«Алматы технологиялық университеті» АҚ «Дизайн, текстиль және киім технологиялары» факультеті
«Бұйым және тауар технологиясы мен құрастырылуы» кафедрасы
ПӘН: «ТІГІН БҰЙЫМДАРЫН ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ» ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №4-5 Әйелдер иық бұйымының базалық конструкциясын құрастыру
Онғарбаева Зәуреш Болатбекқызы
Эл.адрес: zauresh.b.90@mail.ru Жұмыстың мақсаты: Үлгілі тұлғаға БК-ны құрастыру үшін бастапқы деректерді қарастыру.
Жұмыстың мазмұны:
1. Эскиз орындау. Жакет, тік силуэт артқы бой орта тігіспен, өлшем 164-88-96.
2. Косымшаларды таңдау.
3. Конструкцияның алдын ала есебін шығыру.
4. Әйелдер иық бұйымының сызбасын құрастыру.
Керекті құралдар: сызғыш, карандаш, миллиметровка.
Әдістемелік көрсеткіш
Эскиз орындау. Жакет, тік силуэт артқы бой орта тігіспен, өлшем 164-88-96.
Ұсынылған бұйымға техникалық эскизді орындалады. Конструкцияның сызбасын тұрғызу үшін17-326-81 ОСТ дан өлшем 164-88-96 керекті өлшемдер таңдалады. Ассортиментке және силуэтке байланысты кестеден қосымшалар таңдалады. Алдын ала есебі жасалады, осыған байланысты қолтық ойындының минималды енін анализдейді. БК ның сызбасын есептеп, кесте түрінде есепті жазады. Тордың алдын-ала есебі 5 – кестеге, ал конструкция сызбасының есебі 6 – кестеге толтырылады.
Сурет 1 - Жакет, тік силуэт артқы бой орта тігіспен
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1. Силуэттердің түрлерін ата?
2. Тік силуэтте Пг қосымша (%) пайыз бойынша қалай бөлінеді?
3. Алдын ала тор есебінің мақсаты?
4. БК және МК дегеніміз не?
5. Артқы бойы тігісіз және тігіспенен бұйымдардың айырмышылығы?