Сабақтың мақсаты: Білімдік



Дата24.04.2017
өлшемі159,8 Kb.
#14749
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Жеңі тұтас пішілген иық бұйымының сызбасын жасау үшін өлшем алу.


Сабақтың мақсаты:
Білімдік: жеңіл иық бұйым түрлерімен таныстыру; денебітімдерді өлшеу туралы білімдерін жетілдіру, өлшембірліктерінің қосымша кеңдігін ажырата білуге үйрету; оқушыларды өлшемдерді алу ережелерімен таныстыру; тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамассыз ету.


Дамытушылық: білім біліктілерін жетілдіру; теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;
Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтау; өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу, ұқыптылыққа, жұмысты тиянақты орындауға баулу.
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, тарих, бейнелеу өнері, биология,

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: ойын сабак
Сабақтың әдістері: түсіндірмелі – суретті (әңгіме, дидактикалық материалмен жұмыс, көрсету), репродуктивті; нұсқаулық; сарамандық, өз бетінше жұмыс.


Көрнекі құралдар мен құрал-жабдықтар: оқулық, өлшем алу ережелері, нұсқаулық карталар

Болжамдаған нәтиже: Оқушыларға денебітімдерді өлшеу туралы білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу.
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин

II. Үй тапсырмасын пысықтау 5 мин

III Жаңа сабақ 15 мин

А) Кіріспе

Ә) Мұғалімнің түсіндірмесі

IV. Жаңа сабақты бекіту 7 мин

Сұрақ -жауап

V. Сарамандық жұмыс 15мин

«Ателье» ойыны

Ағымдағы нұсқаулық

«Ателье» ойының барысындағы қателіктер мен оның себептеріне талдау жасау

VІ. Сабақты қортындылау.

Вен диаграммасымен өлшембірліктердің айырмашылықтарын білу

VIІ. Оқушыларды бағалау 1 мин

VIІ. Үй тапсырмасын беру 1мин

Сабақтың барысы: 

І. ¥йымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесемін;

Оқушыларды түгендеу;

Оқу-құралдарын тексеру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аударту;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Киілетін орнына қарай киім қандай түрлерге бөлінеді?


2. Силуэт дегеніміз не?

3. Силуэттың турлері


4. Стиль дегеніміз не?
5. Стильдің түрлері


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Түнгі көйлектің тарихы.


Түнгі жейде орта ғасыр дәуірінде пайда болады, оған дейін адамдар төсекте жалаңаш немесе күндіз киіп жүрген киіммен ұйықтайтын болған.
Алғашқы түнгі жейделердің көлемі күндіз киетін көйлектің көлеміндей өте үлкен болатын, ал бұл екі көйлекті де тек бай адамдар ғана кие алатын.
Түнгі жейде тек ХІХ ғасырда ғана, ал кейбір елдерде оданда кешірек күнделікті қолданысқа енген.
Тек 1925 жылдан кейін ғана әйелдердің көйлегі қазіргі заманғы түрге енеді.Бұл көйлектер батис пен жібектен тігілетін болған пішіміде адемілене түседі.
Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады.Оған қойылатын басты талап-таза болуы,ылғалды жақсы сіңіруі және ауаны еркін жіберуі керек.Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.


Бұйымға қойылатын негізгі талаптар.
1) гигиеналық-ішкі киім киюге қонымды, жеңіл кең, ыңғайлы және бөліктерде кішкене болсада әшекей болуы қажет.
2)Эксплуатациялық-киімді мерзіміне қарай бір уақытты белгілеу.
3)Эстетикалық-әшекейленуі  және үлгісі жағынан ішкі киім әдемі болуы керек.
3. Өлшем алу.
Пішімнің сызбасын жасау үшін өлщемді дұрыс ала білу керек.
Бұл үшін сантиметрлік лента, қарындаш бел өлшемін  алатын жіп және тоқыма болу керек.
Мүсінінің өлшемі алып жатқан иесі еңкемей, денесін тік ұстап тұруы керек.Өлшем таспаны қатты да тартылмай боста ұсталмай алынады.
Өлшем алаулары.
Мжо-мойынның жартылай орамы.
Кжо.ІІ-кеуденің жартылай орамы.
Бұл өлшем бұйымның енін анықтау үшін қолданылады.
Бжо-белдің жартылай орамы.
Ио-иық орамы.
Өлшем қолтық деңгейіндегі иықтық осіне,иықтан шынтаққа дейінгі бөлігіне перпендикуляр жасалады.Бұл өлшемнің көмегімен жеңнің кеңдігі анықталады.
Арбұ-бұйымның ұзындығы.
Бұ-бұйымның ұзындығы

Өлшеу сызықтары тізе сызыгы





Өлшем алу жолдарын атаңдар?

  1. Кеуде айналымы;
    2) Бел айналымы;
    3) Мойын орамы;
    4) Бөксе айналымы;
    5) Кеуде биіктігі;
    6) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы;
    7) Иық ұзындығы;
    8) Қолдың ұзындығы;
    9) Кеудеден белге дейінгі ұзындық;
    10) Белден тізеге дейінгі ұзындық.


Өлшембірліктердің қысқаша атаулары.

Киімді конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Киім тігу үшін алдын ала өлшемін алу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптеріиен белгілейді. Мысалы, айналым – А,

жартылай айналым – Жа,

ені – Е (кеуде ені – Ке),

биіктік – Б,

ұзындық – Ұ.

Бас әрәптің оң жағындағы әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді.

Мысалы, жартылай бел айналымы – ЖБа,

жартылай мықын айналымы – ЖМа,

иықтың қиғаш биіктігі – ИҚб.
Өлшем алғанда белді белбеумен алдын ала буып алады. Денебітімнің шығыңқы тұстарында (кеуде бездері, мықын айналасы) таспаны көлденең жағдайда ұстайды. Сантиметірлік таспаны қатты тартып ұстауға немесе бос ұстауға болмайды.

Оқушылар адамның денебітімінің конструктивті сызықтарын еске сақтауы керек. Үлестірмелі материал немесе жұмыс дәптерлерін қолдана отырып, оқушылар өз дәптерлеріне түзу көйлек сызбасын жасауға қажетті негізгі конструктивті сызықтар мен өлшемдерді жазады. Оқушылар иық бұйымдарына қойылатын талаптарды ескереді.

Киімге қандай талаптар қойылады?



1) Пайдалану түріне қарай киімнің барлығы белдік және иықтық болып екіге бөлінеді.
2) Бұйымға  бірқатар талаптар қойылады.
Олардың ішіндегі негізгілеріне жататындар:
-эстетикалық
-гигиеналық
-пайдалану

3)Бұйымдар  үш түрге бөлінеді.

пальто                 көйлек                 түнгі көйлек


плащ                     блузкалар            майка
куртка                 белдемше            дамбал
тондар                 камзолдар
Түнгі көйлекке қандай мата таңдаймыз?
Табиғи мата болуы шарт:
-ылғалды жақсы тартады;
-ауа өткізгіш;
-жұмсақ;
-күту оңай


IV. Жаңа сабақты бекіту

1. Өлшем алудың қандай ережелерін білесіңдер?
2. Жеңіл иық бұйымдарына қойылатын талаптарды атаңдар.

3. Киім мөлшері қандай өлшеммен анықталады?

4. Өлшем бірліктерінің түрлері.

5. Түнгі көйлекке қандай өлшемдер алынады?

6. Орамдар қалай алынады, және қалай жазылады?

7. Өлшем кезінде белді неліктен жіппен қынаймыз?

8. Өлшем алу ережелерін айтып беріңдер.

V. Сарамандық жұмыс
Сарамандық жұмысты орындау үшін кіріспе нұсқаулық.
- Тапсырманы орындау (өлшем алу ережесін еске түсіру).
- Өзіндік және зертханалық жұмысты ұйымдастыруға арналған нұсқаулық

«Ателье» ойыны

Оқушы өз өлшемдерін Ателье ойыны бойынша алады. Жұмыс топпен жүргізіеді: пішуші және тапсырыс беруші.

Тапсырма

Өзіне жүп тандау

Алдын ала өлшеуші тұлғаның беліне белбау байлап, өлшембірліктерді алады

Өлшемдерді картаға жазады

Үлгі

Өлшемдердің алу картасы

Бұйымның атауы: Түнгі көйлек

Тапсырыс беруші:____________________________ сынып: 7 «б»

Пішуші:_________________________________сынып: 7 «б»






Өлшемдердің атау




Өлшембірліктер

Пішуші

Мұғалім

1

 Мойын айналымы

 Мо







2

 Кеуде айналымы

 Ка







3

Бел айналымы

Ба







4

Бөксе айналымы

Бө.а.







5

Кеуде биіктігі

Кб







6

Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы

Ап.б.ү







7

Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы

Ар.б.ұ







8

Иық ұзындығы

И.үз







9

Қолдың ұзындығы

Қ.үз







10

Қолдың жоғарғы бөлшегінің айналымы

Қа






Пішушінің бағасы:___________________

Мұғалім қолы:____________________/Иманбекова С.А
О0ушылардың өлшем алу карталарын тексеріп қателіктер мен оның себептеріне талдау жасау.

Оқушылар сантиметрлік таспамен өлшемдерін өлшеп, сызба құрастырады. Иықты бұйымдарға қажетті өлшемдерді түсіру.

1) Кеуде айналымы – Ка. Кеуденің жоғарғы нүктесі арқылы айналдыра өлшеу;


2) Бел айналымы – Ба. Алдын ала белді баумен байлап алып, сантиметрлік таспаны белге тығыздау етіп, айналдыра өлшеу;
3) Бөксе айналымы – БКа. Таспамен бөксенің шығыңқы жерлерін айналдыра өлшеу;
4) Кеуде биіктігі – Кб. Иықтыңжоғарғы нүктесінен кеудеге дейін өлшеу;
5) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы – Ап.б.ү. Иықтың жоғарғы нүктесінен кеудеге дейін өлшеу;
6) Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы – Ар.б.ұ.
7) Иық ұзындығы – И.үз. Иықтың жоғарғы нүктесінен қолмен жалғасқан жеріне дейін өлшеу;
8) Қолдың ұзындығы – Қ.үз. Қолды сәл иіп, оның иықпен жалғасқан жерінен білезікке дейін;
9) Қолдың жоғарғы бөлшегінің айналымы – Қа. Қолдың ең жалпақ бөлшегін айналдыра өлшеу;
10) Мойын айналымы – Ma. Мойынды айналдыра өлшеу;
11) Өлшемдерді түсіріп, дәптеріңе жазып алу.

Ағымдағы нұсқаулық. Сарамандық жұмысты оқушылар топ – топқа бөлініп орындайды. Қыздар бір-бірінің өлшемін алып үйренеді. Кестені дәптерлеріне жазып толтырады.
- жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру;
- сарамандық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру;
- техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;
- үлгерімі жақсы оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.

Оқушылардың назарын өлшемді дұрыс алу мен сызба негізін жасауға ғана емес, сонымен бірге дайын пішімдерді дұрыс таңдау, өз өлшемдеріне қарай оларды тексеруге және өңдеудің маңызды екендігіне аударады.

VI. Сабақты қортындылау. Вен диаграммасымен өлшембірліктердің айырмашылықтарын білу


VII. Оқушыларды бағалау.

VII. Үй тапсырмасын беру: Түнгі көйлектің эскизін салу
Жұмыс орнын ретке келтіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет