алу, жеке меншік, тұрғын үй, тұратын, жасалды.

3. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа ( -ды, -ді, -ты, -ті) қойыңдар. Олардан сөйлем құраңдар.

Үлгі: Біз осы құжатты жасадық.

Жасау, берілу, құру, төлену, сатылу, қол қою, тіркелу, сату, сатып алу, берілу.


Сөздік

Шарт – договор

Көрсетілген - указанный

Мәміле – сделка

Құрайды – составляет

Анықталды – установлен


Тексерілді – проверен

Реттеу – распределять

Ресми – официальный

Құжат – документ

тұлға - личность

24 сабақ



Тақырып: Өтініш. Пісіру жабдықтары.Сварочное оборудование

Сабақтың мақсаттары: құжаттар түрлерімен таныстыру,кәсіппен байланысты жабдықтармен таныстырып, өткен материалды қайталау; мәтіннің мазмұнын түсінуге және аударуға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.

Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту, іс қағаздарын дұрыс толтыруға үйрету, кәсіби сөздер мен түсініктермен таныстыру, мамандыққа қатысты сөздермен жұмыс істеуге және мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне аударуға үйрету, грамматикалық білімдерін және кәсіби сөздерді практикалық жұмыста қолдануға баулу және жалпы оқу дағдыларын жетілдіру.
Өтініш

Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы тілегі баяндалады, мамандығы, кәсіби, квалификациясы мен өзі сұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі. Өтініш қолмен жазылады!
Жұмысқа қабылдау туралы өтініш үлгісі

«Көктем» фирмасының

бас директоры

А.С. Аязбаев мырзаға

Алтынбаева Сәуле Қуанышқызынан,

мекенжайы: 418048, Астана

қаласы, Қастеев көшесі, 12-үй,7 пәтер

Өтініш


Мені есепші қызметіне жұмысқа алуыңызды сұраймын.

    1. қолы


Сөздік

Қабылдау – принимать

Өтініш – заявление

Жұмыс – работа

Мырза- господин

Алу – принимать

Қызмет – служба, работа

Есепші –бухгалтер


Тапсырмалар:

  1. Өтініш анықтамасын оқып, аударыңдар.

  2. Үлгі бойынша жұмысқа қабылдауға өтініш жазыңдар.

  3. Етістіктерді келер шақтын барлық түрлеріңде жіктеңдер: жазу, қабылдау.

  4. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар: Мен кеше өтініш жаздым.

  5. Сөздерді тәуелдеңдер: өтініш, мекенжай, қызмет

  6. Сөздерді тәуелді септеу түрлеріңде септеңдер: қызметі, өтінішім.



VI модуль. Өткен грамматикалық материалды қайталау
25 сабақ

Тақырып: Фонетикалық талдау. Электродтар.

Сабақтың мақсаттары: құжаттар түрлерімен таныстыру,кәсіппен байланысты жабдықтармен таныстырып, өткен материалды қайталау; мәтіннің мазмұнын түсінуге және аударуға үйрету, өткен материал бойынша білімдерін тиянақтау, грамматикалық тақырыптарды қайталау.

Дамытушылық: жазбаша, ауызша ойлау мен сөйлесу қасиеттерін дамыту, іс қағаздарын дұрыс толтыруға үйрету, кәсіби сөздер мен түсініктермен таныстыру, мамандыққа қатысты сөздермен жұмыс істеуге және мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне аударуға үйрету, грамматикалық білімдерін және кәсіби сөздерді практикалық жұмыста қолдануға баулу және жалпы оқу дағдыларын жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет