Медицина терминдерін қазақшаға аударуға болады
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Профессор Ахметов Ж.Б
2017 жылғы оқу жылында Білім және Ғылым министрлігінің мәліметі бойынша 1-ші сынып оқушыларының 90 пайызы қазақ тілді мектептерге барыпты.
Терминком 2017 жылы бекітті деген медициналық терминдердің 95 пайызы орыс тілді терминдер. Сонда қалай қазақ тілінде оқыған балаларды орыс тілінің терминдерімен сусындатамыз ба?
«Қазақ тілінің өз материалынан ғылыми термин жасауға болмайды деген үстірт те, сыңаржақ пікір бар» дейді, академик Әбдуали Қайдаров (1993ж).
Мен 1994 жылы «Ана тілі» (№18) газетіне «Патологиялық анатомия» оқулығы жазу барысында жинақталған 146 атаусөз беріп едім, олардың 140-ы әлі де қолданыста жүр. Сол сөздерден мысалдар:
Аглоссия – тілсіздік
Агнатия - жақсыздық
Анасарка – тері шемені
Анастомоз – жалғама
Вакуолизация – көпіршіктену
Васкуляризация – тамырлану
Везикула – сулы бөртпе
Гепатизация – бауырлану
Гиалинизация – шеміршектену
Гиперкератоз – күстену
Гиперостоз – сүйек тасуы
Гипоплазия – шала даму
Грануляция – бүртіктену
ДВС синдром – қанның шашыранды ұюы (ҚШҰ- синдромы)
Дегидратация – сусыздану
Дегрануляция – бүртіксіздену
Дезинтоксикация – уытсыздандыру
Дезодорация – иіссіздендіру
Декальцинация – әксіздену
Декомпрессия – қысымсыздандыру
Демаркация – шекаралану
Депигментация – пигментсіздену
Десквамация – көшіп түсу
Деструкция – құрылымсыздану
Деформация – пішінсіздену
Имбибиция – сіңу
Индурация – тығыздану
Инкапсуляция – қабықтану
Инфильтрат – сіңбе
Инфильтрация – сіңбелену
Кальцификация – әктену
Канализация – өзектену
Карнификация – еттену
Катетеризация – катетерлеу
Кератинизация – түлеу
Компенсация – орнын толтыру
Криптогенный – жасырын
Лихорадка – ысытпа
Локализация – жайғасу орны
Малигнизация – қатерлілену
Маляция – жұмсау
Мацерация – жиду, сыдырылу
Метастаз – көшінді
Миграция – көшу
Милиарный – тары дәніндей
Мумификация – мумиялану
Мутиляция – үзіліп түсу
Нейтрализация – бейтараптану
Некробиоз – шала өлу
Некроз – өліеттену
Обтурация – тығындалу
Организация – дәнекертіндену
Оссификация – сүйектену
Остеоартроз – шор буын
Патология – дерттану
Перфорация – тесілу
Петрификация – тастану
Реанимация – тірілту
Регенерация – жаңару
Реституция – толық жаңару
Соскоб – қырынды
Спайка – жабыспа
Специфический – ерекше, арнайы
Строма- тін
Субститация – шала жаңару
Трансформация – айналу
Тромб – ұйынды
Эпителизация – эпителилену.
Медициналық терминдер бізге латын, грек тілдерінен келген оларды аударуға болмайды деп жүрген өзіміз. Басқа мемлекеттен біреу келіп тексереді ме деп қорқамыз, 27 жыл бойы сол қорқыныштан арыла алмай келеміз, қазақ тілінде «орысша сөйлеудің» қас шебері болып алдық.
Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедұлы және т.б салып кеткен сара жолдан ауытқып, басқа бір «проспектіге» түсіп кеткен сияқтымыз.
Жапондықтар не үшін 12 жыл балаларын өз тілінде оқытады: ұлтының әдет ғұрпын, тілін толық бойына сіңірсін, деп. Ұлт психологиясын, ұлт тілін миыңызға сіңдірмей сіз еш уақытта ұлтжанды адам бола алмайсыз, Мұхтар Шаханов айтқандай компьютер басты жарты адам ғана боласыз.
Қазақтың сөз байлағын сарқа пайдаланбай, шет тілге жалтақтап отырсақ бізді ешқашан қазақ терминологиясы қалыптаспайды.
Балаларымызды, немерімізді, орысша оқытып отырсақ, немесе қазақ мектебінде берген балаларымыз бір - бірімен орысша сөйлесіп отырса, олар келешекте қазақша терминология қалыптастыра алады деу бекер әңгіме.
Осы жерде отырған, ауылдан келген біздер ғана Қазақ терминологиясын қалыптастырып кете аламыз, себебі біз қазақ тілінің қаймағының дәмін татқанбыз, сол дәмді орысша ойлайтын бауырларымызға таттыру біздің міндетіміз.
Мұхамедия Ахметтөре ұлының «Медицина терминдерінің сөздігінің»(2005ж) тек «А» әрібінің ішінде қазақша аудармасы бар 100 термин жүр. Ол жердегі қазақша терминдердің бәрі екінші орында немесе орыс терминдері қазақшаланбаған.
Абазия – жүре алмау
Абберация – ауытқу
Абдоминальный - құрсақтақ
Абдуктор – сыртқа тартқыш
Аблефалия - қабақсыздық
Аборт – түсік
Абрахия – қолсыздық
Абсорбция – сіңу
Агалактия – сүтсіздік
Агевзия – дәмсезбеу
Агония – жанталас
Аграфия – жаза алмаушылық
Агрипния – ұйқысыздық
Адактилия – саусақсыздық
Адаптация – бейімделу
Адвентиция – тамыртыс (Х.Д)
Адгезия – жабысу
Аддуктор – ішке тартқыш
Аденит – безқабыну
Адсорбция – сорылу
Акардия – жүрексіз туылу
Акинезия – қимылсыздық
Акклиматизация – жерсіндіру (А.Қ)
Аккомодация – көзікем (А.Қ)
Аккумуляция – жинақталу
Акромион – топшы
Аксиальный – өстік
Активатор – белсендіргіш
Акцептор – қабылдағыш
Алгезия – ауырсыну
Алимфия – лимфасыздану
Алкалоз – сілтілену
Альвеола – ұяшық
Альтерация – бұзылу
Амастия – емшексіздену
Аменорея – етеккірсіздену
Амилия – жұлынсыздық
Амимия – ымсыздық
Амнезия – ұмытып қалу
Аналгия – ауырсынбау
Анасарка – тері шемені
Анастомоз – жалғама
Аневризма – қалталану (Х.Д)
Анестезия – сезімсіздендіру
Аномалия – ауытқу
Анорхизм – атабезсіздік
Антефлексия – алға бүгілу
Антидот – у қайтарғыш
Анурия - зәрсіздік
Анэнцефамия – басыжоқтық
Аортит – қолқа қабыну
Аплазия – дамымау
Апневмия – өкпесіздік
Аподия – аясыз туу
Аппликация – жапсыру
Аптиализм – түкіріксіздік
Аргирофилия – күмістену
Аритмия – ырғақсыздық
Артрит – буынқабыну
Асбцесс – іріңқалта
Асомния – ұйқысыздық
Астма - демікпе
Асфиксия – тұншығу
Ателектаз – ауасыздану
Атермия – қызусыздану
Атрезия – бітеутесік
Атрихоз – жүнсіздік
Атрофия – сему
Аускультация – тыңдап көру
Ауто – өзіндік
Аутоаллергия – өзіндік аллергия
Аутоантиген – өзіндік антиген
Аутоантитело – өзіндік қарсы дене
Аутовакцина - вакцина
Афония – үнсіздік
Ахейлия – ерінсіздік
Ахилия – сөлсіздік
Ахолия – өтсіздік
Ахромия – түссіздік
Ацидоз – қышқылдылық
Аэрация – ауаландыру
Аэрофагия – ауажұтушылық
Достарыңызбен бөлісу: |