2007 жылдан бастап, яғни 6-шы оқу жылы бойы ұстаздық етумен айналысуда.
Кәсіптік білім, іскерлік пен дағдысы
Үздіксіз жүйелі өзіндік ізденумен педагогикалық іскерлігін көтеріп отырады, алған білімін атқарған қызметінде қолданғанда үнемі толықтырып, жеке педагогикалық тәжірибесін унемі жетілдіру үстінде.
Марапаттары
Меркі аудандық «Жас маман-2008» байқауында ІІ орын;
Меркі аудандық «Қазақ тілінің үздік мұғалімі-2009» байқауында бас жүлде;
Жамбыл облыстық мұғалімдерінің «Қазақ тілінің үздік мұғалімі-2010» байқауында ІІ орын.
сертификаттары
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 2008ж.
Мұғалімнің шығармашылық жұмысын ұйымдастыру, 2009ж.
Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. Қазақ этнопедагогикасы – ұлттық тәрбие берудің негізі. Қазақ ұлттық мектебін құрудың теориялық негіздері.
қызығатын және ӘУЕСҚОЙЛЫҚ істері
Адамдармен демократиялық стильде жақсы қарым-қатынас ұстайды, көпшілікпен жұмыс істегенде ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тапсырған іске жауапкершілікпен қарайды және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
Әдеби, саяси және ғылыми журналдарды қызыға оқып, өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізеді және педагогикалық жүйедегі барлық кітаптар мен жаңа оқыту технологиялық материалдарды оқып, өзіндік білімін жетілдіріп отырады.