Дөңгелек үстел тақырыбы: Адамның жан сұлулығы



Дата02.03.2020
өлшемі14,6 Kb.
#59328
Байланысты:
Дөңгелек үстел тақырыбы

Дөңгелек үстел тақырыбы:Адамның жан сұлулығы.
Мақсаты:Оқушыларға өзін-өзі тану пәні туралы түсінк беру,тән сұлулығы мен жан сұлулығы арасындағы үйлесімділік пен ерекшелік жөнінде әңгімелесу,эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,видео ролик,кеспе қағазы.

Барысы:Ұйымдастыру бөлімі.
1.Бейнеролик
2. Кіріспе
Саламатсыздар ма қадірлі қонақтар,құрметті оқушылар.Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбы «Адамның жан сұлулығы» деп аталады.Ұлы ғалым Чехов: «Адамның ойындағысының бәрі де:жүзі де,киген кимі де,жаны да,ойлары да әсем болу керек»десе,қазақ халқының даналары «Қонымды,сәнді киім бойға көрік», «Сәнмен емес,санамен озған мерей», «Әдебі жақсы адам сүйкімді», «Қыздар сұлу болмайды көркіменен,мінезіне көз жетпей көңіл бөлме», «Озар елдің қызы мінезді,ұлы өнерлі келеді»деген.
Тән сұлулығы адамның дене бітімінің сымбаттылығы,сырт пішінінің,бет әлпетінің әдемілігі.
Жан сұлулығы жан жақты сұлулық.Әсіресе,ол адамның ішкі дүниесінің,мінез құлығының сыпайылығы,нәзіктігі.
Ал оқушылар,сендер тән сұлулығы дегенді қалай түсінесіндер?
(Оқушының жауабы)
Жан сұлулығы дегенді қалай түсінеміз?
( Оқушының жауабы)
Балалар,тән сұлулығы мен жан сұлулығы арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
(Оқушының жауабы)
Мұғалім сөзі:
Қазақ халқының ұлттық салт дәстүрінде өздерің айтып отырған жан сұлулығы деген—имандылық,инабаттылық,ізеттілік,әдептілік,биязылық,мейірімділік.

Міне,осы қасиеттердің барлығы адам бойынан табылса,жан сұлулығы деген осы.

Сұрақ:Тән сұлулығы мен жан сұлулығы арасында қандай байланыс бар ойлайсыз,осылардың арасындағы үйлесімділік деген не?
Жауап тыңдалады.

3. Сұрақ жауап


1—топ.
1.Сұлулық сөзінің мағынасын ашыңыз?
2.Адам сұлу көріну үшін не істеуі керек?
2—топ
1.Адам бойында қандай кемшіліктер болады?
2.Одан қалай арылуға болады?
3—топ
1.Менің бойымдағы жақсы қасиеттер(атаңыз)
2.Менің ішкі жан дүнием қандай?
4. Жұмбақ ойыны
Шарты:Әр топқа бірнеше сөздер беріледі,әр топ өздеріне берілген сөздерді келесі топтарға мағынасын түсіндіріп,қандай сөз екенін табу керек.Берілген сөздер:
1—топ 2—топ 3—топ
Әшекей Сабыр Ай

Шаш Айна Ар

Өнер Қарт Қамқор

Дос Мінез Аққу

Көз Көзәйнек Ән

Мұра Қас Ақыл ой

Сұлу Адал Тазалық

Гүл Киім Су

5.Хатпен жұмыс
Хаттың мәтіні:
Сәлем,қадірлі достар!
Партада менімен бірге досым отырады.Өзі ақкөңіл,досқа адал,мейірімді.Бірақ маған оның бойындағы ұнамайтын бір қасиет,ол тазалыққа көп мән бере бермейді.Сабаққа қалай болса солай киініп келеді,кейде кір көйлекпен келетін күндері де болады. «Тазалықтан тән де,жан да жасарады»демекші,досыма сұлулықтың,әдеміліктің бір көзі тазалықта екенін қалай ұғындыруыма болады.Ақыл-кеңес берулеріңізді сұраймын.
Оқушылардың пікірлері тыңдалып,хатқа жауап беріледі.

6.Тренинг«Мен»

Оқушыларға ақ парақ беріледі сол парақтан өздерін салу сипатталады. Кейін өзін жасаған дүниесі бойынша сипаттап айтады. Яғни әр сөйлемді Мен деп бастап өздерін жақсы қасиеттерін жарнамалайды.

7.Қорытынды(Пайдалы кеңес)


Ернің әдемі болсын десеңіз,жылы сөздер айтыңыз.
Көздерің әдемі болсын десеңіз,адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.
Сыртқы пішінің сымбатты болсын десеңіз,талғамыңызды бөлісе біліңіз.
Өз өзіңе сенімді болу үшін әр кез өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліп жүріңіз.
Адамдар заттарға қарағанда көбірек өзінің қайта қалпына келуін,оны кешіруіне мадақтауын қалайды.Естеріңде болсын,егер бір күні сізге көмек керек болса сіз оны бір біріңіздің қолдарыңыздан табасыз.Есейе келе сіз бір қолыңыз өзіңізге жәрдем үшін,ал екінші қолыңыз өзгелерге көмектесу үшін екенін білесіз.

Дөңгелек үстел



«Адамның жан сұлулығы»

Құрастырушы: Көктау орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сағынай Б.Ш.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет