Студенттің іс-тәжірибе бойынша есебі



Дата08.02.2022
өлшемі28,31 Kb.
#120347
Байланысты:
Жеке жумыс (копия)
Семинар Та ырыбы Эстетика п ні- философиялы білім саласы реті

ЮФ. 7. 05-07


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Заманауи педагогика және психология кафедрасы
Студенттің іс-тәжірибе бойынша 
есебі
(іс-тәжірибенің атауы)
Педагогикалық іс тәжірибе 6В01730 бб бойынша
Жеке тапсырма тақырыбы Пән мұғалімінің педагогикалық дағдылары



Есепті қорғау бағасы
____________
(бағасы, күні)

Орындаған студент
Ержан Меруерт
(Т.А.Ж, тобы)
Университеттегі іс-тәжірибежетекшісі 
Усенова Ақкенже (Т.А.Ж., қолы)
Норма бақылаушы 
Сулейменова А
(Т.А.Ж., қолы)
Кәсіпорындағы іс-тәжірибе
Жетекшісі Бимурзаева Айнур______________________



Білім беру жүйесі, әсіресе,оның оқыту әдіс – тәсілдері үздіксіз жаңару кезеңдерін бастан көшіруде. Бұл табиғи өмір талабы қоғамымыздың тұрапты өзгеріп, нарық соқпағына түскен сайын ерекше сипат алады. Мектептердің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне жол ашылды. Мектеп өмірінің күнделікті іс-тәжрибесі дәуір талабына сай жас ұрпаққа білім беру, оларды ғылым саласына қызықтыру, өмір сүруге деген талпыныс әрекетін ұйымдастыру. Мектептегі біліммен тәрбие беру басты тұлға ұстазға жүктелген. Демек,
мұғалім алдына қойылған міндет өте ауқымды, білім жүйесін іштей қайта құру: құрылымдық, құндылық, қызметтік. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім ЖАҢА ФОРМАЦИЯ мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Ол рухани дамыған, әлеуметтік есейген, білікті маман, өзін - өзі жетілдіруге ұмытылатын шығармашыл тұлға және шығармашыл тұлғаны
қалыптастыру, тәрбиелеуге жауапты.
Қоғам талабына сай деңгейден көріне білу кез келген мұғалімнің ісінен танылады деу қиын. Ұстаз тәрбие сатыларынан, шыңдалу белестерінен өтіп, тәжірибе жинақтап барып нәтижелі істерге қол жеткізеді. Мектептің бүгінгі таңдағы бағыты - оқушылардың қабілетін дамыта оқыту. Оқытудың әр - түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практакасына енгізілуде.
Инновациялық үрдісті өмірге енгізудің мәні оқу материалын оқушыға дайын күйінде жеткізу емес, шәкіртпен бірлесе оны шешудің түрлі жолдарын тәсілдерін іздестіру. Осы орайда мұғалім өз пәнінен Деңгейлеп - саралап
оқыту Ж.Қараев, В.Ф.Шаталовтың Тірек сигналдары арқылы оқыту, Проблемалық оқыту, Блум таксономиясы, Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Ойын арқылы оқыту технологиясы, Семантикалық карта, Оқытудың компьютерлік-программалық технологиясы т.б технология-ларды, сабақта пайдаланып, оқушының қалыптан тыс ойлануына, дайын білімді пайдалана салмай жаңа шешім іздеп, жаңалық ашуға, жаңа жол табуына жетелейді. Осы технологиямен жұмыс істеген оқушыда материалды талдай, топтай, қорытындылап түйіндей алу қалыптасады, яғни оқушылар сөздік энцнклопедия, анықтамалық, алғы сөздіктермен жұмыс жасау, компюьтермен, конспект, реферат, аннотация құра білуге дағдыланады. Оқушының білім, білік, дағдылары: өз ойын әдеби тілмен жеткізу, аудитория алдына шығып сөйлеу, тезис құрай алу, сұрақ қою арқылы накты дәлелдемелермен тыңдаушының көзін жеткізе білу қалыптасады. Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты: жан-жақты білімді, өзіндік ой- талғамы бар жеке талғамы қалыптастыру. Білім беру жане оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде менің басшылыққа алып отырғаным Ж.А.Қараевтың шығармашыл тұлғаны қалыптасытыруға бағытталған деңгейлеп оқыту әдісі және білімді бағалаудағы рейтинг әдісі. Бұл технологияны қолдана білу оқушылардың табиғи қабілетімен дарындылығын ашуға көп мүмкіндік береді.
Оқушылар ғылыми қоғамдары дарынды жастардың ғылымға деген қызығушылығын дамытып, ғылыми зерттеулер жүргізу машығын қалыптастырады. Ғалымдарымыз зерттеулердің басым бағыттары бойынша оқушылардың ғылыми тақырып таңдауына көмектесіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға септігін тигізуде. Мемлекет басшылары болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көгертер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда.
Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушының ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлігін көрсету, оны дамыту, жарыққа шығару.
Мұғалімнің шығармашылық іс - қабілетінің қайнар көзінің бірі – мектеп оқушыларының ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырып, басшылық жасау.
Идея - мектепішілік, аймақтың, жалпылама болуы керек. Шығармашылықпен жұмыс істейтіндермен сауалнамалар, тақырып таңдау туралы мыналарды анықтауға мүмкіндік береді.
• Жаңалық атаулының барлығын енгізу, дамытуға талпыну
• Жаналықтың тек өзіне ғана ұнағанын енгізу, дамыту
• Жоғары жақтан келген тапсырманы, бұйрықты орындау мақсатында
жаңалықты енгізу.
• Жұмыстың бағыты, тақырыбы таңдалған соң:
• Жеке тәжірибесін дамыту.
• Біреудің тәжірибесін жалғастыру
Ғылыми таңдауларды толықтыра меңгеру жүзеге асырылуы керек. Мақсатты жасалынған тәжірибе ғана шығармашылық ізденіс болып табылады.
Тәжіребе жасау алдында мыналарды айқындап алу қажет:
Жұмыс жүргізілетін ортаны, пәндік, міндеттік, әдістерін, базасын, сатыларын, бағалау бағамын, бағам нәтижесін сұрыптауды. Тәжірибе барысында жұмыс күнделігін жүйелі түрде жүргізіп отырған дұрыс. Жұмыстың болжамы – шығармашылық жұмысындағы болашақ жаңалықты жүзеге асыратын модульден, жаңаша әдіспен, тәсілдер жүйесінен тұжырымдалған жинақы сөз. Болжам кейде бірнеше болуы мүмкін. Болжамсыз ешбір тәжірибе
жасалмайды, жаңалық ашылмайды. Жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық және эмприкалық болады. Шығармашылық жұмыстың ең маңызды бөлігі тәжірибе нәтижелерін сұрыптау. Мұқят жүргізілген жұмыстың нәтижелері сұрыпқа салынады. Нәтиже шындыққа сәйкес пе, әлде жасандылық бар ма? Олардың ескертпе, ұсыныстары, түзетулері көп пайда бере алады. Әрбір ұстаз шығармашылықпен жұмыс істегенде ғана, оқушы болашығына кең жол ашылады.
Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру өз бетінше ізденіске, шығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу мұғалімнің басты мақсаты. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әр сабақты түрлендіріп өткізуге көңіл бөлу қажет. Оқушыларды шығармашылық тұлға ретінде тәрбиелеуде шығармашылық ізденіс сабақтарының ықпалы зор. Сабақ барысында оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен хабарламаларын тыңдап, проблемалық сұрақтар, тапсырмалар, зерттеу жұмыстарын беру тиімді болады.
Үздіксіз оқу, өмір бойы оқу бүгінде өмір заңына айналды. Оқу дегеніміз — білімді іздеу. Баланы оқуға қызықтару үшін көп іздену керек. Біз сабақта нені білгіміз келеді, оны қалай іздейміз. Алдымызда қандай мәселені шешу міндеті тұр? Міне, ақиқат ілім жолы, ақыл мен жүрек жұмысы осы. Егер бала сұрақ бермесе, толғанбаса жауап беруге ұмтылмаса, онда ізденіс те, білім алуға құштарлық та болмайды.
Білімді дайын күйде берегін дәстүрлі сабақтар - баладан ыждахатпен тыңдап, мүлтіксіз берген тапсырманы орындауды ғана талап етеді. Мұндай сабақтарда оқушы ізденісі жоқ.
Ал, информация жетпесе, оқушы қобалжиды, толқиды, бар ойын жұмылдырады, белгісізді табу қажеттігі туады - бұл ойлауға үйрететін сабақтар. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары. Ойлауға үйрету - мұғалімнің ең қиын міндеті. Ал, ойлауға үйрену оқушының ең қиын міндеті. Дамыта оқыту - баланы өзін-өзі бағалауға, өзіне-өзі бақылау жасауға, өз бетінше дамуға, яғни өзін-өзі тәрбиелеуге үйретеді. Дамыта оқыту үшін, оның басты қаруы – дамыта оқытатын төл оқулықтар мен электрондық оқулықтар болуы
керек, қазіргі оқулықтардың көпшілігі талапқа сай емес, әдістемелік құралдар жетіспейді. Бала психологиясын дамытуға арналған оқулықтар, әдеби
кітаптар, қазақ тіліндегі ертегілер жоқтың қасы. Осының барлығы қазақ мектептерінің, ауыл мектептерінің жұмысының дамуына кері әсерін тигізеді. Инновациялық үрдістерді өмірімізге енгізе отырып мектеп қабырғасынан - ақ, ертеңгі күрделі өмірге дайын, бейім болып шығатындай шығармашыл тұлға тәрбиелеуге болады деген тоқтамға келе аламыз.
Қорыта келгенде, қабілетті, дарынды таба біліп әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата-ана – мектеп -оқушы - ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеу қажет. Ең бастысы, табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!

Мұғалімнің шығармашылық қызметі - білім берудегі нәтиженің негізі Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуетіне, құқықтық және саяси мәдениетіне байланысты. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр, Осыған орай, мемлекетіміздегі білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы басты мәселе де "өмірлік білімнен — баршаға өмір бойы игерілетін білім ұстанымына" өту болып отыр. Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындары білімді мұғалім ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі
ұйымдастырушы мұғалім даярлау керек екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы оқытушы-тәрбиеші мұғалім даярлау – күрделі үрдіс. Бүгінгі білім беру саласындағы көкейкесті мәселенің бірі - біліктілікті арттыру. Яғни, біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа дидактикасын жасау. Білік - игерілген білімдер мен өмірлік тәжірибе негізінде орындалуы
тез, дәл саналы теориялық және тәжірибелік әрекеттерге даярлығы. Жүйенің мазмұны мен мақсатын, әдіс-формаларын, ұстанымдарын, білім алушылар мен оны ұйымдастырушылар арасындағы қарым-қатынасты өзгерту жаңа нәтижелерге әкеледі. Бұл мәселені шешудің жолдарының бірі – осы дидактикалық жүйедегі негізгі бөлік оқытуда жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінеміз. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет.Сонымен мұғалімнің кәсібилігі іс жүзінде жас ұрпақты өмірге әлеуметтік қажеттілік деңгейінде дайындап шығаруды қамтамасыз ететін оның психологиялық, педагогикалық және ғылыми-пәндік білімдері мен оларға сәйкес мәдени адамгершілік бейнесінің жоғары сатысы болып табылады. Педагогикалық әрекеттің шынына апаратын келесі баспалдақ - кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігінебайланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсібидеңгейге көтерілуінің мына төмендегідей психологиялық критерийлерін
анықтаған. Объективті критерийлер: мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес, әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әр түрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері жататындығын атап өтеді.
Субъектиеті критерийлері: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығуларына сәйкес. Мұғалім еңбегіндегі субъективті критерийлерге, сондай-ақ, кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің
маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе. Бұған қатысты қазіргі уақытта әр түрлі түсінік бар екені белгілі. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, біреулері олардың қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды.
Қазіргі жеделдету, демокрияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру. "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. "( Ы.Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының кобеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзиндик бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді кутуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс. 
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын. 
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді. 
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз. 
Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан – жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді. 
Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан – жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па? 
Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. 
Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы. 
Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі. 
Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. 
Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы. 
Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. 
Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі. 
Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан – қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек. 
Шебер педагог көзі қарақты құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам. 
Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым – ңқатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет